Қайырлы таң, балалар
Білім беру саласы және тақырып
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Суды жақсы көретіндер
Мақсат 1
Суда тіршілік ететін жануарлар туралы түсінік беру және құрлықта, суда тіршілік ететін жануарлардың айырмашылығын үйрету.
Мақсат 2
Жануарлардың атаулары, қорегі және тіршілігі туралы түсіндіру арқылы балалардың зейінін дамыту.
Мақсат 3
Табиғатқа қамқорлықпен қарауға баулу.
Көрнекіліктер мен әдіс-тәсілдер
Қолданылатын көрнекі құралдар
- Балық, түлкі, түйе, үйрек, қоян, қолтырауын, тиін ойыншықтары
- Автобус макеті
- Судың жағасының макеті
- Үлестірмелі материалдар
Әдіс-тәсілдер
- Мнемотехника
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
- ТРИЗ
Билингвальды компонент
- балық
- рыба
- су
- вода
- түлкі
- лиса
- үйрек
- утка
- қоян
- заяц
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
1) Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңберіПедагог балаларды шеңберге тұрғызып, көтеріңкі көңіл күй қалыптастырады және өлең жолдарын қимыл-қозғалыспен қайталауды ұсынады.
Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн келді. Келіп шықты күн бүгін! Қайырлы таң, балалар! Қайырлы күн, апайлар!
Балалардың іс-әрекеті
Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең ырғағымен қимылдар жасайды.
2) Ұйымдастырушылық-ізденістік
Жұмбақ · Саяхат · Сұрақ-жауапМнемокесте арқылы жұмбақтар
Қанаты бар, ұшпайды, Жұрт айламен ұстайды.
Жауабы: балық.
Шелектеп құйсаң да, су жұқпас.
Талқылау: жабайы үйректер суда жүзеді. Олар — су құстары.
«Су әлеміне саяхат»
Балалар көңілді «автобусқа» мініп, музыка сүйемелдеуімен ән айтып, саяхатқа аттанады. Педагог су жағасына жеткендерін хабарлайды.
Судың жағасында
Педагог балалардан: «Судың жағасында қандай жануарларды көріп тұрсыңдар?» деп сұрайды.
Жауаптар: балық, қолтырауын, үйрек.
Құрлықта
Педагог балалардан: «Ал құрлықта қандай жануарлар жүреді?» деп сұрайды.
Қорытынды: бұл жануарлар құрлықта мекендейді.
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалысБалық жүзді таза суда, Бір керіліп, бір жиырылуда. Жүзіп, жүзіп шаршағанда, Тығылады тасты құмға. Қаз қанатын жайды, Аққу мойнын созды, Үйрек келіп қонды.
Ойын: «Балық аулайық»
БекітуМақсаты: су жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Шарты: берілген суреттегі ашық орындарға сәйкес балықтардың суретін жапсыру.
Топқа оралу және бекіту тапсырмалары
Педагог балалардың алғырлығын атап өтіп, суда мекендейтін жануарлар туралы көп мәлімет алғандарын қорытындылайды. «Автобус» қайта келіп, балалар өз тобына оралады.
Ойын: «Балықтың көлеңкесін тап!»
Балалар балық туралы білетін тақпақтарын айтып береді.
3) Рефлексиялық-түзетушілік
ҚорытындыОйын: «Топтастыр»
Мақсаты: суда және құрлықта мекендейтін жануарларды ажырата білуге үйрету.
Шарты: судың суреті тұрған қатардағы қалташаларға суда мекендейтін жануарлардың суреттерін, ал жердің суреті тұрған қатарға құрлықта мекендейтін жануарлардың суреттерін салу.
Балалардың іс-әрекеті
Балалар педагогтің нұсқауын орындайды және ойынды ықыласпен ойнайды.
Күтілетін нәтиже
Орындайды
Құрлықта және суда тіршілік ететін жануарларды ажыратуға арналған тапсырмаларды.
Түсінеді
Құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың атауларын, олардың қорегін және жалпы тіршілігі туралы мәліметті.
Қолданады
Сұрақтарға толық жауап беру, өз ойын жеткізу, коммуникативтік және ақпаратты талдай білу дағдыларын.