Геометриялық фигуралар ішінен шаршыны тап
Бұл жоспар бастауыш сыныпқа арналған математика сабағын «саяхат» формасында ұйымдастыруға көмектеседі. Негізгі тақырып — аудан бірлігі: квадрат сантиметр (см²).
Сабақтың тақырыбы
Аудан бірлігі — квадрат сантиметр.
Әдістері
- Сұрақ–жауап
- Талдау
- Іздену
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Квадрат сантиметр (см²) ұғымымен таныстыру.
- Есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.
- Өткен тақырыптарды бекіту.
Дамытушылық
- Өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту.
- Танымдық белсенділікті арттыру.
- Есте сақтау мен ой-өрісті дамыту.
Тәрбиелік
- Тапсырмаларды орындауда шапшаңдыққа баулу.
- Тазалық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер
Сабақтың барысы
1-аялдамаҰйымдастыру кезеңі
Оқушы назарын сабаққа аудару
Сыныпты тыныштандырып, жұмысқа бағыттау: қатысушылардың зейінін бір нүктеге жинақтау.
Психологиялық дайындық
Ал, балақай, тұрайық,
Көңіліміз қандай? (Мынадай!)
Талабымыз қандай? (Таудай!)
Жігеріміз қандай?
Жарайсыңдар, балақай,
Назар сал енді сабаққа!
Релаксация: «Қызықты математика әлеміне қош келдіңдер!»
Өткенді еске түсіру
2-аялдамаОқушылар үш топқа бөлініп отырады. Топ жетекшілеріне әр қатысушыны белгілейтін бағалау парағы беріледі.
Алғашқы аялдама: «Кім жылдам?» (ауызша есептеу)
- 15 пен 7-нің көбейтіндісі неше?
- 25 пен 3-тің көбейтіндісін жаз. Көбейтудің компоненттерін ата.
- 3Көбейткіштердің орнын ауыстырып, көбейтінді құрастыр.
- 4Қандай қасиет қолданылды?
- 5Белгісіз сан мен 46-ның қосындысы 215-ке тең болатындай теңдеу құр.
- 6Белгісіз сан мен 92-нің айырмасы 120-ға тең болатындай теңдеу құр.
Екінші аялдама: Геометриялық фигуралар
Әр топқа жеке тапсырма беріледі:
I топ
Фигуралар ішінен шаршыны тап. Анықтама бер. Шаршының периметрін қалай табамыз?
II топ
Фигуралар ішінен тік төртбұрышты тап. Анықтама бер. Периметрін қалай табамыз?
III топ
Фигуралар ішінен үшбұрышты тап. Анықтама бер. Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз?
Келесі аялдамаға өту шарты
Қабырғасы 1 см болатын шаршы сыз.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
3-аялдамаАудан туралы түсінік
Аудан — фигураның жазықтықтағы қанша орын алатынын сипаттайтын шама.
Негізгі ұғым
Квадрат сантиметр (см²) — аудан бірлігі. Ол қабырғасының ұзындығы 1 см болатын шаршының ауданына тең.
Оқулықпен жұмыс (№2)
- Бірінші фигураның ауданы — 1 см². Қалған фигуралардың әрқайсысында неше см² бар?
- Қай фигураның ауданы үлкен, қайсысы кіші? Аудандары тең фигуралар бар ма? (1 > 2, 1 > 3; 2 = 3)
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып алайық.
Белімізді жазайық.
Жоғары-төмен қарайық,
Солға-солға түзу тұр.
Оңға-оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алып қалайық.
Есептеу және қолдану
4-аялдама№3 есеп (талдау арқылы)
- Есеп не туралы?
- Не белгілі? Не белгісіз?
- 36 + 15 өрнегі шығатындай сұрақ қой.
- (36 + 15) + 36 өрнегі шығатындай сұрақ қой.
- Жауапты бірден бере аламыз ба? Алдымен нені табамыз?
- Қандай амал қолданамыз? Есеп неше амалмен шығарылады?
Берілгені
Түске дейін — 36 адам. Түстен кейін — 15 адамға артық.
Шешуі
36 + 15 = 51
51 + 36 = 87
Өрнек түрінде
(36 + 15) + 36 = 87
Жауабы
Барлығы 87 адам.
№5 тапсырма (топтық жұмыс)
Әр топқа екі мысалдан беріледі:
1-топ
- 3 дм 2 см − 16 см = 16 см
- 1 кг − 296 г = 704 г
2-топ
- 2 ц 50 кг + 60 кг = 310 кг
- 1 км − 695 м = 305 м
3-топ
- 5 м 40 см − 23 дм = 310 см
- 1 т − 5 ц 20 кг = 480 кг
Көрнекі қорытынды
Тапсырмалардан кейін «Қызықты математика әлемінің» сұлбасы пайда болады. Оны тік төртбұрышқа ұқсатып, картадағы сұлбаны 20 есе кішірейтіп дәптерге сызып көрейік. Ауданын есептейік:
6 см · 3 см = 18 см²
Тік төртбұрышта 18 см² бар.
Бекіту
Қайталау
Бүгінгі сабақта қандай жұмыстар орындадық?
Дағды
Нені үйрендік? Қандай есептеу тәсілдерін қолдандық?
Жаңа білім
Сабақтан қандай жаңа ұғым алдыңдар?
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- №6, 113-бет.
Бағалау
Бағалау парағы бойынша оқушылардың жинаған қорытынды ұпайына сәйкес баға қойылады. Әр топтың еңбегі жеке аталып, «Қызықты математика әлемінен» естелік қағаздар таратылады.