Өнер тобының тапсырмасы
Сабақ туралы қысқаша
Пән: Әдебиеттік оқу
Тақырып: О. Әубәкіров «Ара мен шыбын»
Мақсаты
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық ойлауын дамыту.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекілік
- Әдістері: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу
- Көрнекілігі: автор портреті, суреттер, тірек-сызба
Психологиялық ахуал және дайындық
Сабақ басында оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бір-біріне сәттілік тілейді. Ынтымақты орта құру үшін төмендегі шумақ айтылады:
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Қызығушылықты ояту және мағынаны тану
1) Автор туралы қысқаша дерек
Оспанхан Әубәкіров (1934–1986) — Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы өнер институтының театр факультетін тәмамдаған.
Шығармаларының қатарында «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба» және басқа да жинақтар бар.
Негізгі ұғым: сатирик — адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылмен жазатын жазушы.
2–4) Мәтінмен жұмыс
- 2 Үнтаспадан «Ара мен шыбын» диалогын тыңдау.
- 3 Тірек-сызба арқылы мысалды талдау, түйінді ойды анықтау.
- 4 Сурет бойынша Ара мен Шыбынға мінездеме беру, салыстыра сипаттау.
Талдаудағы негізгі бағыт: кейіпкерлер әрекеті арқылы әдеп, еңбек, қонақжайлық ұғымдарын ашу.
Сабақты бекіту: «Кім мықты?» сайысы
Топтық жұмыс, ұпай арқылы бағалау
А) Өнер тобы
Ара мен Шыбын бейнесін сомдап, рөлге бөліп сахналайды (қанат жамылып, диалог түрінде).
Ә) Оқу тобы
Мысалдың түйінді ойын жазбаша түрде тұжырымдайды.
Б) Жазу тобы
«Егер мен шыбын болсам…» тақырыбына қысқа эссе жазады.
«Кім ақын?» тапсырмасы
Үш топқа өлең жолдары бойынша ұйқас табу тапсырылады. Жұмысты тез әрі дұрыс орындаған топтарға ұпай беріледі.
Келді араға Шыбын,
Жиып жатқан шырын,
Шақырды Шыбын қонаққа.
Ара келсе кешігіп,
Жатып қапты шешініп.
Қонақты дұрыс күтпепті,
Шыбынға ақыл жетпепті.
«Кім ұтқыр?» сұрақтары
Оқушылар ойларын жинақтап, төмендегі сұрақтарға жауап береді:
- 1 Қонақжай дегенді қалай түсінесің?
- 2 Қонақ деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?
- 3 Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?
«Кім тапқыр?» тапсырмасы
Мысалдың мазмұны мен идеясына сай мақал-мәтел тауып, жазу:
- Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.
- Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза.
- Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Ой толғаныс
Миға шабуыл (1-топ)
Ара мен шыбын туралы не білесіңдер?
Миға шабуыл (2-топ)
Қонақ күту және қонақжайлық дегенді қалай түсінесіңдер?
Миға шабуыл (3-топ)
О. Әубәкіровтің өмірі мен шығармалары туралы не айта аласыңдар?
«Ортада қаламсап» әдісі
Мақсаты: оқушылардың ұшқыр ойларын жетілдіру, топ ішінде жауапкершілікті арттыру.
Өнер тобы
«Ара мен шыбын» көрінісін рөлге бөліп ойнайды.
Жазу тобы
«Егер мен шыбын болсам…» тақырыбында эссе жазады.
Оқу тобы
Мысалға сай мақал-мәтелдер жазады және мағынасын түсіндіреді.
Мұғалім туралы белгі
Мұғалім: Джансенбаева
Материал: О. Әубәкіров «Ара мен шыбын»