Бей - жай күндер, бойкүйез тіршіліктенжіңішкерген жүйкені сан улағам
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Күйзелу
Көңіл - күйде тыншу жоқ:
әлденені аңсай ма, жабыға ма,
өрт кешкендей тынысым тарыла ма,
әлде дауыл тілеген теңіз сынды
бір бұрқаныс сәттерді сағына ма...
Жүргенім - ай
жаным бір жай таба алмай,
жалтаңдаймын көп сырды айта да алмай.
Мазасыз бір күйдемін. Жанымдағы
жалын оты шаршатты қайта жанбай.
Қайда кеткен сәттерім дауылдаған,
тымырсықта күн кешу ауыр маған!
Бей - жай күндер, бойкүйез тіршіліктен
жіңішкерген жүйкені сан улағам.
Қайда менің бейкүнә сағым далам,
сағым далам, кезім жоқ сағынбаған!
Дүниенің барлығын пәк сезінген
қайда армандай күндерім жалындаған?!
Бұл мазасыз көңілдің
міне, отырмын таба алмай бүгін де емін
содан жанды күйзелтіп түңілгенім .
Қайда кеткен өзімді Жер бетінде
бақыттыдай сезетін күнім менің?!
Қайда кеткен сан ойлар көз ілдірмей,
ақ таңдарға ұласқан іңірлерім!..
Кейбіреулер қарайды
маған осы тірлікті қимағандай,
Құдай маған мол бақыт сыйлағандай.
Ал мен болсам күйзелем аласұрып,
жалғыз өзім әлемге сыймағандай.
... Әлде адамға рақат қелмей ме екен
сан күрсінтіп жаныңды қинап алмай?!
Бүгінгінің дерті – бүйрек
Тахауи Ахтановтың Боран атты шығармасындағы диалект сөздердің қолданысы
Ауески ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Кейіпкерлерді бейнелеудегі көркемдік амал - тәсілдер
Белсенді әсер ететін заттар
Бейімделу физиологиясы
Қасиетті сандар
Киелі сандардың қасиеті
Киелі сандар
Нашақорлықтың неше түрлі зардаптары жайлы
ЖАМАҚҰЛЫ БЕЙБАРЫС
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫ
ТОҚТЫБАЙҰЛЫ САҢЫРЫҚ
Валюта нарығындағы валюталық реттеудің нысаны мен әдістері
ҚОҢЫРБАЙҰЛЫ АҒЫБАЙ жайлы жайлы жайлы жайлы
БАЙМЫРЗАҰЛЫ БАЛУАН ШОЛАҚ жайлы жайлы жайлы
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН туралы
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ туралы жайлы
Ұлы Жібек жолы жайлы жайлы
Философия және саясаттану факультетінің 2006 жылы 19 желтоқсандағы Ғылыми кеңесінің мәжілісінің № 3 хаттамасынан