Әже деген көп шығар, Әжемдей менің жоқ шығар

Ю дыбысы және әрпі (слайд)

Мақсаты

Балаларды Ю және ю дыбысы мен әрпімен таныстыру; Ю дыбысы бар сөздер мен сөйлемдер құрастыруға ынталандыру; сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Жазылым

Ю дыбысының баспа түрін дұрыс жазуға үйрету.

Оқылым

Ю дыбысы кездесетін сөздер мен буындарды оқуға жаттықтыру.

Психологиялық сәт

Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек?
Көңілді болып жүрейік!

Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар?
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі!

Өткен сабақты қайталау

  • Я — дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгіленеді.
  • Әндетіліп айтылады.
  • Сөздің ортасында және соңында кездеседі.

Жұмбақ

Тәтті көрсе бас салар,
Айнымайды баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.

Жауабы: аю.