Әңгіменің басталуы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Тақырып
- Тахауи Ахтанов — “Күй аңызы” әңгімесі
- Сынып
- 5-сынып
- Сабақтың түрі
- Бекіту сабағы
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың мәтін мазмұнын толық меңгергенін тексеру, кейіпкерлер мен олардың іс-әрекеттерін талдату; қазақ елінің өткен тарихына, тұрмыс-тіршілігіне назар аударту; әңгімені қорытындылап, білімді жинақтап бекіту.
- Өнердің құдіретін таныту.
- Әңгіменің көркем тілін таныту; ойды жазбаша және ауызша түрде жүйелі жеткізу қабілетін дамыту.
Әдіс-тәсілдер мен ресурстар
Әдістер
- Ой қозғау
- Сұрақ-жауап
- Талдау
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Т. Ахтановтың портреті, шығармасы
- Күйшілердің портреттері
- “Нар идірген” кітабы
Пәнаралық байланыс
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- 1 Сынып оқушыларымен сәлемдесу, түгендеу.
- 2 Оқу құралдарын тексеру.
- 3 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау
“Зымыран” (бәйге сұрақтары)
-
Жазда келе жатқан екі жолаушы кімдер?
-
«Түбі жақсы күйші сен боларсың. Бірақ күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе», — деп кім айтты және не себепті?
-
Ердің атындағы ұзын қызыл қоржыннан не шығып тұр?
-
Екеуі әңгімеден кейін көңілдері жүдеп, үнсіз келе жатқанда, суалып қалған жырадан нені кездестірді?
-
Домбыраның құлағын бұрап, машықты әуенмен Естемес нені бастады?
-
Күйді бастауға қандай оқиға әсер етті?
-
Нардың соңынан ерген екі аттылы қайда келді?
-
Қараша үйде жолаушылар кімді кездестірді?
-
Шал Естемеске қандай қолқа салды?
-
Иіп тұрған нарды Жаңыл неге саумайды?
-
Оразымбет күйді жалғастырғанда, нардың сүті шелекке сауылдап құйыла берді. Осылай дүниеге келген жаңа күйдің атауы қандай?
Әңгіменің құрылысын талдау
Әңгіменің басталуы
Екі жолаушының әңгімесі.
Оқиғаның дамуы
Жолаушылардың жырадан жалғыз нарды кездестіруі.
Оқиғаның байланысуы
Аяқталмаған күй.
Оқиғаның шиеленісуі
Қайнардағы қараша үй және шалдың қолқа салуы.
Оқиғаның шарықтау шегі
Естеместің күй тартуы.
Оқиғаның шешімі
Күйдің күшімен нарды идіртуі.
Қорытынды ой
Күй — күшті: тау-тасқа өрнек сызатындай, тас кереңді талқандап үн оятатындай, дүниенің дүкенін қыздыратындай.
Күй — істі де, еңбекті де сүйдіретін; тас емшектің тамырын идіретін. Ол — жарлының тілегі мен жүрек күйі; өмірді білдіретін, өмірге күлкі дарытатын құдірет.