Ата мешіттері қай жерлерде
Сабақтың тақырыбы
Ел иесі, жер киесі — Бекет ата
Сабақтың мақсаты
-
Оқушыларға тарихта қайталанбас, бүкіл елге шапағатын тигізген дара тұлға — Бекет ата туралы түсінік беру.
-
Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын тереңдету.
-
Ата рухына тағзым етуге, кішіпейілділікке және ізгілікке баулу.
Сабақ көрнекілігі
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру
КіріспеАспан мен жер арасындағы тірек — болмыстың бір қыры. Оның сыр-сипатын толық танып болдық деуге әлі ерте. Тіршіліктің түп бастауы қайда? Бастауы бар құбылыстың ақыры бола ма? Бұл сауалдардың бәріне бірден тыңғылықты жауап беру қиын.
Дегенмен біз тылсым әлемнің жердегі бір бөлшегіндей көрінетін, адам баласы үшін мүмкін емес — зеңгір көк пен жеті қат жер астын жалғаған рухани-саналық байланысты өз бойына сіңірген ұлы болмыс ретінде Бекет атаны танимыз.
Түйін
Бекет ата — әлсізге медет, күштіге айбар, зарыққанға жебеу, тарыққанға демеу, сасқанға сая, ұрпаққа ұстаз, елге ие, жерге кие.
2) Әдеби монтаж
Ғұмырнама-
Жем бойы — талай жұрт қоныстанған ежелгі ата қоныс. Осы өңірдегі Ақкиізтоғай ауылындағы Ақмешіт аталған қасиетті мекенде 1750 жылы көріпкел әулие, айтқаны айнымай келетін сәуегей, жаужүрек батыр, ұстаз, ізгі жүректі Бекет ата Мырзағұлұлы дүниеге келді.
-
Бекет ата 1750 жылы дүниеге келіп, 1813 жылы — 63 жасында дүниеден өтті.
-
Бекет ата Хиуада Бақыржан ғұламадан 7 жыл дәріс алған.
-
Бекет ата Адай тайпасының Қосқұлақ руынан тараған.
-
Шопан атаның сілтеуімен Бекет ата Бақыржан атаға барып, ілім алады.
-
Бақыржан ата Бекет атаға мұра ретінде асыл тасты қалың кітапты, тымақты, балтаны және асаны табыстаған.
Айтылған құнды жәдігерлер ұрпақтарының қолында бүгінге дейін сақталғаны айтылады.
-
Еліне оралған соң Бекет ата Ақмешітте мешіт салып, шәкірттерге білім берген.
-
Шамамен 1758 жылы, 28 жасында Бейнеуде мешіт тұрғызып, бала оқытқан. Бұл игі іске қол ұшын бермеген жан қалмаған деседі.
3) Әулиені әз тұтқан жырлар
Бұл бөлімде Бекет атаның рухани мұрасын ардақтайтын жыр-шумақтар оқылып, оның ел жадындағы орны айқындалады.
Мазмұны
Рухани тағылым, елдік ұстаным, имандылыққа үндеу.
Негізгі екпін
Тағзым, құрмет, ілім мен бірлік құндылығы.
4) Атадан қалған
Сабақ аясындағы қатысушылардың есімдері төмендегідей беріледі:
- Гүлзия
- Нұрсая
- Арайгүл
- Нұржайна
- Нұршат
5) Бейне көрініс
Бекет атаның өмірі, мешіттері және рухани қызметі туралы бейнематериал көрсетіледі.
6) Сұрақтар
Талқылауға арналған сұрақтар
- 1. Бекет ата қай жылы дүниеге келді?
- 2. Атаның 250 жылдық мерейтойы қай жылы, қай жерде тойланды?
- 3. Атаның 260 жылдық тойы қашан, қай жерде тойланды?
- 4. Бекет ата кім болған?
- 5. Атаның мешіттері қай жерлерде орналасқан?
Қорытынды
Бүгін біз Бекет ата туралы маңызды мағлұмат алдық. Адамзат тарихында сирек кездесетін, айрықша қасиет иесі Бекет атаның жұмбақ та жарқын тағдыры — әуелі Тәңір сыйы, екіншіден, жүрегі адал, пейілі таза, өзгеге қиянат жасамайтын әрі зорлыққа мойымайтын табиғаты бөлек қазақ халқының рухани болмысымен сабақтас.
Бізге жүктелер міндет
-
Құдіретті күшке иман келтіріп, әулиелердің ұлағатын бойға сіңіру.
-
Елдігімізді нық сеніммен бекітіп, ертеңге қарышты қадам жасау.
Бекеті бар елдің берекесі кемімейді. Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Халқымыздың бүтін бірлігіне, берекелі тірлігіне Бекет ата жар болсын!