Уважаемые выпускники
Салтанатты кеш: «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!»
Батыс Қазақстан облысы, зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Тлемберлиева Айгүл Махатқызы ұйымдастырған салтанатты кештің сценариі.
Мақсаты: түлектерге мектеп бітіру туралы аттестаттарды табыстау.
Безендірілуі: зал мен сахна шарлармен әшекейленеді.
Кештің басталуы
Фанфара
1-жүргізуші
Қайырлы күн, ханымдар мен мырзалар!
2-жүргізуші
Добрый вечер, уважаемые дамы и господа!
1-жүргізуші
Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
Бүгінгі «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім!» атты аттестат табыстау кешіне қош келдіңіздер.
2-жүргізуші
Мы очень рады видеть вас
В этом зале, в этот день и час!
Своих воспитанников в 51-й раз
Наша школа выпускает сейчас.
В большую жизнь уйдут они,
Чтоб там осуществить свои мечты.
Мы все взволнованы и чуточку грустны,
И, кажется, сейчас не до весны.
Сахналық әрекет: балалар қоңырау ұстап жүгіріп шығады (балалардың күлкісі мен қоңырау үні естіледі), қоңырау соғып, сахнадан шығады.
Музыка: «Мектеп вальсі» (би тобы).
Түлектер туралы хабарлама
1-жүргізуші
2014–2015 оқу жылында 28 шәкіртіміз білім нәрімен сусындап, алтын ұя мектебінен қанат қаққалы отыр.
Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін тасып-толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты-ау,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі.
2-жүргізуші
В прекрасный тихий летний вечер
Мы в этом зале собрались.
Сегодня праздник бесконечен —
Мы звёзды выпускаем в жизнь!
Уж всё готово: цветы, улыбки и слова.
Встречайте в этом светлом зале
Виновников большого торжества!
1-жүргізуші
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын, ағайын!
Ендеше, мектебіміздің түлектерін ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші
Сегодня стены школы покидают 28 юношей и девушек. В зал приглашаются главные герои сегодняшнего торжества — выпускники 2015 года!
Шақырылатын сыныптар
9 «А» сыныбы — сынып жетекшісі: ________________, тәрбиеші: ________________.
9 «Б» сыныбы — сынып жетекшісі: ________________, тәрбиеші: ________________.
9 «В» сыныбы — сынып жетекшісі: ________________, тәрбиеші: ________________.
(Түлектер сахнаға шығады.)
Емтихан қорытындысы және кештің мәні
2-жүргізуші
Друзья, рады сообщить вам: экзамены успешно завершены. Сегодня вам будут вручены свидетельства об окончании школы. Это событие радостное и одновременно немного грустное: радостное — потому что вы вступаете в самостоятельную жизнь, грустное — потому что именно сегодня прощаетесь со школой.
Құттықтау сөз
1-жүргізуші
Ұстаз бен ұрпақ жанын ұға алады,
Қашанда ақ тілекпен шыға алады.
Басшымыз тілек айтсын түлектерге —
деп сөз кезегін мектеп директоры ________________ береміз.
(Директор құттықтайды.)
2-жүргізуші
Уважаемые друзья, переходим к самой торжественной части вечера — вручению аттестатов!
Аттестат тапсыру
1-жүргізуші
Өрендер кетті сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
Тоғыз жыл оқып, біліммен толысқан шақта
аттестат алғалы тұрсың мектеп деген ордада.
Аттестат деген — азаматтық куәлік,
Аттестат деген — өмірге берілген жолдама.
(Аттестаттар тапсырылады.)
2-жүргізуші
Уважаемые выпускники, наступил ваш звёздный час! Это тот самый момент, когда судьба за старания, смелость, терпение и труд говорит вам: «С долгожданной наградой!»
Как замечательно, что в школе есть ребята,
Чьи ум и знания приносят славу ей.
Ведь именно о них скажут когда-то:
«Вы — гордость и надежда наших дней!»
Музыкалық нөмір: түлектердің «Ұстазым» әні.
Әкімшілік құттықтауы
1-жүргізуші
Ажырамай халықтан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
Сөз кезегі мектеп әкімшілігіне беріледі:
-
Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары — ________________
-
Заместитель директора по воспитательной части — ________________
-
Түзету жұмысы бойынша директордың орынбасары — ________________
-
Мектеп әдіскері (методист) — ________________
-
Интернат меңгерушісі — ________________
Қорытынды тілек
Айдана
Өтті бізден балалық,
Өтті бізден шалалық.
Тезге салды ұстаздар
Текті мінез, даналық,
Ұсынғалы адалдық,
Үйреткені адамдық.
Бар ұстазға тілейміз —
Бақыт, табыс, амандық!
Ескерту: Сценарийдегі бос жолдарға (________________) нақты есімдер мен лауазымдар енгізіледі.