Қазақстандағы мұнай және газ кен орындары
Қостанай облысы • Рудный қаласы
Химия пәні мұғалімі: Қалиев Ербол
Сабақтың тақырыбы
Мұнай, газ және көмірді өңдеу. Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеу және оның экологиялық аспектілері.
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Сұрақ–жауап, кестемен жұмыс, баяндау, иллюстрация, репродуктивтік әдіс
Пәнаралық байланыс
Тарих, география, биология
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, зертханалық мұнай үлгісі
Сабақтың мақсаты
Білімдік
- Мұнай, газ, көмірдің құндылығы, құрамы мен қасиеттері туралы білім қалыптастыру.
- Мұнай өнімдері (бензин және т.б.), бензиннің детонацияға төзімділігі туралы түсінік беру.
- Термиялық және катализдік крекинг туралы базалық ұғымдарды меңгерту.
Дамытушылық және тәрбиелік
- Талдау, жүйелеу, қорытынды жасау дағдыларын дамыту.
- Есте сақтау қабілетін күшейту, сөздік қорды байыту.
- Уақытты тиімді жоспарлауға үйрету, еңбекқорлық пен пәнге қызығушылықты арттыру.
- Қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешудегі химияның маңызын көрсету.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру және үй тапсырмасын тексеру
2 минутҮй тапсырмасы:
- Көмірсутектердің табиғи көздері.
- Қазақстандағы мұнай және газ кен орындары.
- Қазақстандағы мұнай-газ және көмір өнеркәсібінің дамуы.
Сұрақ–жауап:
- Көмірсутектердің табиғи көздерін атаңыз.
- Мұнай дегеніміз не? Мұнайдың физикалық қасиеттері қандай?
- Мұнайдың құрамына кіретін заттарды атаңыз.
- Табиғи газдың құрамы қандай?
- Табиғи газдың мұнайға серік газдардан қандай айырмашылығы бар?
- Қазақстандағы ірі газ, мұнай және тас көмір кен орындары туралы не білесіз?
II. Білімді бекіту: деңгейленген тапсырмалар
Оқушылар тапсырмаларды нұсқа бойынша орындайды (электронды тест, ойын, сауалнама, химиялық диктант).
1-нұсқа — Тест (электронды)
5 сұрақ-
Мұнайды жеке зат деп есептеуге бола ма?
- а) болады, себебі ол табиғаттан шикізат ретінде өндіріледі;
- ә) ол қолдан жасалған жасанды қоспа;
- б) жоқ, себебі ол көмірсутектердің табиғи қоспасы;
- в) жоқ, себебі ол күрделі бейорганикалық қосылыстар қоспасы.
-
Танкерден теңізге мұнай төгілді. Бұл экологиялық мәселенің қай типіне жатады?
- а) табиғат ресурстарының таусылуы;
- ә) табиғи ортаның ластануы;
- б) тірі ағзалардың жойылып кетуі;
- в) жаңа мұнай сақтау қоймасының пайда болуы.
-
Мұнай өндіру мен пайдаланудың артып келе жатқанын қандай көрсеткіш байқатады?
- а) ешқандай;
- ә) экологияның төмендеуі;
- б) экономиканың артуы;
- в) халық тұрмысының жақсаруы.
-
Табиғи газ бен мұнайға серік газдың қайсысы құрамы жағынан бай?
- а) табиғи газ;
- ә) мұнайға серік газ;
- б) екеуі бірдей;
- в) табиғи газдың құрамы тұрақты.
-
Табиғи газдың құрамында метаннан басқа қандай газдар болады?
- а) этан, этилен, ацетилен;
- ә) этан, пропан, бутан;
- б) бутан, пентан, изобутан;
- в) пентан, гексан, гептан.
2-нұсқа — «Дұрысын тап» ойыны
Т / МЕгер табиғи газ болса — Т, ал мұнайға серік газ болса — М деп белгілеңіз.
- Құрамының 80–96%-ы метаннан тұрады.
- Үш фракцияға бөлінеді: құрғақ газ, пропан–бутан қоспасы, газды бензин.
- Химия өнеркәсібі үшін бағалы шикізат.
- 1 м3 жаққанда 54 400 кДж жылу бөледі.
- Сутек, ацетилен, ароматты және қанықпаған көмірсутектер алынады.
3-нұсқа — Сауалнама
қысқа жауап-
Қазақстанның мұнайға бай аймақтарын атаңыз.
Атырау, Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Ақтау.
-
Ашық түсті мұнай өнімдеріне не жатады?
Бензин, лигроин, керосин, газойль.
-
Детонация деген не?
Бензиннің қопарылыс түрінде жануы.
-
Мұнай өнімдерін жоғары температурада крекингілеу қалай аталады?
Пиролиз.
-
Мазуттың айдалмайтын бөлігі қалай аталады?
Гудрон.
-
Газойлдан не өндіріледі?
Дизель отыны.
4-нұсқа — Химиялық диктант
бос орынМәтіндегі бос орындарды тиісті терминдермен толықтырыңыз:
Табиғи газ молекулалық ________________ көмірсутектер қоспасынан тұрады. Оның ________-ы метаннан, ал қалған бөлігі метанның жақын гомологтары — ________, ________, ________ газдарынан құралған.
Мұнайға серік газдар мұнайда _____________ күйінде болады немесе _________________________ жатады. Негізгі құрам бөлігі __________ болып табылады.
Мұнайдың негізін __________, _____________ және __________ көмірсутектер құрайды.
Жер астынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады. Оны _____________________ деп атайды. Тазартылған мұнай __________________ деп аталады.
III. Жаңа сабақ
Бейне дерек
Мұнай, газ және көмірді өңдеу кезеңдері, алынатын өнімдер және өндірістің экологиялық әсері туралы қысқаша бейнематериал.
Талқылау
Оқушылар негізгі ұғымдарды атап, өндірістің экономикалық пайдасы мен экологиялық тәуекелін салыстырады.
IV. Постермен жұмыс
Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша топпен жұмыс жасап, постер қорғайды.
1-топ
Мұнайды өңдеу
2-топ
Көмірді өңдеу
3-топ
Газды өңдеу
4-топ
Экологиялық аспектілер
Кері байланыс тәсілі: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Топтар бір-бірінің жұмысына екі ұнаған тұсын және бір ұсынысын айтып, пікір береді.
V. «Орнын тап» ойыны
2 минутИнтерактивті тақтада мұнайдан, газдан және тас көмірден алынатын өнімдер көрсетіледі. Оқушылар өнімдерді тиісті санатқа орналастырады.
Өнімдер тізімі:
VI. Терминдермен жұмыс
Оқушылар дәптерге негізгі терминдерді жазып, мағынасын нақтылайды.
VII. Есептер шығару (деңгейлік тапсырмалар)
- Жылына жер қойнауынан 3,6 млрд тонна мұнай өндірілді делік. Егер ол сыйымдылығы 60 тонналық цистерналармен тасылса, ал бір пойыз 50 цистернаны тіркей алатын болса, қанша пойыз қажет?
- Автомобиль 100 км жүргенде 20 м3 пропан газын жағады. Автомобиль 1 км жүргенде ауаға қанша көлем (қ. ж.) ауа жұмсалады?
VIII. Сабақты қорытындылау: альтернативті тест
Оқушылар тұжырымның дұрыстығын белгілеу арқылы негізгі ұғымдарды бекітеді.
Өнеркәсіптік крекинг әдісін орыс ғалымы В. Г. Шухов ұсынды.
+Мұнай суда ерімейді.
+Ректификациялық бағананың биіктігі 35 м болады.
+Бензинді ароматтау үдерісін кокстеу деп атайды.
−Бензиннің қопарылыс түрінде жануын тотығу деп те атайды.
−Қозғалтқышты тез оталдыру үшін газды бензинді кәдімгі бензинге араластырады.
+IX. Проблемалық сұрақ
Сіздіңше зауытты қай жерден салған дұрыс?
Интерактивті тақтада қала, ауыл, өзен, құбыр және мұнай зауытының сызбасы беріледі. Оқушы экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді орынды таңдап, зауытты орналастырады және таңдаудың себебін түсіндіреді.
Бағалау
Әр топтағы оқушылар бағалау парағындағы ұпай санын есептеп, қорытынды баға шығарады.
Үй тапсырмасы
Мұғалім сабақ мазмұнына сәйкес үй тапсырмасын береді (тақырыпты қайталау және қосымша сұрақтарға дайындалу).