Материалға белгі, бейне салудың әдісі

9-сынып (презентациямен)

Сабақ тақырыбы: Материалға белгі және бейне салу әдістері (сарамандық жұмыс)

Бұл сабақта металдың бетіне өлшем, өрнек және бейне түсірудің негізгі технологиялары қарастырылады. Оқушылар белгі салудың түрлерін, қолданылатын құралдарды және қауіпсіз әрі дәл орындаудың тәсілдерін меңгереді.

Білімділік мақсаты

Металдың бетіне сурет пен белгі салу технологиясы туралы жүйелі мәлімет беру.

Тәрбиелік мақсаты

Ұқыптылыққа, жауапкершілікке және іскерлікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты

Белгі түсіру барысында ептілік пен бастапқы практикалық дағдыларды қалыптастыру.

Сабақтың ұйымдастыруы

Көрнекілігі

  • Әр түрлі деңгейде орындалған жұмыстар
  • Фото-буклет, презентация материалдары

Сабақ түрі

  • Топтық жұмыс
  • Лекция
  • Сарамандық жұмыс

Әдіс-тәсілдер

  • Баяндау
  • Түсіндіру
  • Жұмыс орындау

Пәнаралық байланыс

Тарих Сызу Сурет

Сабақ жоспары

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    • Оқушыларды түгендеу
    • Сабаққа әзірлігін тексеру
    • Жұмыс орнын ұйымдастыру
  2. 2

    Жаңа сабақ

  3. 3

    Сарамандық жұмыс

  4. 4

    Үй тапсырмасын тексеру

  5. 5

    Үйге тапсырма

  6. 6

    Қорытындылау

Жаңа сабақ: Материалға белгі және бейне салу әдісі

Негізгі ұғым: белгі түсіру

Белгі түсіру — арнайы өлшемнің, сызбаның, өрнектің немесе бұйымның (тіпті суреттің) бейнесін металдың бетіне дәл түсіру үдерісі.

Негізгі сызық

Бұйым сызбасындағы шекараны және өңделетін аймақтарды белгілейтін басты сызық.

Бақылаушы сызық

Негізгі сызықтың жанынан аздап артықтау алынып, қатар жүргізілетін дәлдікке арналған сызық.

Көмекші сызық

Тең бөліктерді, симметрияны, ортаны, шеңбер мен радиус ортасын анықтауға қолданылады.

Металға белгі түсірудің тәсілдері

Темір бетіне

Әдетте бізбен тырнау арқылы белгі түсіріледі.

Түсті металдарға

қарындашпен белгілеу жиі қолданылады.

Өлшемді металға түсірудің 3 түрі

  • 1) Түзу белгі (бір өлшемді)

    Бір өлшемдегі тұтас темір бөлігін белгілеуге қолданылады (мысалы, сым темір және т.б.).

  • 2) Бір жазықтықтағы белгі

    Белгілі бір бұйымның жалпы көлемін қамти отырып, жазық бетте белгілеуге арналған.

  • 3) Кеңістіктегі белгі

    Кез келген бұйымның немесе өрнектің бейнесін металдың көлемді бетіне түсіру әдісі.

Қолданылатын құрал-саймандар

  • Темір сызғыш

    Өлшемді дәл түсіруге арналған.

  • Бұрыштама

    Тік бұрыштарды тексеру және белгілеу.

  • Біз

    Темір бетіне тырнап сызық түсіру.

  • Өлшеуіш аспаптар

    Дәл өлшеу және салыстыру.

  • Шеңбер сызғыш (циркуль)

    Шеңбер мен доға салу.

  • Қосымша құралдар

    Жұмысқа қарай таңдалады.

Арнаулы біздер: мақсаты және түрлері

Арнаулы біздер темірге бұйымның нақты өлшемін немесе өрнек бейнесін түсіруге арналған. Өндірісте кең қолданылатын негізгі түрлері:

  1. 1) Домалақталған басы бар, үшкір, қатты сым темірден жасалған біз

  2. 2) Басы үшкір, аяғы қайырылған, арнаулы тұтқалы біз

  3. 3) Ауыстырмалы инелі біз

Қарапайым түртпе (кернер): сипаттамасы

Қарапайым түртпе — ұзындығы 100, 125 немесе 160 мм, диаметрі 8, 10, 12 мм болатын домалақ пішінді, басы үшкірленген болат құрал. Ұратын басы жіңішкеріп, доғал болып келеді.

Стандартты ұш

Ұшы әдетте 60° бұрышпен өңделеді.

Жоғары дәлдік

30–45° шамасындағы ұш қолданылады.

Шеңбер тесігіне белгі

75° бұрыштағы түртпе қолданылады.

Сарамандық жұмыс

Тапсырмалар

  • 1) Дайындаманы тік бұрыштап сызу

    Бұрыштама мен сызғышты пайдаланып, қателікті бақылаушы сызық арқылы тексеру.

  • 2) Дайындамаға белгі салу

    Кернегіш (түртпе) және өлшегіш циркуль көмегімен негізгі нүктелер мен контурды белгілеу.

Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1) Сараптау және талдау

    Босату мен жасытудың айырмашылығы неде?

  2. 2) Бағалау

    Жауаптың толықтығы, дәлдігі және терминдерді дұрыс қолдануы есепке алынады.

Үйге тапсырма

Темір өңдеуде және өрнек түсіруде қолданылатын құрал-саймандардың түрлерін, олардың атқаратын қызметін және қасиеттерін меңгеріп келіңдер.

Қорытындылауға арналған сұрақтар

  1. 1) Белгі түсіру технологиясына сипаттама беріңдер.

  2. 2) Темір өңдеуде белгі, өрнек және өлшем түсірудің маңызы қандай?

    Қолданылатын құрал-саймандарға да қысқаша сипаттама беріңдер.