Наурыз өлеңінің жалғасын тап

Сабақтың тақырыбы

Наурыз

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік мақсаты

Оқушыларға «Наурыз» өлеңі және ақын М. Дулатовтың өмірі туралы мәлімет беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу.

2) Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың сөздік қорын молайту, көркем жазуға дағдыландыру, әдеби-көркем сөздердің мәнін түсініп, жүйелі сөйлей алу дағдысын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік мақсаты

Табиғатты, жануарлар мен құстарды, қоршаған ортаны аялауға баулу; экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың типі
Жаңа білім беру
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО, УОӘ

Ресурстар мен күтілетін нәтиже

Көрнекілігі
Электронды ақпараттық құралдар
Болжанатын нәтиже
Өлеңді мәнерлеп оқуға дағдылану

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды тыныштандырып, назарын сабаққа аудару.

Топқа бөлу

  • І топ: Қызғалдақ
  • ІІ топ: Бәйшешек
  • ІІІ топ: Жауқазын

Әр топтан есепші сайланып, берілген ұпайларды есептеп отырады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. 1 Т. Дәуренбековтің «Ақ бота» әңгімесін оқу.
  2. 2 Түсінік айту (мазмұнын қысқаша баяндау).
  3. 3 Мәтін бойынша сурет салу.

ІІІ. Сергіту сәті

Аспанға қарадым — ай көрдім,
Төменге қарадым — жер көрдім.
Оңға, солға бұрылдым,
Егеменді ел көрдім.

IV. Жаңа сабақ

Жаңа сабақты бастамас бұрын суретке назар аударайық: онда не бейнеленгенін айтайық.

Сұрақтар: — Суретте не көріп тұрсыңдар? — Бұл қай мезгіл? Күтілетін жауап: Көктем.

Бүгінгі тақырыбымыз — «Наурыз». Өлеңнің авторы — М. Дулатов.

М. Дулатов туралы қысқаша мәлімет

М. Дулатов Торғай облысындағы Сарықопа өңірінде дүниеге келген. Ол — ақын, жазушы және педагог. Шығармаларында жастарды оқу-білімге, ғылымға шақырған. Кейін «ұлтшыл» деген жаламен жазықсыз жазаға ұшыраған.

Өлеңмен жұмыс

  • Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды, оқушылар кітаптан көз жүгіртіп отырады.
  • Оқып болған соң әр шумақ қарапайым тілмен түсіндіріледі.
  • Оқушылар өлеңді кезектесіп оқиды.

«Түртіп алу» жүйесі

Өлеңнен маңызды ойлар мен тіркестерді белгілеп, қысқаша жазып отыру.

Сөздікпен жұмыс

Түсініксіз сөздер анықталып, мағынасы алдымен сыныптан сұралады, қажет болса мұғалім толықтырады.

V. Сабақты бекіту

1) «Тапқыр достар» ойыны

«Наурыз» сөзінен жаңа сөздер құрастыру.

2) «Кім жылдам?» ойыны: Бес жолды өлең

  1. 1. Не?
  2. 2. Қандай?
  3. 3. Не істеді?
  4. 4. Не үшін?
  5. 5. Жалпы ой түйіндеу.

І топ

Төрт түлік мал туралы

ІІ топ

Құстар туралы

ІІІ топ

Гүл туралы

3) Ой шақыру: жұмбақтың ұйқасын тап

Берілген шумақтардағы көп нүктенің орнына тиісті сөзді тауып, ұйқасын толықтыру.

Ұнатады шуды __________________

Бұл бір ойын шулы. __________________

Атқа мініп жігіт __________________

Ару қызды қуды. __________________

Екі күшті сіресті, __________________

Бір-бірімен тіресті. __________________

Сайыстың ең қызығы — __________________

Кім білмейді күресті. __________________

Ас үстінде көп бар __________________

Қолға алмайды шоқпарды. __________________

Ешкі терісін өңгеріп __________________

Тартады ол көкпарды. __________________

Текке кетпей еңбегі __________________

Мұнда керек жеңбегі. __________________

Ат үстінде еңкейіп __________________

Алу керек теңгені. __________________

Шалғайыңды басып __________________

Қалып жүрме сасып. __________________

Көздеп, дәлдеп ататын __________________

Ойын аты асық. __________________

Шу де мейлі, әй де __________________

Тұлпар, құнан, тай да __________________

Баптап қосар жарысқа __________________

Жарыс аты бәйге. __________________

4) «Наурыз» өлеңінің жалғасын тап

Өлең екі жолдан әр топқа бөлініп беріледі. Оқушылар кітапты жауып, жалғасын жатқа айтып толықтырады.

«Наурыз» (үзінді)

Аспанда күннің нұры

Мақпалдай жердің түрі

Қуаныш мал мен жанда

Қыс шыққан өлмей тірі

Бай, жарлы келген күй

Ойын-той ауыл, үйі

Қой сойып, қонақ асы —

Мырзалық еткен сыйы

Ойнаған анау бала

Көк орай жалын дала

Егіндік егін еккен

Ұзамай болар жаңа

Келіпті жылдың құсы

Күнде шу көлдің тұсы

Күн жылы, ызғары жоқ

Жаз шығып, кеткен қысы

Боздаған анау түйе

Құлындап жатыр бие

Гүлдеуге бет алып тұр

Қызарып қызыл шие.

VI. Бағалау

Топтың аты Жалпы ұпай саны
І топ — Қызғалдақ ________
ІІ топ — Бәйшешек ________
ІІІ топ — Жауқазын ________

VII. Үйге тапсырма

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Көктем мезгілі туралы шағын әңгіме жазып келу.