Шешенің сабағы қыз бала үшін өмірлік өнеге болатыны ақиқат

Карьера деген не өзі?

Қазіргі кезде «ең алдымен карьера жасауым керек, отбасы сонан соң» дейтін қыз-жігіттер көбейіп барады. Бұрын «жасың өтіп кетіп, өкініп қалма, ең алдымен отбасын құрғаның жөн» деп тоқтам айтатын ата-ана табылар еді. Ал бүгінде керісінше, «бізді бағады» деп қолпаштап, осы бағытқа өзі итермелейтін жағдай жиілегендей.

Осы көзқарастың салдары

Нәтижесінде кәрі қыздар мен сүр бойдақтардың саны жыл өткен сайын артып келеді деген алаңдаушылық бар. Соңғы кезде кердеңдеген, тасыраңдаған, әдепсіз әрекетімен көзге түсетін қыздардың көбейгені де жиі айтылады.

Кейде анасы қызының құлағына қайта-қайта: «Күйеуге шықсаң, төрт қабырғадан басқа түк көрмей, бала бағып отырасың» деп құя береді. Мұндай сөзді тыңдап өскен қыз баланың бақытты болуға деген сенімі қайдан қалыптассын? Ананың «сабағы» қыз бала үшін өмірлік өнеге болып сіңетіні рас.

Ата-ананың жауапкершілігі

Ата-ананың бала алдындағы басты міндеті — «ұлды ұяға, қызды қияға» уақтылы қондыру емес пе? Әлде мен қателесем бе, қазір заман басқа ма?

Қыз баланың өмірлік мақсаты туралы ой

Меніңше, қыз баланың ең басты мақсаты — жасы жетісімен тұрмыс құрып, бала тәрбиелеп, ана атанып, бір әулетті ұйыстырып отыру емес пе?

«Карьера» ұғымына күмән

Карьера деген не өзі? Жалмаңдап, өзіңді де, өзгені де қажытып, қайран уақытты бос өткізу ме?

Жайна.