Оқушыларға қайнау құбылысының физикалық мағынасын түсіндіру
Сабақтың тақырыбы
Қайнау. Меншікті булану жылуы.
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға қайнау құбылысының физикалық мағынасын түсіндіру.
- Сұйық буланғанда энергия жұтылатынын, ал бу конденсацияланғанда энергия бөлінетінін ұғындыру.
- Физикадан алған білімді практикада қолдануға үйрету.
Дамытушылық және тәрбиелік мақсаттар
- Оқушылардың ой-өрісін, логикалық ойлауын және пәнге қызығушылығын дамыту.
- Өз бетінше ізденуге, жауапкершілікке, табандылыққа, қиындықты жеңуге және шығармашылыққа тәрбиелеу.
- Алған білімін қоршаған ортада еркін қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі
Оқытудың жаңа технологияларын қолданатын жаңашыл сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Деңгейлік тапсырмалар
- Сұрақ-жауап
- Халық педагогикасы элементтері
Көрнекіліктер
- Слайд түрінде берілген тапсырмалар
- Интерактивті тақта
- Сынақ кітапшалары
- Кестелер
- Қима қағаздар
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын сұрау
- Жаңа сабақты түсіндіру және есептер шығару
- Үйге тапсырма беру
- Бағалау
Үй тапсырмасын мақал-мәтелдер арқылы пысықтау
Аузы күйген үрлеп ішеді.
Дән себілмей астық өнбейді, дария буланбай шық түспейді.
Күн шыққан соң суғарған суды күн жұтады. Күн батқан соң суғарған суды жер жұтады.
Жаңа сабақ: «Алдар көсе қонақта» (проблемалық сұрақ)
Бірде Алдар көсе байдың үйіне қонаққа келеді. Үйде Алдар көсе баймен ұзақ әңгімелесіп отырады. Ал байдың бәйбішесі сыртта самаурындағы шай қайнаса да, отын бәсеңдетіп, шайды үйге алып кірмей отыра береді.
Біраз уақыттан кейін Алдар керегеден қарап: «Бәйбіше, сырттағы самаурындағы шай қайнап жатыр», — дейді. Сонда асығып-сасқан бәйбіше: «Оны қайдан көріп отырсың, қу Алдар?» — деп таңырқайды.
Сұрақ
Алдар шайдың қайнағанын шынында қайдан білді?
Оқушылардың жауаптары тыңдалып, мұғалім толықтырып, жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.
Жаңа сабақты бекіту
- Қайнау барысында берілген энергия неге жұмсалады?
- Судың меншікті булану жылуы 2,3 × 106 Дж/кг екенін қалай түсінесің?
Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей: Физикалық диктант
Уақыты: 1 минут • Бағалау: әр жауапқа 1 ұпай
- Сұйықтың газ тәрізді күйге өтуінің екі тәсілі бар. (2)
- Ауаның салыстырмалы ылғалдылығының өлшем бірлігі — пайыз.
- Будың сұйыққа айналу құбылысы конденсация деп аталады.
- Ауаның ылғалдылығын жылдам анықтайтын құрал — психрометр.
- Адам өмірі үшін қолайлы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы — 40–60%.
II деңгей: Формулаларды сәйкестендіру
Уақыты: 2 минут • Бағалау: әр дұрыс жауапқа 2 ұпай
Тапсырма: берілген формулаларды олардың физикалық мағынасымен сәйкестендір.