Графикалық редактордың сурет салу құралдары
6-сынып информатика
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым графикалық редактор. Суретті ашу және сақтау. Графикалық редактордың сурет салу құралдары.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс жасауға үйрету.
Білімділік
Графикалық редактордың командалары мен құралдарын таныстыру, негізгі жұмыс түрлерін меңгерту және редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.
Дамытушылық
Графикалық редактор ұғымын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін және пәнге қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік
Эстетикалық талғам қалыптастыру, шапшаңдық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың әдісі
- Түсіндірме-баяндау әдісі, сұрақ-жауап, тұжырым жасау.
- Пәнаралық байланыс
- Бейнелеу өнері, тарих
Қажетті ресурстар
- Компьютер
- Информатика оқулығы
- Электронды оқулық
Күтілетін нәтиже
- 1 Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
- 2 Редакторды іске қоса алады.
- 3 Сурет салу кезеңдерін біледі.
- 4 Графикалық редактор құралдарының қызметін түсінеді.
- 5 Салынған суретті сақтап, ашып, қағазға басып шығара алады.
Сабақтың жоспары
- 1 Paint графикалық редакторы туралы түсінік
- 2 Paint графикалық редакторында жұмыс істеу
- 3 Paint графикалық редакторының құралдары
- 4 Практикалық бөлім: сурет салу және сақтау
- 5 Қорытындылау
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
- Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
- Жаңа сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Кім білімпаз?» бөлімінде сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақ
«Кім білімпаз?» сұрақтары
- Компьютер дегеніміз не?
- Ақпарат дегеніміз не?
- F1 және F2 қандай пернелер?
- Мониторға қалай қарау керек?
- Пернетақта дегеніміз не?
- Қауіпсіздік ережесінің бірінші тармағын ата.
- Компьютердің құрылғыларына нелер жатады?
- Есептеу техникасының даму тарихы туралы не білесің?
- Операциялық жүйе дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
- Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы қалай аталады?
- Ақпараттың өлшем бірлігі қандай?
- Алгоритм дегеніміз не?
- Модель дегеніміз не?
- Алгоритмнің түрлері қандай?
- Монитор құрылғысының қызметі қандай?
- Бит дегеніміз не?