Балабақша әдіскері

Іс-шараның мақсаты

  • Балалардың спорт туралы білімін кеңейту, қызығушылығын арттыру.
  • Достыққа, ұйымшылдыққа баулу.
  • Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын нығайту, ойындарға белсенді қатысу арқылы нәтижелілігін көрсету.

Қош келдіңіздер!

Дене тәрбиесі жетекшісі: «Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы және бүлдіршіндер! “Қыс қызығы” атты жанұялық спорттық сайысқа қош келдіңіздер!»

Алматы қаласында 2017 жылдың 29 қаңтарынан бастап қысқы Универсиада ойындарының өтуіне байланысты №1 «Ақерке» бөбекжай-балабақшасында да ата-аналардың қатысуымен қысқы спорттық сайыс — «Универсиада – Ақеркеде» ұйымдастырылды.

Осы уақытқа дейін қоржынымызға алтын, күміс, қола медальдар түсті. Қазақстандық спортшыларға сәттілік тілей отырып, бүгінгі іс-шараны бастауға рұқсат етіңіздер.

Алға, Қазақстан! Алға, Универсиада!

Денсаулық — бар байлығың бойыңдағы, Жайнаған өміріңнің жолын бағы. Қастерлеп, мәпелеп аяласақ, Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы.

Осы өлең жолдарын арқау ете отырып, ата-аналар мен балабақша арасындағы «Қыс қызығы» жанұялық эстафеталық сайысымызға қош келдіңіздер!

Қатысушылар

Сайысқа қатысушы топтар:

  1. 1 Салиевтер отбасы
  2. 2 Темірбаевтар отбасы
  3. 3 Мырзабековтар отбасы

Қошеметпен қарсы алыңыздар!

Әділқазылар алқасы

  • Балабақша меңгерушісі: Қарымсақова Рабиға Көптілеуқызы
  • Балабақша әдіскері: Серікбаева Клара Тоғамысқызы
  • Балабақша мейіркеші: Ашықбай Сәуле Төреханқызы

Рәсім

Әнұран орындалады.

Рәсім

Ту көтеріледі.

Рәсім

Командалар сәлемдеседі.

Сайыс кезеңдері

Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

1) Аққала құрастыру

Шарты:

  • Әкесі кедергілер арасынан өтіп, аққаланың бір көзін қояды.
  • Анасы кедергілер арасынан өтіп, екінші көзін қояды.
  • Бала мұрнын қояды.

Осылайша, кезек-кезек аққаланың бет-әлпеті құрастырылады.

2) Қай топтың шанасы алда?

Шарты:

Ата-аналар балаларын шанаға отырғызып, кедергілерден өтіп, межеге дейін барып айналып, бастапқы орнына қайтады.

3) Қар жинау ойыны

Шарты:

Жерде жатқан “қарды” отбасы болып кедергілер арасымен жүріп, шелекке толтырады.

4) Құрсаумен мәреге жету

Шарты:

Әкесі құрсаумен кедергілер арасынан өтіп, өз жанұясын бір-бірлеп жинап, мәреге жеткізеді.

Қорытынды сөз

Бүгінгі сайысқа қатысқан ата-аналарға көп рақмет! Сіздер ұйымшыл әрі мықты отбасы екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Енді әділ баға беретін әділқазылар алқасына сөз береміз.

Бүгін, міне, оң болып әр ісіміз, Жоғары боп күш-жігер, намысымыз. Осылайша қуанышпен думандатып, Аяқталды, халайық, жарысымыз.

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, №1 «Ақерке» бөбекжай-балабақшасы

Дене тәрбиесі жетекшісі: Төлегенова Айсәуле Оңбосынқызы