Қажымұқан туралы деректеме

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пән

Әдебиеттік оқу

Тақырып

Мұратхан Тәнекеев: «Қажымұқан»

Сабақ түрі

Топтық жұмыс

Әдістер

Сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу

Көрнекіліктер

Автор портреті, сызбалар, бейнеролик

Сабақтың мақсаты

1) Танымдық мақсат

Алып палуан Қажымұқанның өмірімен таныстыру; мәтінді түсініп оқуға, жүйелеп айтуға үйрету.

2) Дамытушылық мақсат

Есте сақтау қабілетін дамыту; мәдениетті, жүйелі сөйлеуге, ойын тұжырымдап айтуға және салыстыра білуге баулу.

3) Тәрбиелік мақсат

Спорт түрлерімен шұғылданатын, шыныққан, жігерлі азамат тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық.
  • Музыка ырғағымен қимыл-қозғалыс жасау.

Топқа бөлу

Оқушылар батырлар есімімен аталған топтарға бөлінеді:

1-топ

Әлия

2-топ

Мәншүк

3-топ

Бауыржан

4-топ

Нұркен

Үй тапсырмасын сұрау

«Микрофон» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріледі:

  • Әңгімені кім баяндап отыр?
  • Комбаттың келген жауынгерлерге неліктен көңілі толмады?
  • Мойсеевтің райынан қайтуына не себеп болды?
  • Әлияны ол қайда жұмсады?
  • Әлия барды ма?
  • Неліктен бармады?

Үй тапсырмасын пысықтау

Ассоциация құру: «Әлия Молдағұлова кім?»

Батыр Мерген Қайсар Ана

Мақсат қою кезеңі

  • Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау: Мұратхан Тәнекеев — «Қажымұқан».
  • Қажымұқан туралы бейнеролик көрсету.
  • Бұрын өткен тақырыпты еске түсіру: 2-сыныпта «Алып бала» (авторы Қалмақан Әбдіқадыров) мәтіні оқылған. Оқушылардан: «Ол қандай ерлік көрсетті?» деген сұрақ арқылы талқылау жүргізу.

Жаңа сабақ

А) Автор туралы мәлімет

Мұратхан Тәнекеевтің шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріледі, мәтіннің мазмұнына кіріспе жасалады.

Ә) Мәтінмен жұмыс

  • Тізбектей оқыту.
  • Сөздікпен жұмыс.
  • Топтық тапсырмалар орындау.

Топтық жұмыс тапсырмалары

1-топ

Мәтінде Қажымұқан қалай сипатталады?

2-топ

Нұрлы мен Қажымұқанды салыстырып, Т-кестесін құрыңдар.

3-топ

Мәтіннің әр бөлігіне ат қойыңдар.

4-топ

Сурет бойынша жұмыс: оқулықтың 109-бетіндегі суретке сүйеніп, әңгіме құрастырып айтыңдар.

Бағалау: әр топ бірін-бірі «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Жеке оқушымен жұмыс

Қабілетті оқушыға

Қажымұқан туралы деректеме дайындау.

Туған жылы
1871
Жетістігі
18 медаль иегері
Қайтыс болған жылы
1948

Үлгерімі төмен оқушыға

Мәтіннен балуандардың күресі сипатталған жерін тауып, дауыстап оқы.

Сабақты бекіту

«Синквейн» әдісі: 5 жолды өлең құрастыру.

  1. Қажымұқан (зат есім)
  2. Мықты, батыл (сын есім)
  3. Шықты, күресті, жеңді (етістік)
  4. Мұқан туған еліне оралды (төрт сөзден тұратын сөйлем)
  5. Балуан (мағыналы сөз)

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді түсініп оқу.
  • Мазмұнын айту.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарының сапасына қарай бағаланады.