Сөздерді буынға бөлу
Сабақ туралы мәлімет
Өңірі мен мектебі
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, М. Әуезов атындағы ОЖББМ
Пәні мен сыныбы
Сауат ашу, 1-сынып
Мұғалім
Амангелді Айгерім Ерланқызы, бастауыш сынып мұғалімі
Сабақ тақырыбы
Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларды Г дыбысы мен әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі орны туралы түсінік беру. Берілген сөздерді оқуға және жазуға үйрету.
Дамытушылық
Сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорды дамыту; жұмбақ шешу және сөз құрау арқылы тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа баулу, таза әрі сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын
Көрнекіліктер
Суреттер, кеспе әріптер, слайд, оқулық, сөзжұмбақ
Күтілетін нәтиже
Оқушылар Г әрпі бар сөздерді оқып, жазып үйренеді.
I. Тұсаукесер
Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Ой қозғау арқылы өткенді еске түсіру.
Ой қозғау сұрақтары
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
Дыбысты айтамыз, естиміз. Әріпті көреміз, жазамыз.
Қазақ тілінде қанша әріп, қанша дыбыс бар?
42 әріп, 40 дыбыс.
Қосымша сұрақтар
- Сөз неден құралады?
- Сөйлем неден құралады?
- Дауысты дыбыс дегеніміз не?
- Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
Ойын: «Қол шапалақтау»
Шарты: егер айтылған сөздің ішінде Г дыбысы болса, қол шапалақтаймыз. Егер болмаса — шапалақтамаймыз.
Жұмбақтар
Өзі сондай нәзік,
Су құйсаң кетеді.
Алақанын жазады.
Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Үзуге адам қимайтын,
Бұл не?
II. Мағынаны тану
Жаңа дыбыспен танысу
Балалар, «гүл» деп айтып көрейік. Бүгін біз Г әрпі және Г дыбысымен танысамыз.
Дыбыстау
Г
Сұрақ-жауап
- Г дыбысы айтылуына қарай қандай дыбыс? Дауыссыз дыбыс.
- Неліктен дауыссыз? Өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды, әндетіп айтуға келмейді, созылмайды.
- Қандай текшемен белгілейміз? Көк текшемен.
Әріп таңбасымен (жазба және баспа түрі) таныстырамыз. Ұқсастығын табамыз: кран, шалғы, сондай-ақ Ғ дыбысына жақындығын салыстырамыз (бейнематериал арқылы).
Оқулықпен жұмыс
1) Буын және сөз оқу
2) «Бидай» әңгімесі (тізбектей оқу)
Нан — ас атасы.
Нан бидай ұнынан жасалады. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды, үстіне ешбір зат қоймайды. Нанды бір қолмен үзіп жемейді. Қазақ халқы нанды қасиетті деп санайды.
Нан ұн мен судан жасалады. Нанға тұз да қосылады. Тұздан бөлек, ашытқы қосылады: ол қамырды көтеріп, нанның бетін қабықтандырып, пісіруге дайындайды.
Мақал-мәтелдер
- Нан бар жерде — ән бар.
- Дәнді шашпа, нанды баспа.
- Ас атасы — нан.
- Ас — адамның арқауы.
Сергіту сәті
Бейнематериал арқылы қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
Дәптермен жұмыс
- Жазу жолындағы әріп үлгілерін жазу.
- Сөздік диктант: шеңгел, ауа, су, ну, ту, ана, ата.
III. Ой толғаныс
Г дыбысының сөз ішіндегі орны
Г дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.
Сөз басында
Сөз ортасында
Буынға бөлу
Г дыбысы бар сөздерді буынға бөліп оқыту (мысалы: гүл, га-зет, дә-рі-гер).
Бекіту сұрақтары
- Қандай әріппен таныстық?
- Г әрпі қандай дыбыс?
Сөзжұмбақ сұрақтары
- Қыздарға мейрамда берілетін сыйлық?
- Барлық ауруды емдейтін кім?
- Аяғы үшкір, басы доғал. Ұрсаң шөгеді, ұрмасаң обал. Ол не?
- Бейбітшілік құсы?
Рефлексия
- Мұғалімнің сұрақтарына жауап бердің бе?
- Басқа оқушылардың жауаптарын толықтырдың ба?
- Тапсырмаларды толық орындадың ба?
Бағалау
Оқушылардың жұмысы бағаланып, мадақтау сөздері айтылады.