Сәлем - сөздің анасы сәлемдесу

Түлкібас ауданы

«Алтын дән» балабақшасы

Меңгеруші: Күлшат Беспаева

Регламент

45–55 минут

Тақырыбы

«Көргенді отбасы»

Сабақ түрі: жаңашылдығы бар, қазақы салт-дәстүрді дәріптейтін отбасылық сайыс.

Міндеті мен мақсаттары

Міндеті

Отбасында этикалық-эстетикалық тәрбиені дамыту.

Негізгі мақсаты

Этнопедагогиканы жаңғырту, отбасының беделін көтеру және бәсекеге қабілетті ата-аналарды машықтандыру.

Білімділік мақсаты

Қазақы менталитетті таныту.

Тәрбиелік мақсаты

Отбасылық тәрбиенің негізгі элементтеріне шолу жасау.

Дамытушылық мақсаты

Отбасында ынтымақ пен өзара қолдауды нығайту.

Қолданылатын көрнекіліктер

  • Бүктемелер
  • Техникалық құралдар
  • Қазақы дәстүр бұйымдары

Сайыс барысы

Бастапқы бөлім: көрермендермен амандасу, назарды ортаға аудару.

  1. 1) «Сәлем — сөздің анасы»

    3 минут

    Сәлемдесу рәсімі.

  2. 2) «Өнерлі өрге жүзер»

    3–5 минут

    Өнер көрсету: қолөнер, би, ән, күй (еркін тақырып).

  3. 3) «Дәстүріңді сақтай біл»

    5–7 минут

    Әр отбасы бала тәрбиесіне қатысты, өз отбасына лайықты салт-дәстүрді көрініс арқылы көрсетеді (мысалы: шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той).

  4. 4) «Артық болмас білгенің»

    5 минут

    Берілген заттарға қарап, қатысушылар оның бағасын, қолданылуын түсіндіреді. Әр тапсырмада «тосын сый» сұрағы болады — міндетті түрде жауап беріледі.

  5. 5) Қорытынды және марапаттау

    Нәтиже шығару, қатысушыларды мадақтау.

Негізгі бөлім: жүргізушілер мәтіні

1-бөлім: «Сәлем — сөздің анасы»

1-жүргізуші

Сәлем сізге, көпшілік замандастар! Адамдықтың белгісі — амандасу. Бақ сынап ата-аналар келіпсіздер! «Асыл тастан, өнер жастан» демей ме?!

2-жүргізуші

Тас үйдің салдық бүгін түтіндігін, отбасылық байқауына келіп бүгін! Ендеше, көрермендер, қол соғыңыздар — үлгілі отбасылар сайысына қош келдіңіздер!

Ұйымдастыру тәртібі

  • Әр топ әуенмен ортаға шығып, қазылар алқасының алдына барып, нөмірін алады.
  • Сәлемдесу рәсімін жасайды.
  • Топ атауын қойып, оған қатысты белгі/символ дайындайды және қорғайды.
  • Қазылар алқасы ұпай қояды.

2-бөлім: «Өнерлі өрге жүзер»

1-жүргізуші

Асыл тастан шығады,

2-жүргізуші

Өнер жастан шығады.

1-жүргізуші

Өнерлі — өрге жүзеді, өнер алды — қызыл тіл.

2-жүргізуші

«Ел іші — өнер кеніші» демекші, енді ортада отбасылардың қолөнер, би, ән, күй бойынша еркін тақырыптағы өнерін тамашалайық.

3-бөлім: «Дәстүріңді сақтай біл»

1-жүргізуші

Шілдехана, бесік той!

2-жүргізуші

Тұсаукесер, сүндет той!

1-жүргізуші

Пай, шіркін-ай! Қазағымның салт-дәстүрі — кең пейілі дархан даласынан да кең. Олай болса, отбасыларымызды ретімен ортаға шақырамыз.

4-бөлім: «Артық болмас білгенің» — тапсырмалар

Қатысушылар берілген заттарды таныстырып, қолданылуын айтады. Әр кезеңде «тосын сый» тапсырмасы беріледі.

1-заттар

Кебеже, торсық, күбі — қолданылуы туралы айту.

Тосын сый

Ою ойып беріп, атауын айту.

2-заттар

Үкі, қамшы, бүркіт — қолданылуы туралы айту.

Тосын сый

Үш нөмірленген стаканда айран, қымыз, сүт, қымыран ұсынылады. Дәміне/белгісіне қарай ажыратып айту; қазылар нөмір арқылы тексереді.

3-заттар

Ағаштан жасалған ыдыстардың атауларын айту.

Тосын сый

Берілген түсті картоннан құрақ құрап, түстерін үйлестіріп жапсыру.

4-заттар

Ер-тоқым, абзел, таға — қолданылуы туралы айту.

Тосын сый

Майтары мен сөк дайындау.

Құрметті сайыскерлер, сіздердің құрметтеріңізге арнап музыкалық сәлемдемемізді қабыл алыңыздар.

Қорытынды сөз

1-жүргізуші

Демеңіздер, өнерді аяп қалды,

2-жүргізуші

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

1-жүргізуші

Қош болып тұрыңыздар, кездескенше!

2-жүргізуші

Осымен сайысымыз аяқталды!

Марапаттау және мадақтау рәсімі өткізіледі.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}