Біз қазақтың баласы, Сәлем сөздің анасы

Сабақтың мақсаты

  • Балалардың жыл бойы алған білімдерін пысықтап, қорытындылау.
  • Байланыстырып сөйлеу дағдыларын бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
  • Дыбыстарды және сөздерді анық, дұрыс айтуға дағдыландыру.
  • Тапсырмаларды түсініп, өз бетінше орындай білуге тәрбиелеу.
  • Ойын арқылы оқу мотивациясын арттыру, ынтымақтастыққа үйрету.

Сабақ барысы

Бұл сабақта балалар Дымбілмеске мектепке дайындалуға көмектеседі: ертегілерді таниды, жаңылтпаш айтып, сөздік ойындар ойнайды, қимылды сергіту жаттығуларын орындайды және пішіндерден бейне құрастырады.

Шаттық шеңбері

Біз қазақтың баласы,
Сәлем — сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.

Дымбілместің келуі

Дымбілмес: Менің мектепке барғым келеді, бірақ мектепке әлі дайын емеспін. Балалар, маған көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші: Балалар, Дымбілмеске көмектесеміз бе?

Балалар: Иә, көмектесеміз!

Тәрбиеші сиқырлы кітапшаны алып, онда берілген тапсырмаларды Дымбілмеспен бірге орындауды ұсынады.

Тапсырма: «Бұл қай ертегі?»

Экраннан ертегілерден үзінді суреттер көрсетіледі. Балалар қай ертегі екенін табады және атайды.

  • «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
  • «Түлкі мен тырна»
  • «Жеті лақ»
  • «Мақта қыз бен мысық»
  • «Үйшік»

Тапсырма: Жаңылтпаштар

Тәрбиеші Дымбілместен жаңылтпаш сұрайды. Дымбілмес қысылып, жауап таба алмай қалады. Сол кезде балалар өздері білетін жаңылтпаштарын айтады.

Нұсқа 1

Айша қанша арша алса,
Ғайша сонша арша алды.
Аршаламаған аралар,
Алас ұрып жалады.

Нұсқа 2

Топ-топырымен топтасқан тоқылдақ,
Тоқтамай томарда,
Тоқтамай тоқылдат.

Нұсқа 3

Уықтардың барлығын,
Уық қапқа сал, күнім.
Уыз қапқа салған соң,
Уыздан жеп ал, күнім.

Тапсырма: «Ретімен орналастыр»

І. Жансүгіровтың «Малта» әңгімесі бойынша суреттер ретімен тақтаға орналастырылады. Балалар суреттерге сүйеніп, әңгімені рет-ретімен айтып береді.

Тапсырма: «Заттар қандай әріптерге ұқсайды?»

Слайд арқылы әртүрлі заттардың суреттері көрсетіледі. Балалар олардың қандай әріптерге ұқсайтынын айтады.

Саусақ жаттығуы: «Күн мен гүл»

Көтерілсе күнім,
Ашылады гүлім.
Кешкісін күн батады,
Гүл ұйқыға жатады.

Тапсырма: «Төртіншісі артық»

Балалар берілген төрт сурет немесе төрт сөздің ішінен артық нұсқаны тауып, таңдауының себебін түсіндіреді.

Сөздік ойындар

1) «Соңғы дыбыстан сөз тап»

Тәрбиеші бір сөз айтады, ал балалар сол сөздің соңғы дыбысына сәйкес келетін жаңа сөз ойлап айтады.

2) «Мен бастаймын, сендер аяқтаңдар»

Балалар буынға буын қосып сөз құрайды. Мысалы: АЛ — МА, ӨР — ІК, ҚАР — БЫЗ.

Сергіту сәті

Қане, балалар, орнымыздан тұрып күлімсірейік.
Жоғары-жоғары көтеріліп,
Иықтарды тік ұстап,
Бір көтеріліп, бір түсір.
Оңға бұрыл, солға бұрыл,
Қолды тізеге түсір.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс

Балалар тапсырмаға қарап, есеп шығарады: берілген нысандарды санайды, салыстырады және дұрыс жауабын табады.

Тапсырма: «Пішіндерден бейне құрастыр»

Балалар әртүрлі геометриялық пішіндерді пайдаланып, түрлі бейнелер мен заттарды құрастырады.