Символдарды пішімдеу
Сабақтың жүрісі
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Слайд арқылы қайталау сұрақтары:
- MS Word редакторы қандай редактор? Оны қалай іске қосамыз?
- MS Word редакторы терезесінің негізгі элементтерін атаңдар.
- Мәтіндік құжат құрмас бұрын қандай әрекет жасаймыз?
- Enter пернесін қай кезде басамыз?
- Құжат бетімен орын ауыстыру үшін нені қолданамыз?
- Backspace және Delete пернелерінің қызметі қандай?
- Терілген мәтінді қалай сақтаймыз?
- Орфографияны тексеру үшін қандай сөздіктер қолданылады?
- Орфографияны қай командамен тексереміз?
Жаңа сабақ: мәтіндік құжатты пішімдеу
Пішімдеу — мәтіндік құжаттарды рәсімдеуге арналған әртүрлі әрекеттер жиынтығы. Құжатты пішімдеуді құжат құрылғанға дейін де, кейін де орындауға болады. Пішімдеу ретін өзгерту құжаттың соңғы нәтижесіне әсер етпейді, алайда құжатты баспаға шығармай тұрып міндетті түрде тексеріп, пішімдеп алған дұрыс.
Егер дайын құжат қандай да бір себеппен ұнамай қалса, оны қайта пішімдеп, көрінісін жақсартуға болады.
Пішімдеу арқылы не істеуге болады?
- Әртүрлі қаріптерді қолдану.
- Жұмыс өрісінің шекараларын өзгерту (сол, оң, жоғары, төменгі жиектер).
- Мәтінді бетте туралау.
- Жоларалық интервалды орнату және өзгерту.
- Мәтінді бағандарға бөлу.
- Жиектердің әртүрлі түрлерін қолдану.
- Тізім, құйма және басқа да рәсімдеу мүмкіндіктерін пайдалану.
Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмалар да, мәзір командалары да қолданылады. Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінге немесе оның бөліктеріне (символ, сөз, жол, абзац, бөлім, бет) қолдануға болады. Ол үшін алдымен пішімделетін бөлікті белгілеу қажет.
Мәтінді белгілеу тәсілдері
Негізгі әрекеттер
-
Бір сөз
Сөзді екі рет шертіңіз.
-
Бір жол
Көрсеткішті жолдың басына апарып, бір рет шертіңіз.
-
Бір абзац
Абзацты үш рет шертіңіз.
Кеңейтілген белгілеу
-
Сөйлем
Ctrl пернесін басып тұрып, сөйлемнің кез келген жерін бір рет шертіңіз.
-
Бүкіл құжат
Ctrl + A пернелерін басыңыз немесе Түзету → Барлығын белгілеу командасын орындаңыз.
-
Үлкен бөлік
Бастапқы жерін белгілеңіз, Shift пернесін басып тұрып, соңғы жерін шертіңіз.
Пішімдеудің негізгі режімдері
Мәтін енгізу кезінде символдарды пішімдеу режімдерін бірден беруге болады немесе барлық мәтін теріліп болғаннан кейін қолдануға болады.
Символдарды пішімдеу
Символдарды пішімдеудің ең жылдам тәсілі — пішімдеу панеліндегі батырмаларды пайдалану:
Ж
Жартылай қалың (Bold)
К
Курсив (Italic)
Ч
Асты сызылған (Underline)
Бірнеше баптауды бірден өзгерту үшін Формат → Қаріп командасын орындаңыз. Экранда қажетті параметрлерді таңдауға болатын «Қаріп» терезесі ашылады.
Бекіту тапсырмалары
A) Сұрақтар (слайд арқылы)
- Пішімдеу деп нені айтамыз?
- Пішімдеу кезінде нелерді пайдалануға болады?
- Ж, К, Ч батырмаларының қызметі қандай?
- Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін қай команданы қолданамыз?
Ә) Тест сұрақтары
Тақырып бойынша қысқа тест тапсырмаларын орындау.
Б) Компьютермен жұмыс
Сөйлемді талдау: сөйлемді теріп, сөйлем мүшелерін шартты белгілермен белгілеу. Ол үшін қажетті сөзді ерекшілеп, Формат → Қаріп сұхбат терезесіндегі Астын сызу өрісінен қажетті сызық түрін таңдаңыз.
Мысал сөйлем
Нұрсұлтан бақшадан үзіп алған раушан гүлін анасына сыйлады.
Бастауыш
Нұрсұлтан
Пысықтауыш
бақшадан
Анықтауыш
үзіп алған
Анықтауыш
раушан
Толықтауыш
гүлін
Толықтауыш
анасына
Баяндауыш
сыйлады
В) Шығармашылық жұмыс
- Желтоқсан және тәуелсіздік туралы өлеңдер оқу.
- Оқылған өлеңдерді MS Word-та теріп, әртүрлі пішімдеу әрекеттерін қолдану.
Г) Құттықтау мәтіні
Келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне арнап құттықтау және тілек мәтінін дайындап, WordArt құралын қолданып, көркемдеп безендіріңіз.
Қорытынды бөлім
V. Бағалау
Оқушылардың тапсырмалар орындау деңгейіне қарай бағалау.
VI. Қорытындылау
Өтілген тақырыпты жинақтап, негізгі ұғымдарды қайталау.
VII. Үй тапсырмасы
9.2-тақырыпты оқып келу.