Сөз таптарының ережесін білу
Сабақтың тақырыбы
Сөз таптары
Білу керек
Сөз таптарының ережелерін меңгеру.
Істей білу керек
Сұрақ қою арқылы сөйлемді сөз таптарына талдай алу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Жасырынған сөзді табу: (8–1, 4–2, 30–4, 9–1, 6–1, 60–3, 4–4, 60–1, 4–3, 40–2). Жасырынған сөз — «Сөз таптары».
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты интерактивті тақтада көрсетіледі.
Жұмбақ шешу
Жыл мезгілі шуақты,
Жердің беті нұрланған.
Сайды қуып су ақты,
Гүлдер өсті ырғалған.
Шешуі: көктем
Көктемнің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
- Күн жылынады.
- Қар ериді.
- Күн ұзарады, түн қысқарады.
- Құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Интерактивті тақтада көктем туралы суреттер көрсетіледі.
Өзіндік жұмыс (2 нұсқа)
Сөйлемдерді теріп жазып, берілген шартқа сай таңдаңдар:
1-нұсқа
Бастауышы зат есім болатын сөйлемді жазыңдар.
2-нұсқа
Бастауышы есімдік болатын сөйлемді жазыңдар.
Сөйлемдер
- Құстар жылы жақтан ұшып келді.
- Олар құстарға ұя жасады.
- Оқушылар көктемді көңілді қарсы алды.
- Біз құстарға ұя жасадық.
Құзыреттілікті арттыру: ағаштағы өзгерістер
Жапырақтар неге сарғаяды?
Жапырақтар қоректену көзінен айырылады да, қурай бастайды. Оларға жасыл түс беріп тұратын хлорофилл жойылып, жапырақтар жерге түскенге дейін қызыл, сары, қоңыр түстерге енеді.
Мәтін интерактивті тақтада көрсетіледі.
Ағаш жапырақтарының түсуінің себебі неде?
Күзде жапырақтардың түсуі ағаштардың қорек өндірмейтін қыс мезгіліне арнап суды сақтап қалуына көмектеседі. Ағаш бұтақтарының ішіндегі азықтық түтіктер жабылады. Онда сақталған қорек қоры көктемде бүршік жаруға жеткілікті болады.
Мәтін интерактивті тақтада көрсетіледі.
Білімді тексеру: тест жұмысы
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, дұрыс жауапты таңдаңдар.
1) ____ жылы жақтан ұшып келді.
- a) торғай
- ә) қарға
2) Сөйлемдердің арасынан сын есімі бар сөйлемді табыңдар:
- a) Көктемде қар аралас жаңбыр жауады.
- ә) Көктем келді.
- б) Біз жеңіл киіндік.
3) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен тұратын сөйлемді тап:
- a) Қар еріді.
- ә) Құстар әні – көктем сәні.
- б) Дала көңілді болды.
4) Туынды сын есімді тап:
- a) мықты
- ә) айнадай
- б) әдемі
5) Күрделі етістігі бар сөйлемді тап:
- a) Бала құсты күтіп жүр.
- ә) Алғашқы гүлдер шықты.
Сергіту кезеңі
Қол мен көзге арналған жаттығулар орындалады.
Нұсқаулық интерактивті тақтада көрсетіледі.
Көктемгі еңбек
Көктемде атқарылатын жұмыстар:
- Жер жырту
- Егін егу
- Аула жинау
- Гүлзарларға гүл егу
- Көшеттер отырғызу
Материал интерактивті тақтада көрсетіледі.
Грамматикалық тапсырма
Зат есімді жекеше және көпше түрде тәуелдеңдер:
- I-нұсқа: «көшет» сөзі
- II-нұсқа: «гүл» сөзі
Қоғамдық байланыс
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың халқына жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, жерді жаңарту, ауыл шаруашылық техникаларын жаңғырту мәселелері атап өтіледі.
Қорытынды
Ғажап еді неткен,
Нұрын төккен көктем!
Көктем қандай?
Сын есімдермен сипаттаңдар:
Көктем не істейді?
Етістіктермен толықтырыңдар: