Бүгінгі Тағдыр тәлкегіндегі жан ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер
Тәрбие сағаты
Тақырыбы
Тағдыр тәлкегіндегі жан
Мақсаты
Оқушыларды адамгершілікке баулу, жақсылық жасай білуге және ізгілікке тәрбиелеу. Өмір жолында өз мақсатына жетуге ұмтылдыру, қандай қиындық болса да төтеп беріп, мойымауға үйрету.
Сабақтың әдісі
Пікір алмасу.
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Бейнематериал
- Мақал-мәтелдер
- «Жұмбақ адам»
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың барысы
1-жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тағдыр тәлкегіндегі жан» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Біздің негізгі әңгімеміз — адам өмірі тағдыр соқпағында талай бұралаң жолдармен өтетіні туралы.
2-жүргізуші
«Жазмыштан озмыш жоқ» демекші, біз көбіне тағдырды қайғы-қасіретке ұшырағанда еске аламыз, күңіренеміз. Кейде «Тағдырым осылай ма?» деп налимыз. Бірақ адам өмірі әрдайым ойлағандай бола бермейді. Осындайда қанағат, имандылық және бардың қадірін білу сияқты қасиеттердің мәні арта түседі.
Поэтикалық үзінді
Әй, тағдыр, маған деген сыйың қайсы?
Ұстатпайтын түлкідей бұраңдайсың.
Енді ғана жетпек боп қолды созсам,
Сырт айналып кетесің, сағымдай тым.
Бір сырымды айтайын, құлақ салшы,
«Жүгіргенге береді» деген бар, әдет.
Ала күннен мойнымда ала дорбам,
Сонда да сағымдай ұстатпайсың, әй, тағдыр!
Жауап жоқ, қаншама рет сұрау салдым,
Мүмкін берген сыбағаң — мұң мен қайғың.
Ар жолында бақытты сезінбеген,
Тағдырымен алысып жүрген сормаңдаймын.
Ой тастау
Өмір — мәңгі гүлдеп жататын құштарлықтың көктемі. Ешкім оған нүкте қоя алмайды, өйткені өмір — сөйлем емес.
Талқылауға ұсыныс
Осы ойға сүйене отырып, келесі сұрақтарға бірге жауап берейік.