Оқушыларға оқыту, етістіктерді табу

Сабақ тақырыбы: Етістік

Бұл сабақ жоспары етістік туралы ұғымды кеңейтуге, етістіктің өзге сөздермен байланысын таба білуге және оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Сабақтың мақсат-міндеттері

Сабақ мақсаты

  • Етістік туралы берілген ұғымды кеңейту.
  • Етістіктің өзге сөздермен байланысын таба білуге үйрету.
  • Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық

  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Өз ойын анық жеткізуге дағдыландыру.
  • Дәлелдей білу қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік

  • Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
  • Табиғатты қорғауға, аялауға баулу.
  • Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі мен көрнекілігі

Әдістер: сұрақ-жауап түсіндіру сатылай кешенді талдау
Көрнекілігі: слайд төрт түлік суреттері тірек-сызба

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Мақсатымыз — білім алу.

Міндетіміз — еңбек ету.

Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу.

Ұйымдастыру сұрақтары

  • Барлық оқу құралдарымыз түгел ме?
  • Қазір қай сабақ?

II. Үй тапсырмасын тексеру және өткенді қайталау

1) Үй тапсырмасы

  • Қандай тапсырма берілді?
  • Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді табу (дәптер алмастыру арқылы тексеру).

2) Өткен тақырып: Зат есім

Зат есім туралы білім ережені сұрау және мысалдар келтіру арқылы пысықталады.

  1. 1.Зат есім деген не?
  2. 2.Оның қандай түрлері бар?
  3. 3.Негізгі зат есім деген не?
  4. 4.Туынды зат есім деген не?
  5. 5.Жалқы және жалпы есім деген не?
  6. 6.Зат есімнің тәуелдік жалғауы дегенді қалай түсінесің?

3) «Түсін мені» ойыны

Әр қатардан бір оқушы шығып, карточкадағы сөзді қимылмен көрсетеді. Қалған оқушылар сөзді табады.

оқиды ұшады жүзеді жүгіреді отырады аулайды

Талқылау: Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?

Қорытынды: Етістіктің сұрақтары мен ережесі еске түсіріледі.

III. Жаңа сабақ

Дәптермен жұмыс

Күннің жадын және сабақ тақырыбын жазу.

1) Оқулықпен жұмыс — 1-жаттығу (ауызша)

  • Сурет бойынша әңгімелеу: «Не көріп отырсыңдар? Не айтуға болады?»
  • «Оқушылар не істеді? Бала не істеді?» сұрақтары арқылы етістіктерді табу.

Мысал сөйлем

Әнуар балықтарға жем шашты.

Тапсырма: етістікті табу және сұрақ қою.

Әңгімеге ат қою: сурет мазмұнына сай тақырып ұсыну.

Қосымша сұрақтар: «Кімнің үйінде аквариум бар? Тотықұс бар ма? Оларға қандай көмек көрсетесің?»

Мектептің «Табиғатпен үндес» сайысындағы жетістігін еске түсіру және ортақ үлесті талқылау.

«Қамқорлық жасау, көмек көрсету, жәшік жасау» әрекеттерін бір сөзбен атау (еңбек).

Еңбек туралы мақал-мәтелдер айту.

2) 2-жаттығу — жұмбақ

Жұмбақты оқып, шешуін табу. Етістіктерді теріп жазып, сұрақ қою. Сөйлемді етістіксіз айтып көріп, етістіктің сөйлемдегі қызметін түсіну.

Көл бетінде қалқиды, Мақта сынды үйілген. Үні әсем сан қилы, Мойны да әсем иілген. Мамығын ол тарайды, Маңғаздана қарайды.

Шешуі: Аққу

  • Аққу деген не? Ол туралы не білесіңдер?
  • Тағы қандай құстарды білесіңдер? Олардың пайдасы қандай?
  • Аққу және жалпы құстар туралы мақал-мәтелдер айту.

3) 3-жаттығу (ауызша, тақтада)

Сөздерді сипатына қарай екі бағанға бөліп жазу.

Зат есім Етістік
ата ойнады
іні жинады
балық қуды
түйе жарысты
шортан айтты
  • Туыстықты білдіретін сөздерді табу: ата, іні.
  • Басқа туыстық атауларын айту.
  • Туыстыққа қатысты мақал-мәтелдер келтіру.

4) 4-жаттығу (өзіндік жұмыс)

Берілген етістіктерге сөйлем құрастыру, оқыту және етістіктерді табу:

қонды ұшты жауды секірді тасыды

Санды мақалдар

Білекті 1-ді жығады, білімді 1000-ды жығады.

Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.

Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса — төбедегі келеді.

Тапсырма: мағынасын түсіндіру, етістіктерді табу.

5) 5-жаттығу — төрт түлік (суретпен жұмыс)

Малдардың төлдеуін жазу:

Жылқы

Жылқы құлындайды.

Түйе

Түйе боталайды.

Сиыр

Сиыр бұзаулайды.

Қой

Қой қоздайды.

Ешкі

Ешкі лақтайды.

  • Бұл сөздер қай сөз табына жатады?
  • Төрт түлік туралы не білеміз? Пайдасы қандай?
  • Халық ұғымындағы әр малдың пірі, киесі туралы әңгімелеу.
  • Келесі тапсырмаға кіріспе: жануарлар қалай дыбыстайды?

6) 6-жаттығу (ауызша) — дұрыс/бұрыс

Берілген сөйлемдердің дұрыстығын анықтау. Етістіктерді табу және сұрақ қою.

Жануар Дыбыстауы
Бие кісінейді
Түйе боздайды
Қой маңырайды
Сиыр мөңірейді
Ешкі бақырады
Ит үреді
Тауық қыт-қыттайды
Мысық мияулайды
Шошқа қорсылдайды
Есек ақырады

Карточкамен жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)

  • «Бақырды», «мөңіреп тұр» сөздеріне сатылай кешенді талдау жасау.
  • Оқу үлгерімі төмен оқушылармен карточка арқылы жеке жұмыс жүргізу.

Табиғат туралы әңгіме

  • Жануарлар қай жануарлар тобына жатады?
  • Жануарлар табиғаттың қай түріне жатады?
  • Тірі табиғатқа тағы нелер жатады?
  • Табиғат дегеніміз не? (оқушылар жауабын тыңдау)
  • Табиғатқа қатысты мақал-мәтелдер айту.

Шығармашылық тапсырма (сурет бойынша)

  • 1-қатар: әңгіме құрастыру.
  • 2-қатар: мақал-мәтел құрастыру/табу.
  • 3-қатар: өлең құрастыру.

Барлық тапсырмада етістіктерді тапқызу.

Табиғатты аялау — бүкіл адамзаттың міндеті. Табиғат байлықтарын қорғау — азаматтық борыш.

Талқылау: Сендер табиғатты қорғауға қандай үлес қоса аласыңдар?

IV. Сабақты қорытындылау

  • Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар атқардық?
  • Қай сөз табы туралы әңгімеледік?
  • Сабақтан қандай тәрбие алдық деп ойлайсыңдар?

Бағалау

Оқушылардың еңбегі қорытындыланып, бағаланады.

Үй жұмысы

Төрт түліктің пайдасы туралы қысқаша әңгіме жазу.