Оқиғалар тізбегі
Сабақтың тақырыбы
Б. Соқпақбаев — «Менің атым Қожа». Қорытынды сабақ: «Түбі адам болатын бала».
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Мәтін мазмұнын баяндату арқылы негізгі ой мен идеяны ұғындыру.
- Мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, қызығушылықты арттыру.
- Ой-пікірді еркін айтуға және өз көзқарасын дәлелдеуге үйрету.
Дамытушылық
- Жазушы шығармалары арқылы өзіндік ой-қиялды өрістетіп, ой түюге баулу.
- Мәтінмен жұмыс істеу және көркем шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту.
- Ізденіске бағыттау, ғылыми жұмысқа бейімдеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Қожа бейнесі арқылы адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге баулу.
- Үлгі-өнеге алуға, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Түрі
Шығармашылық сабақ
Типі
Бекіту сабағы
Әдісі
Жүйелеу, талдау, қайталау
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы, Еркін Рахышевтің «Менің де атым Қожа» фильмінен үзінді, слайдтағы кесте, тірек-сызба, суреттер, Венн диаграммасы.
Сабақтың өтілу жоспары
- 1 «Мынау кім?»
- 2 Оқиғалар тізбегі
- 3 «Бұл қай сәт?»
- 4 «Теріп алу» стратегиясы
- 5 Ой тастау
- 6 «Өз-өзіңе есеп бер!»
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау.
- Психологиялық дайындық: ойды бір арнаға топтастыру үшін ой тастау.
2) Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы — тараулар бойынша мазмұндау. Сонымен қатар автор мен тақырып аясында сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Сұрақ 1: Бердібек Соқпақбаев кім?
Ол — қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі. Жазушы өз шығармаларында өмірден түйгенін, өз көзімен көргенін шынайы суреттеуге ұмтылады.
«…Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан — өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды».
Сұрақ 2: Жазушының шығармалары
- «Менің атым Қожа» (өзім туралы повесть)
- «Жекпе-жек»
- «Қайдасың, Гаухар?»
- «Өлгендер қайтып келмейді»
- «Аяжан»
- «Балалық шаққа саяхат»
- «16 жасар чемпион»
- «Алыстағы ауылда» және т.б.
Сұрақ 3: «Менің атым Қожа» фильмі туралы
Негізгі мәлімет
- Жанр
- Комедия, жанұялық
- Мемлекет
- Қазақстан
- Шыққан жылы
- 1963
- Режиссер
- Абдолла Қарсақбаев
- Әңгіме авторы
- Бердібек Соқпақбаев
- Сценарий
- Б. Соқпақбаев, Н. Зелеранский
- Сазгер
- Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған актерлер
Фильмнің қысқаша мазмұны
Мектепке аты шыққан «сотқар» Қожа бар күшін салып, жақсы болуға тырысады. Әкесінен ерте айырылған Қожаберген үйге жиі келіп жүретін Қаратайдан анасын қызғанады. Досы Сұлтанмен бірге олар талай қызықты оқиғаларды бастан кешіреді. Ауылда беделі жоғары болған Қадырдың баласы Қожа әкесінің абыройын «шелектеп төктім» деп уайымдайды. Дегенмен Қожа — ашық мінезді, арам пиғылы жоқ, ақкөңіл бала.
Пысықтау: суреттермен жұмыс
- Бұл сурет туралы не білесің?
- Кейіпкерлер туралы әңгімеле.
- Қандай оқиғаларды есіңе түсіре аласың?
- Қашан және кіммен кездесті? Сол сәтте қандай жағдай болды?
3) Жаңа сабақты меңгерту
Балалар, сендер «Менің атым Қожа» фильмін көрдіңдер, иә? Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбын өздерің анықтауларың үшін, өтілетін тараудан үзінділер айтып, ой тастаймын.