Түлкі мен тырна ертегісін оқу
Драма
«Түлкі мен тырна»
- Қуыршақ театры және оған қажетті құралдарды дұрыс пайдалануды үйрету.
- Сөздегі дыбыстарды анық әрі дұрыс айтуға, диалог арқылы еркін сөйлей білуге дағдыландыру.
- Адамгершілікке, достық қарым-қатынасты бағалай білуге және шығармашылыққа тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс
«Түлкі мен тырна» ертегісін оқу.
Көрнекі құралдар
- Ерден атай, Айару (ойыншықтар)
- Қуыршақ театры
- Слайд (көрме)
Тілдік жұмыс
Сөздік жұмыс
тырна
Билингвальді компонент
- түлкі
- лиса
- тырна
- журавль
Сабақтың барысы
1) Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Тәрбиеші қуыршақ театрының түрлері бойынша слайд-көрме ұйымдастырады және әртүрлі театр түрлері туралы қысқаша түсінік береді.
Үстел үсті театрының түрлері
- Дайын суреттерден қиылған театр (жұқа тақтай, қатырма қағаз, фланелограф, магнитті, диск т.б.)
- Тұғырға орнатылған қуыршақтар театры
- Көлеңке театры
- Көлемді ойыншықтар театры (ағаш, пластмасса, стақан, оригами т.б.)
Балалардың әрекеті
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы жүзбен қарап, өлең жолдарын айтады. Слайд арқылы және үстел үсті қуыршақ театры түрлерімен танысады.
2) Ұйымдастырушылық-ізденістік
Айарудың тапсырмалары
Әліппе-дәптер1-тапсырма: Таныс бол
Көлеңке театрына қажетті заттар:
- перде
- жарық түсіретін шам
- жазық бейнелі суреттер
Айару көлеңке театрын пердеге шамның жарығын түсіре отырып, жазық беттен қиылған қуыршақтардың сұлбасы арқылы көрсетеді.
Қуыршақ театрының тағы бір түрі — саусақпен бейне жасап, шамның жарығы арқылы пердеден көрсету.
Ерден атайдың кіріспесі
Кел, тыңдайық ертегі,
Естіген жанды елітеді.
Талай ғажап оқиға
Қызық сырын шертеді.
Балалар, Ерден атай алып келген ертегіні тамашалайық.
Ертегіні еске түсіру және сахналау
- Тірек сұрақтар арқылы ертегінің мазмұнын айту.
- Ертегіні көлеңке театры арқылы сахналау.
- Қорапшадан кейіпкерлер бейнеленген карточкаларды таңдау.
- Бос карточка алған балалар — көрермен.
Айарудың ескертпесі
Театр бар жерде міндетті түрде көрермен де болады.
2-тапсырма: Жаңылтпашты жаңылыспай айт
Көп тырна,
Көп тырна,
Тыраулап тек
Көп тұрма.
Билингвальді компонент
түлкі — лиса, тырна — журавль
3-тапсырма: Қайталап көрсет
Түлкі мен тырнаның қалай тамақ ішкенін қайталап көрсет.
Талқылау сұрақтары
- Түлкі мен тырнаның бір-біріне жасағаны дұрыс па?
- Түлкі қандай аң?
- Тырна қандай құс?
Балалардың әрекеті
- Ертегіні еске түсіріп, мазмұнын айтады.
- Көлеңке театры арқылы сахналайды.
- Жаңылтпашты жылдам, қателеспей, анық айтуға тырысады.
- Тамақ ішу эпизодын қимылмен қайталайды.
3) Рефлексиялық-түзетушілік
Қорытынды
Тәрбиеші қорытынды жасап, балаларды марапаттайды. Балалардан қойылымның ұнаған-ұнамағанын сұрайды.
Өзін-өзі бағалау
Ерден атай балаларға өз жұмысына баға беруді ұсынады:
- Ұнады — жасыл қоржынды таңдайды.
- Ұнамады — қызыл қоржынды таңдайды.
Күтілетін нәтижелер
Жасайды
Ертегі кейіпкерлерінің қимыл-әрекеттерін қайталап көрсетеді.
Түсінеді
Қуыршақ театрының ерекшелігін түсінеді.
Қолданады
Дыбыстарды дұрыс әрі анық жеткізеді, кейіпкерлердің әрекеттеріне қатысты өз көзқарасын білдіреді.
Мәлімет
Мекеме
ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай кенті, №3 «Ақтоғай» бала бақша-бөбекжайы
Тәрбиеші
Рузьева Гүлнұр Курманжанқызы