Жатырқағыш қарағым, Жат мінезден азатпын

Қадыр Мырза Әли

Александр Дюма және Астархан алабы

Бір сәт шықпай ойынан
Бұйра толқын, Ақ жазық,
Атыраудың бойынан
Отыр Дюма хат жазып:
"Кітап болып ермегі,
Қанша білім игерсін,
Бірақ Дала көрмеген
Түк көрмедім дей берсін!
Армансыз бір демалып,
Аунау қандай жаз құмда.
Бақасындай Сенаның
Бықып жүрген қаз мұнда!
Салты бөлек басқа үйдің
Ерте тұрар,
Кеш жатып.
Жағасында Каспийдің
Салдық көбін қаусатып!
Киіз үйден жасаулы
Көз сүзеді үміттер.
Шалма тастап асауға,
Шіренеді жігіттер.
Жас балалар жарысар
Жайдақ мініп атыңа.
Алып келген алыстан
Қызығады затыңа...
Жүрек шіркін шерменде,
Жаттап сезім дәрісін.
Желігесің Көргенде
Желмаялар жарысын.
Түстім ұзақ, асықпай,
Басқұншақтың тұзына.
Көз жүгірттім
Асықпай
Қалмақтардың қызына.
Жатырқағыш қарағым,
Жат мінезден азатпын.
Қиылып - ақ қарадым
Қыздарына қазақтың!
Қалай қонақ сыйлайды
Сахараның сүйрігі!
Қос табаққа сыймайды
Қазақы қой құйрығы!
Ақсүйектер баяғы
Ас еместі ас депті.
Дәмін татқан жаяның
Жемес еді басқа етті!
Күн қызарып батады
Қызғылт нұрын шұбатып.
Жапан қалғып жатады
Жұтып алып шұбатын!
Көргенің жөн көзіңмен
Қолыңның бір босында.
Қырдың халқы сезінген
Қызық тірлік осында!
Кітап болып ермегі
Қанша білім игерсін,
Бірақ Дала көрмеген
Түк көрмедім дей берсін!"



Ұқсас жұмыстар

Шығармадан Бауыржан атамыздың адамгершілік дәрежесінің көрсеткіші екендігіне көз жеткізу
Мағжан Жұмабаевтың педагогика ғылымын дамытуға қосқан үлесі
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «алыптар тобындағы» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург бейімбет майлиннің алатын орнын анықтау
Оқушыларды тәрбиелеуде М.Жұмабаевтың педагогикалық мұрасын (педагогика оқулығы) пайдалану
Мүшелге табыну мақсат емес, әлемеу қателік
Ә. Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романындағы Әмірші бейнесі
Жеңге және жезде мектебі
Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға дифференциациялық тұрғынан келу
М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде
ҚР территориясында әрекет ететін стандарттау бойынша нормативтік құжаттар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОРҒАУҒА ЖАТАТЫН ҚҰСТАР туралы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОРҒАУҒА ЖАТАТЫН ҚҰСТАР
ҚҰЖАТТАРДЫ ТОПТАСТЫРУ
Құжаттарды баспаға шығару
АҚ-ның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру
“Мүсін” жаттығуы
Сілтеу жаттығулары.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау