Орманға қалай барып келдіңіздер

Өзін-өзі тану • 10-сынып Аралас сабақ (саяхат-сабақ) 45 минут

Құндылық пен мақсат

Тақырып

Бәрі де махаббаттан басталады...

Құндылық

Сүйіспеншілік

Қасиеттер

Мейірімділік, адалдық, татулық, түсіністік

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың адам өміріндегі махаббаттың рөлі туралы түсінігін тереңдету және оны құндылық ретінде таныту.

Міндеттері

  • 1 Білімділік: өмірдегі жақсылықтың негізі махаббат екенін түсіндіру.
  • 2 Дамытушылық: махаббаттың өмірлік күшіне сенімді қалыптастырып, ізгі әрекет жасау қабілетін дамыту.
  • 3 Тәрбиелілік: Отанды, туған жерді, табиғатты, ұстазды, ата-ананы сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Слайдтармен жұмыс
  • Әңгімелеу
  • Бейнеролик
  • Ойын

Көрнекілік

Видео үзінді, қанатты сөздер, сызба, жүрекше қиындылары, желім, қайшы, кесте (слайд негізінде).

Техникалық құралдар

Аудио жазба, компьютер, теледидар.

Пәнаралық байланыс

Педагогика, психология, өзін-өзі тану, өмірмен байланыс.

Тақтадағы ой

“Бәрі де махаббаттан басталады...”

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  1. 1 Амандасу, оқушыларды түгендеу.
  2. 2 Зейінді жинақтау, сабаққа бағыттау.

Кіріспе сөз

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабағымыз ерекше, махаббатқа толы болмақ. Біз адам өміріндегі сүйіспеншілік пен махаббаттың рөлі туралы ой бөлісеміз.

Жақсы көңіл күймен орманға саяхат жасап көрейік.

Жетекші медитация: “Орманға саяхат”

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әр дем алған сайын босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз.

Өзіңізді сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашып, дәлізбен өтіп, далаға шыққандай елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, желдің лебін және бетіңізді жылытып тұрған күн сәулесін сезініңіз.

Орманға қарай жүре бастаңыз. Жолда абай болыңыз: жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір сәт тоқтап, айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігін, балғындығын сезініңіз.

Гүлдердің жайқалып тұрғанын байқайсыз. Жақындап, оның нәзіктігіне мән беріңіз. Иісін сезіп, хош иісін жұтыңыз.

Міне, орманға да жеттіңіз. Жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Өзіңізді бақытты әрі қауіпсіз сезініңіз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз, діңіне арқаңызды сүйеп жайғасыңыз.

Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Айнала тыныштығына құлақ түріңіз. Осы ағашпен іштей сырласыңыз. (1–2 минут үзіліс)

Табиғаттың ғажабын сезініп, оны қалай сүйетінімізді және қадірлейтінімізді түсінеміз. Бір тірі жанға да зиян келтірмеуге ұмтылудың өзі — қамқорлық.

Енді мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір мәрте көз жүгіртіңіз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолдағы жәндіктерге абай болыңыз.

Міне, мектепке де келдіңіз. Таза ауаны терең жұтып, есікті ашып, дәлізден өтіп, сыныпқа кіріп өз орныңызға отырыңыз.

Осы тыныштық, қанағат, мейірім және махаббат сезімдерін жүрегіңізде сақтаңыз. Жайлап көзіңізді ашып, күлімсіреңіз.

Сұрақ: Орманға саяхат сізге қандай әсер қалдырды?

Сөзжұмбақ арқылы сабақтың өзегін табу

Мұғалім оқушыларға сұрақтар арқылы сөзжұмбақтың шешуші сөзін тапқызады.

  1. 1. «Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға…» өлең жолдарының авторы кім?

    Жауабы: Мұқағали Мақатаев

  2. 2. «Көзімнің қарасы» әнінің авторы кім?

    Жауабы: Абай

  3. 3. Айта алмаған сезімді немен жеткізуге болады?

    Жауабы: хат арқылы

  4. 4. Ғашықтық сезімнің тірегі не?

    Жауабы: адалдық

  5. 5. Сезімді жеткізу үшін адамға қандай қасиет керек?

    Жауабы: батылдық

  6. 6. Махаббаттың ең жоғарғы шыңы не?

    Жауабы: бақыт (бақытты болу)

  7. 7. Жер бетіндегі ең аяулы жан кім?

    Жауабы: ана

  8. 8. Ғашықтық символына айналған Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазары қай елді мекенде орналасқан?

    Жауабы: Таңсық

Шешуші сөз

МАХАББАТ

Ой қозғау

Адамзатты аялаған ақ арман,
Барлық ғалам махаббаттан жаралған.
Өмір — өзен, сан тарапқа ақса да,
Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.

Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,
Адамзаттың талмай айтар әні ме?
Өзіңді де, өзгені де сыйласаң,
Жете аларсың махаббаттың мәніне.

Талқылау сұрақтары

  • «Махаббат» ұғымын қалай түсінесіңдер?
  • Адамға махаббат қаншалықты қажет?
  • Махаббат сезімі болмаса, не өзгерер еді?

Белгі-символдың мәні

Алақан, жүрек және ана мен бала бейнесі — махаббаттың қамқорлықпен, жылумен, қорғанышпен байланысын білдіреді.

Негізгі ойлар

Махаббат — өзгелерді сыйлауға негіз болады.

Махаббат — ата-анаға сүйіспеншілікті тереңдетеді.

Махаббат — Отанды, елді құрметтеуге үйретеді.

Махаббат — табиғаттың сұлулығын сезіндіреді.