Мұның жартысын фаршқа қосыңыз
Оңай әрі дәмді «ленивый голубцы»
Үй жағдайында тез дайындалатын, бірақ дәмі қанық тағам. Қырыққабат, фарш және күріш үйлесімі жұмсақ әрі шырынды нәтиже береді.
Құрамы
- Фарш — 500 г
- Күріш — 100 г
- Жұмыртқа — 1 дана
- Пияз — 2 бас
- Сәбіз — 2 бас
- Қырыққабат (капуста) — 200 г
- Томат пастасы — 2 ас қасық
- Майда қара бұрыш — 1 шай қасық
- Сұйық май — қуыруға (шамамен жарты ожау)
- Тұз — 2 шай қасық
- Су — 700–800 мл
- Паприка, сарымсақ — қалауыңызша
- Көкшөп — дәміне қарай
Тұздық (подлив) дайындау
-
Табаны қыздырып, сұйық май құйыңыз. Ұсақталған пияз бен үккіштен өткен сәбізді шамамен 2 минут қуырыңыз.
-
Қуырылған пияз бен сәбіздің жартысын фарш қоспасына алып қойыңыз.
-
Табада қалған қоспаның үстіне томат пастасын қосып, тағы 2 минут қуырыңыз.
-
Үстіне суды құйыңыз. Қаласаңыз лавр жапырағы, паприка, қара бұрыш қосыңыз. 2 минуттай қайнатып алыңыз — тұздық дайын.
Фарш дөңгелекшелерін дайындау
-
Күрішті жақсылап жуып, үстіне қайнап тұрған ыстық су құйып, 5–7 минут бөрттіруге қалдырыңыз. Суды төгіп тастаңыз.
-
Үлкен ыдысқа фаршты салыңыз. Үстіне жұмыртқа, тұз, қара бұрыш, күріш және алдын ала қуырылған пияз бен сәбіздің жартысын қосыңыз.
-
Қырыққабатты майдалап турап қосыңыз да, бәрін біркелкі болғанша жақсылап араластырыңыз. Қаласаңыз көкпияз немесе аскөк турап қосуға болады.
-
Қоспадан алақаныңызбен майда дөңгелек котлеттер (дөңгелекшелер) жасап шығыңыз.
Құрастыру және пісіру
-
Қазанның түбіне дайын тұздықтан 1 ожау құйыңыз.
-
Фарштан жасалған дөңгелекшелерді бір қабат етіп тізіңіз. Үстінен тағы 1 ожау тұздық құйып, келесі қабатты салыңыз.
-
Осылайша бәрін салып болған соң, үстінен тұздықтың қалғанын толық құйыңыз.
-
Отқа қойып, баяу қайнап тұрған күйде 30–35 минут пісіріңіз.
Кішкентай кеңес
Дәмін ашу үшін тұздыққа аздап сарымсақ немесе паприка қосыңыз, ал үстіне ұсынарда көкшөп сеуіп жіберсеңіз, иісі де, дәмі де ерекше болады.
Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Асыл