Балаларға жаз мезгілі туралы сұрақтар қою
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Жыл мезгілдері: жаз және күз
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта · Бөлімі: Экология негіздері
Сабақ түрі
Аралас, дәстүрлі емес
Қолданылатын технология
Монтессори
Пәнаралық байланыс
Қоршаған орта, сөйлеуді дамыту, шығармашылық
Мақсаты
Білімділік
Жаз және күз мезгілдерінің белгілері туралы білімді қорытындылау және жүйелеу. Осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістерді, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі ерекшеліктерді, сондай-ақ күн мен түн ұзақтығының айырмашылығын түсіндіру.
Дамытушылық
Сөздік қорды байыту, қоршаған орта туралы ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту. Монтессори технологиясы арқылы ұсақ саусақ моторикасын жетілдіру.
Тәрбиелік
Табиғатты қорғауға, оның әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
Психологиялық дайындық
Тәрбиеші: «Балалар, қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті. Амандасайық.»
Балалар: «Сәлеметсіздер ме!»
Шаттық шеңбер
Қуанамын мен де!
Қуанасың сен де!
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан әр таңға!
Әңгіме: «Табиғат» ұғымы
Сұрақтар
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
Жауап үлгілері
- Табиғат — бізді қоршаған орта.
- Табиғат екіге бөлінеді: тірі және өлі табиғат.
Қимылды ойын: «Тірі және өлі табиғат»
Ойын шарты
Тәрбиеші тірі табиғат атағанда — қол шапалақтаймыз, өлі табиғат атағанда — аяқпен топылдатамыз.
Мысалдар
- Қарлығашшапалақ
- Таутопылдату
- Ағашшапалақ
- Күнтопылдату
- Қояншапалақ
- Сутопылдату
Жаз мезгілі
Жұмбақ және сұрақ-жауап арқылы бекіту
Қойының толы жеміске,
Көк майсалы егісте,
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жауабы: Жаз
Жаз айлары (қаз/орыс)
- Маусымиюнь
- Шілдеиюль
- Тамызавгуст
Негізгі белгілері
- Күн ыстық, айнала жасыл желекке бөленеді.
- Гүлдер өседі, құстар сайрайды.
- Күн ұзарып, түн қысқарады.
Сөздік жұмыс
Егістік — егін егілетін жер.
Мерекелер
- Балаларды қорғау күні
- Астана күні
- Конституция күні
Тақпақ
Жаз келіпті дегенше,
Алма пісті дегейсің.
Бағымызда ендеше,
Алма теру көбейсін.
Күз мезгілі
Жұмбақ, поэзия және сипаттау арқылы бекіту
Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын,
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Жауабы: Күз
Күз айлары (қаз/орыс)
- Қыркүйексентябрь
- Қазаноктябрь
- Қарашаноябрь
Негізгі белгілері
- Көкөністер мен жемістер піседі.
- Айнала алтын түске боялады, жапырақтар сарғаяды.
- Егіншілер өнім жинайды, қыстық қор әзірленеді.
Сөздік жұмыс
Шабындық — шөп шабылатын, мал азығы дайындалатын алқап.
А. Құнанбаев — «Күз» (үзінді)
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Сергіту сәті
Жел соғады бетіме,
Ағаштарды желпуде.
Жел тына қалғанда,
Ағаштар биік болып өседі!
Топтық жұмыс (Монтессори элементтері)
Балалар екі топқа бөлініп, түрлі түсті жіптер мен көрнекілік құралдарды пайдаланып, жыл мезгілдерін бейнелейді. Жұмыс барысында баяу әуен ойнап тұрады.
1-топ: «Жаз»
Мақсаты: жаз мезгілінің бейнесін берілген құралдар арқылы құрастыру және сипаттау.
2-топ: «Күз»
Мақсаты: күз мезгілінің бейнесін берілген құралдар арқылы құрастыру және сипаттау.
Бағалау
Дайын жұмыстар талданып, балалардың жауаптары мен шығармашылық шешімдері мадақталады.
Дидактикалық ойын: «Не қайда өседі?»
Ойын шарты
Өсімдіктер мен жемістердің қайда өсетінін айтып, оларды дұрыс орналастыру.
Дағды
- Заттарды топтастыру және салыстыру
- Сөздік қорды қолдану
- Логикалық ойлау
Қорытынды
Салыстыру
Жаз және күз көріністері қатар қойылып, ортақ белгілері мен айырмашылықтары талқыланады.
Сұрақтар
- Жаз мезгіліне тән белгілерді ата.
- Күз мезгіліне тән белгілерді ата.
Үй тапсырмасы
Ата-ананың көмегімен А. Құнанбаевтың «Күз» өлеңінен үзіндіні жаттап келу.
Күтілетін нәтиже
Орындайды
Топтағы балалармен пікір алмасуды және табиғатты бақылауды.
Түсінеді
Жаз және күз мезгілдеріне тән белгілерді.
Қолданады
Жаз және күз мезгілдеріндегі өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі өзгерістер туралы білімді.
Автор
Джетписова Айтжамал Қуанышбекқызы
ШҚО, Аягөз қаласы
Мадақтау
«Бүгін сендер сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер. Тапсырмаларды да өте жақсы орындадыңдар!»
Балаларға ынталандыру ретінде жұлдызшалар таратылады.