Ережелерді сөйлету
Сабақ туралы мәлімет
- Аймақ
- Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы
- Мектеп
- М-С. Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
- Пән / Сынып
- Математика, 4-сынып
- Мұғалім
- Абдрешова А.Ф.
Сабақтың тақырыбы
Бір-бірінен қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептер шығару.
Мақсаттары
Білімділік
Сабақ мазмұнын түсіндіру арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру; қозғалыс есептері мен белгісіз үшінші қосылғышты табуға арналған тапсырмаларда ережелерді дұрыс қолдануға үйрету; есте сақтау қабілетін дамыту арқылы білімді бекіту.
Дамытушылық
Тапсырмалар орындау барысында сыни ойлауын, қиялын дамыту; ауызша және жазбаша есептеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдістер мен көрнекіліктер
Қолданылатын әдістер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
Көрнекілігі
- Есептерге арналған сызбалар
- Ережелер жинағы
- Үлестірмелі карточкалар
Сабақ жоспары (уақыт бөлінісі)
I. Ұйымдастыру бөлімі
5 минутПсихологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
3 минутОй қозғау: ойлану — 1 минут, жазу — 1 минут.
III. Оқулықпен жұмыс
20 минутҰжымдық жұмыс — 10 минут, бекіту — 2 минут.
IV. Бағалау
2 минутV. Үй тапсырмасын беру
1 минутҰйымдастыру кезеңі: сәлемдесу және «шаттық шеңбері»
Мұғалім оқушыларды орындарынан тұрғызып, қонақ болып келген ұстаздармен сәлемдесуді ұйымдастырады. Содан кейін оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, бір-біріне жылы лебізін білдіреді.
Сәлемдесу сәті
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге,
Бас иеміз біз.
«Шаттық шеңбері» өлеңі
Күлім қағып қолымды, 1, 2, 3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме мен қолымды бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен жүрегімді сыйлайын.
Жылы-жылы сөзбенен маңдайынан сипайын.
Ыстық алақаныммен қолыңды бер, қысайын.
Амандасып өзіңмен, құшақтасып алайын.
Соңында мұғалім оқушыларға сәттілік тілеп, сабаққа кіріседі.
Үй тапсырмасын тексеру және ой қозғау
Дәптерлер жиналып, өткен тақырып бойынша ережелер еске түсіріледі. Ой қозғау бөлігінде оқушылар қысқа уақыт ішінде ойланып, жауабын жазады.
Негізгі формулалар
- Жылдамдық V = S : T
- Уақыт T = S : V
- Қашықтық S = V × T
Түсіндірме
Жылдамдық — уақыт бірлігі ішінде жүріп өткен қашықтық.
Бір-біріне немесе бірінен-бірі қарама-қарсы бағыттарға қозғалғанда жақындау (не қашықтау) жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең:
Сараланған бөлім: тапсырмалар және есептер
Өзіндік жұмыс
№1: Кесте бойынша жұмыс.
Мұғалімнің басшылығымен жұмыс
№2: Кестедегі мәліметтерді пайдаланып, есеп құрастыру.
Өрнек
(900 + 800) × 2
Құрастырылған есеп
Бір орманда піл мен керік бір-бірінен қарама-қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты. Пілдің жылдамдығы — 900 м/мин, ал керіктің жылдамдығы — 800 м/мин. Олар 2 минуттан кейін бір-бірінен қандай қашықтықта болады?
- Піл
- V = 900 м/мин
- Керік
- V = 800 м/мин
- Уақыт
- t = 2 мин
- Қашықтық
- S = ?
Шешуі
Жауабы:
2 минуттан кейін 3400 м қашықтықта болады.
№3: Бағаға қатысты есеп
Қатынас: 2 есеБерілгені
- 2 костюм7200 тг
- Пальто2 есе қымбат
- 3 пальто?
Шешуі
Жауабы:
3 пальто — 21600 теңге.
№4: Үш күндік түсім
Берілгені
- I күні22000 тг
- II күні2 есе кем
- Барлығы42000 тг
- III күні?
Шешуі
Жауабы:
III күні — 9000 теңге.
№5: Есептеу жаттығулары
а) Бөлу
- 1896 : 8 = 237
- 7524 : 6 = 1254
- 15780 : 5 = 3156
- 956 : 4 = 239
ә) Көбейту
- 846 × 8 = 6768
- 615 × 5 = 3075
- 6004 × 2 = 12008
- 1983 × 9 = 17847
№7: Теңдеулер
1) Қосу арқылы
X + 3020 = 5827
X = 5827 − 3020
X = 2807
Тексеру: 2807 + 3020 = 5827
2) Бөлу арқылы
30030 : X = 6
X = 30030 : 6
X = 5005
Тексеру: 30030 : 5005 = 6
Сергіту сәті
2
Нашар баға, оны нашар оқушы алады.
3
Орта баға, сапасы да орташа.
4
Жақсы баға, оны жақсы оқушы алады.
5
Үздік баға, үздік оқуға ұмтыл.
Ұжымдық жұмыс
№8: Өлшем бірліктерін түрлендіру
- 48 т + 507 кг = 48507 кг
- 90 м + 075 мм = 90075 мм
- 8 км + 027 м = 8027 м
- 8 ц + 97 кг = 897 кг
- 95 тг + 59 тиын = 9559 тиын
- 9 кг + 514 г = 9514 г
№9: Геометрия (сүйір бұрыштар)
Сүйір бұрыштар:
ADC, FMK, DEB, AOC, OCA, AKB
Қайталау сұрақтары
-
1) Уақытты табу үшін не істейміз? T = S : V
-
2) Жылдамдықты табу үшін не істейміз? V = S : T
-
3) Қашықтықты табу үшін не істейміз? S = V × T
-
4) Жақындау (қашықтау) жылдамдығын қалай табамыз? Vжақ = V₁ + V₂
Бағалау және рефлексия
Оқушылар сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
Толық нұсқасын жүктеу.