Сынып тазалығын тексеру
Сабақтың тақырыбы
Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушыларды «Жыл мезгілдері» өлеңімен таныстыру.
- Жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейтіп, әр мезгілдің маусымдық өзгерістерін еркін әңгімелей білуге үйрету.
- Тақырып бойынша білімдерін жүйелеу, пысықтау және тиянақтау.
- Пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық
- Есте сақтау және көру қабілеттерін дамыту.
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру.
- Өз ойын еркін жеткізіп, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
Тәрбиелік
- Жыл мезгілдері туралы әңгімелеу арқылы оқушылардың қоршаған ортаға сүйіспеншілігін ояту.
- Әр жыл мезгілінің ерекшелігін танып-білуге және ұғынуға баулу.
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, сөйлесу, іздендіру, дәлелдеу.
Көрнекілігі
Суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Сынып тазалығын тексеру (кезекшіні тексеріп, сыныптың тазалығына көңіл бөлу).
- Оқушыларды түгендеу: «Бүгін сыныпта кім жоқ?»
- Назарын сабаққа аудару: оқулықты ашу (196-бет).
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Үй тапсырмасына не берілген еді? Кім айтады?» — 3–4 оқушыдан үй тапсырмасы сұралады.
III. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ арқылы тақырыпты ашу
Сабақты бастамас бұрын сөзжұмбақ шешу ұсынылады. Сұрақтар:
- 1. Қазақ балуаны
- 2. Кемпірқосақ түсі
- 3. Сезім мүшесі
- 4. М. Әуезовтің әкесі
- 5. Үй құсы
- 6. Біздің ұлтымыз
- 7. Бейбітшілік құсы
- 8. Жануар аты
- 9. Құс атауы
- 10. Орман дәрігері
- 11. Үй жануары
- 12. Абай Құнанбаевтың шын аты
- 13. Жануар аты
Белгіленген торкөздерден шығатын сөз: «Жыл мезгілдері».
Тақырыппен танысу
Бүгін біз болгар ақыны Калина Малинаның «Жыл мезгілдері» өлеңімен танысамыз.
Сұрақ: «Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?» — көктем, жаз, күз, қыс.
«Жыл мезгілдері» (өлеңнен үзінді)
Қозы-лақтар маңырап,
Жататұғын жамырап,
Білесің бе, қай мезгіл?
Күн сарғайтып көгіңді,
Оратын кез егінді,
Білесің бе, қай мезгіл?
Жап-жалаңаш қырқылар,
Кетеді ұшып тырналар,
Білесің бе, қай мезгіл?
Талқылау үшін
Әр шумақта сипатталған белгілер қай мезгілге тән? Дәлелде.
Сөйлесу тапсырмасы
Өз ауылыңда/қалаңда маусымдық өзгерістер қалай байқалады? 3–4 сөйлеммен сипатта.
Автор туралы мәлімет
Мекенжай
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылы, Өкпеті орта мектебі.
Мұғалім
Жұмаділова Айгүл Тоқтасынқызы