Өнермен техникалы жұмсап еңбек
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері
ОҚУ
Бүгіндегі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек,
Өнер - білім, адалдық, ар - намысты
Жоятын надандық қой емсіз індет.
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,
Оқыса басқа елдердей қатарға енбек.
Білімге ел боп аңсап құмарланса,
Жетілмек аз - ақ жылда жоғары өрлеп.
Көрші елдер өнерсізді қорлап күлмек,
Оқу мен бірлік болса, көзіне ілмек.
Қараңғы Қарынбайдай надан болсаң,
Байлығыңа иелік бермес күндеп.
Өнерлі ел бар мұқтажын жерден ембек.
Өнермен техникалы жұмсап еңбек.
А, құдай, өзі берден түк шықпайды,
Талаптанып, талпынсаң сонда бермек.
Алдыңғы ел малға емес, жерге сенбек,
Бар мұқтажы адамның жерден өнбек.
Басқаға малайлыққа жеккен күшті
Жұмсасақ өзің үшін шындап терлеп.
Өнерге сай боп келсін бірлік, ерлік,
Сонда ғана аларсың сен де теңдік.
Надандықтан екенін білесіз бе,
Көрінгенге болғаның семіз жемдік.
Ел болуға алдымен білім тірек,
Бір сөзді, бір ауызды намыс керек,
Жалғыз ғана оқумен теңелмейсің,
Алты ауыз - азғын болсаң қоян жүрек.
Қажырлы ел жаннан арын артық көрмек,
Өнерге ұмтылатын аңсап - шөлдеп.
Қорғайды елін, жерін қаныменен,
Болмайды жаннан қорқып басын имек.
Наданды әркім жейді нандай илеп,
Жыртқыш ілген үйректей тірі жүндеп.
Өгей бала секілді тесік өкпе
Жалғанда теңдік көрмей жаны күймек.
Ел дейтін адал басшы әзір сирек.
Көпшілігі табансыз, қорқақ күйрек.
Елі үшін құрбанға шалса разы
Кім бар еді ту ұстаған елін сүйреп?!
Төре көрсе жалаң бас шұлғып, билеп,
Бәйек боп әулиедей ізін сүймек.
Елге келсе, өтірік мақтанатын:
Қорқайын ба, ұлыққа айттым сөйдеп .
Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,
Біз үшін отқа, суға түсіп жүр деп.
Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес,
Неше мың жыл өтсе де тарих білмек!
ШҚО Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
10 сынып оқушысы Сағындықова Назерке
Оқушыларға керекті ағаш өңдеуге ағаш тесу, өңдеу қондырғыларымен таныстыру
Алтын өнеркәсібіндегі кәсіпкерліктің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдерін дамытудың мүмкіндіктерін талдау
Оқушылардың эстетикалық талғамы
Міржақып Дулатов туралы
Музыка өнері және оның тәрбиелік тұғырлары
Экологиялық жобалау тәртібі және сатылары
Инновациялық және инвестициялық қызметтер
Балаларға түр мен түс туралы көркемдік тәсілдер туралы жалпы түсінік беру мен қатар табиғи формаларды өрнекке пайдалану
Қазақстан Республикасының инновациялық инвестициялық қызмет тиімділігі
Объектіден ақпараттың техникалық арналар арқылы сыртқа кетуі және оған қарсы іс-шаралар
Еңбекақыны есептеудегі аудиттің мақсаты мен міндеттері
Еңбек ақының мәні, түрлері және принциптері.
Еңбек ақыны талдау
Еңбек ресурстар нарығы мен оның құрылымы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)
Ахмет Байтұрсынұлының өз қолымен жазған еңбектер
Азаматтық және еңбек құықтары
Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары
Техникалық процесті қауіпсіз жүргізу техникасын оқып- үйрету