Мәнерлеп оқу

Мақсаты

Қазақ қыздарына тән адамгершілік пен эстетикалық рухта тәрбие бере отырып, инабаттылыққа және парасаттылыққа баулу. Мейірімділік пен қайырымдылықты, биязылықты бойларына сіңіріп, білімдарлыққа жетелеу. Халқымыздың салт-дәстүрін, өнегелі нақыл сөздерін асыл қазына ретінде қадірлеп, санасына орнықтыру.

Жоспары

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Сұрақ-жауап
  3. 3 Өз өнері (ән, би)
  4. 4 Шаш өру үлгісін көрсету және таныстыру
  5. 5 Мәнерлеп оқу
  6. 6 Ою ойып, оны таза параққа жапсыру
  7. 7 Қорытындылау және марапаттау

Жүргізуші сөзі

Кіріспе

Құрметті жиналған қауым!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той.

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді ғой,

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп.

Құттықтау

Сәлеметсіз бе, өнер сүйер асыл халқым!

Мереке құтты болсын, ауылдасым.

Тағы да келіп жетті сайысымыз —

Жырлайтын қазағымның дәстүр-салтын.

Іске сәт дей келе, байқауға қатысатын аруларымызды ортаға шақырамыз.

Әділқазылар

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр — шешуі қиын,

Қазылар алқасы болмаса сынға алар.

Әділқазы мүшелерімен таныстырып өтейік:

  1. 1 ________________________
  2. 2 ________________________
  3. 3 ________________________

Қатысушыларды қарсы алу

Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып-тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Қошеметпен аруларды қарсы алайық!

Сайыс кезеңдері

1) Таныстыру

Қыз сыны — қыз әдебі, тал бойы жарасқан күлкі әдебі.

Сайысқа келген қыздарымыз кезектесіп өздерін таныстырып өтсе дейміз.

Өзін-өзі таныстыруға кезек берейік.

2) Сұрақ-жауап

Туған соң адам боп, білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең, жұрт айтады надан дер.

Ата-бабаң ардақты, жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді, ата жолын жалғапты.

Әр аруға 2 сұрақтан беріледі.

3) Шаш өру үлгісін таныстыру

Қыз емес қыздың аты — қызыл алтын,

Көрінер туған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халықтың сақтай білген ізгі салтын.

Келесі бөлім — өздері өрген сәнді шаш үлгілерін көрсету және таныстыру.

4) Өз өнері (ән, би)

Кедеймін деп қысылма, өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы жарқырап жатыр жолында.

Сайыста ән салайық, би билейік,

Өнерімен өрге басып, кідірмейік.

Өз өнеріне кезек береміз.

5) Қолөнер: ою және түйме тағу

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан —

Өнерлі шеберлер бар, даңқы асқан.

«Шеше көрген тон пішер» деген рас,

Қыздарымыз шебер қолға араласқан.

Келесі бөлім — түйме тағу.

Ою ойып, оны таза параққа жапсыру тапсырмасы орындалады.

6) Мәнерлеп оқу

Ақын болып әділдікті жақтап өтемін,

Ананың ақ үмітін ақтап өтемін.

Әдеп пен инабатты сақтап өскен

Қазақтың аруларын мақтан етемін.

Ақын мен әнші деген ел еркесі,

Қазақтың тарқамасын берекесі.

7) Қорытындылау және марапаттау

Бақытың бастан кетпесін,

Жамандық қуып жетпесін.

Әсем күлкі жүзіңнен

Өмір бойы кетпесін.

Сау болыңдар, көргенше,

Қайта айналып келгенше.

Марапаттау рәсімі мен алғыс айту бөлімі осы кезеңде өткізіледі.