Қолөнер - мол өнер

Тақырып

Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық.

Мақсаты

  • Қазақ халқының бай қолөнер мұрасымен таныстыру, халық өнерін қастерлеуге және үлгі тұтуға үйрету.
  • Әсемдікті тани білуге баулу, эстетикалық ой-өрісті дамыту.
  • Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік

Слайдтар, суреттер, қолөнер бұйымдары, домбыра.

Кіріспе ой

Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне, адамгершілік-моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, эстетикалық сезімдерінің орнығуына және алға қойған мақсатының айқындалуына игі әсер етеді. Сондықтан халық ұрпағының өнердің сан саласынан толық мағлұматты болуын аңсап, бұл мәселеге әрдайым ерекше мән берген.

Осыған орай мақал-мәтелдерде: «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Өнер – таусылмас азық, жұтылмас байлық» деп, өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, рухани байлығы ретінде бағалаған.

Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері – өзінің төлтума болмысымен, көркемдік мән-мағынасымен ғасырлар сүзгісінен өткен асыл қазына. Осы қазынаны жоғалтпай, әрі қарай дамыту – болашақ ұрпақтың міндеті.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын аудару, сабақтың мақсаты мен құрылымын таныстыру.

Тәрбие сағатының құрылымы

  1. Қолөнер – мол өнер
  2. Кім жылдам?
  3. Ойлан, тап!
  4. Өнер талаптан туады

1-бөлім: Қолөнер – мол өнер

Қолөнер – қолмен жасалатын еңбек. Халық тұрмысында өру, ою, зергерлік, тігу, тоқу, жону, құрастыру секілді жұмыстардың бәрі халық қолөнеріне жатады. Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа кең тараған өнердің бір түрі – ою-өрнек.

Құстұмсық

Бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. Құстұмсық тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою қиғанда орта сызықтың ұшы құстың тұмсығына ұқсап шығатындай етіп бейнеленеді.

Құстұмсық жүзік немесе топсалы сәлемдеме ретінде де қолданылған. Мұндай жүзік туыстар арасындағы дәнекер қызметін атқарған.

Қошқармүйіз

Қошқардың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйізін бейнелейді. Мүйіздің қолтық тұсынан қойдың құлағын меңзейтін шолақ мүйіз тәрізді екі буын көрінеді.

Түйетабан

Түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. Кейде қарта, қарға, қызылайыр өрнектеріне ұқсас келеді.

Қосалқа

Әшекейлі тізілген мойынға тағатын моншаққа ұқсас болып келеді. Қазақ оюларының ішінде ең көп тараған түрлердің бірі. Шебер үйлестірілген қосалқа оюлары тұтас композициялық өрнек жүйесін құрайды.

Тұмарша

Үшбұрыш үлгісіндегі өрнек. Тұмар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына да бойтұмар ретінде тағылған. Кілем бұйымдарының жиегінде, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде жиі кездеседі.

Топтық жұмыс

Ою-өрнек түрлерімен танысқаннан кейін кезек практикалық тапсырмаларға беріледі:

  • 1-топ: ою-өрнек үлгісін жасау.
  • 2-топ: қағаздан құрақ құрау.
  • 3-топ: қағаздан торсық жасап, ою жапсыру.

2-бөлім: Кім жылдам?

Мақалды жалғастыр

Тілі – бізі

Шешеннің тілі – шебердің бізі.

Қолы – тоны

Қай біреудің қолөнер қолымен тіккен тоны – өнер.

Жақсы – жаман

Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен.

Өнерлі өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

Ілім – іштегі нұр,

Өнер – сыртқа салынған түр.

Өнер қанат,

Білім – санат.

Қол өнері кілемде,

Сөз өнері өлеңде.

Өнер қуып ой түзе,

Жұмыс қылып бой түзе.

Сондай-ақ: «Өнерлі өрге жүзер», «Өнерлі қол – бақытқа жол», «Өнерді үйрен – үйрен де жирен» деген нақылдар да ойды бекіте түседі.

3-бөлім: Ойлан, тап!

1-топ

Жұмбақ құрастыру.

2-топ

Өлең шығару.

3-топ

Өлеңді жалғастыру.

Өлең жолдары

Өлең деген – өмір сүру, іздену,

Білмегенді білгендерден үйрену.

Өлең деген – ...

4-бөлім: Өнер талаптан туады

Сайыс

Сынып ұлдары қол күреске шығады.

Өнер көрсету

Ортаға өнерлі қыздар шақырылып, шығармашылық шеберліктері таныстырылады.

Күй және би

  • Қосалқа биі орындалады.
  • Күй орындалады (Мұхаммеджан мен Мирас).

Табылар бойларыңнан келер білім,
Арқалап келіп өнер жүгін.
Бүгін шаш үлгісін жасайтын,
Көреміз қыздардың шеберлігін.

Қорытынды

Халық даналығы: «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық». Өнер түрлері ел ішінде мол, халықпен бірге жасап келеді және жасай береді. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.