Аян Армысыздар, ардақты ата - аналар
Мақсаты
- Оқушылардың білімін бекіту, алған білім-дағдыларын көрсету.
- Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
- Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі
Әдеби-музыкалық монтаж
Сахналық формат
Жүргізушілер сөзі, шашу, музыкалық көрініс, оқушылардың тақпақтары.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Құрметті ата-аналар, ұлағатты ұстаздар! Бүгін біздің сыныпта үлкен той. Халқымызда қуанышқа толы салтанат көп: бала дүниеге келгенде — шілдехана, тұсаукесер, сүндет тойы, мектепке баруы, тілашар, мектеп бітіру — өмірге жолдама алу және тағы басқа.
Солардың ішінде баланың «Әліппені» бітіруі — ерекше қуаныш. Өйткені «Әліппе» — білім мен ғылым соқпағының басы. Бүгін бүлдіршіндеріміз осы маңызды белестен өтті. Бұл — балалар үшін де, біз үшін де салтанатты мереке. Мереке құтты болсын!
Ән
«Атамекен» (Ернұр)
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші: Еркежан
Қуаныш бүгін — мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Тойға келген қуанып,
Қонақтар, сізге мың сәлем!
2-жүргізуші: Аян
Армысыздар, ардақты ата-аналар, аяулы ұстаздар!
Бүгінгі Әліппені бітіру мерекесі, яғни «Әліппемен қоштасу» тойы құтты болсын!
Шашу
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
Сахналық көрініс
- Сандық ашылады, бір ата-ана шашу шашады.
- Музыка ойнап тұрады.
- Балалар зал арқылы өтіп, сахнаға шығады.
- Музыка ырғағымен қолдарындағы әріп жазылған шарларын бұлғайды.
Оқушылардың құттықтауы
Айсұлу
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Сіздерді «Әліппені бітіру» мерекесіне арналған «Әліппе, саған мың алғыс!» атты мерекеге шақырамыз.
Дильназ
Бүгін біз шексіз қуаныштымыз: алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан «Әліппені» аяқтадық.
Ернұр
Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегілер мен әңгімелерді өз бетімше оқитын болдым.
Сұрақ-жауап
Мұғалім
Балалар, біз «Әліппеден» не үйрендік?
Балалар
Кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.
Мұғалім
Мына сұраққа жауап беріңдерші: «Іші толған әріпке, білімдегі жарық не?»
Балалар
Болашаққа жол ашар — ол сүйікті «Әліппе», ол сүйікті «Әліппе»!
Мұғалім
Дұрыс, балалар! Ендеше ортамызға «Әліппені» шақырайық.
«Әліппе» сахнада
Музыка ойнайды
Әліппе сахнаға шығады
Әліппе
Армысыңдар, жас достар!
Армысыздар, қонақтар,
Армысыздар, ата-аналар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппе келді ортаңа.
Міне, балалар, сендер мені оқып бітірдіңдер, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Менен не үйрендіңдер?
Мұғалім
«Әліппе», балалар сен туралы тақпақтар мен өлеңдер үйренді. Енді соны қонақтармен бірге тыңдаңыз.
Тақпақтар
Жақсылық
Әліппе — білім анасы,
Әліппе — кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы?
Нұрдәулет
Бар кітапқа бас болған —
Әліппе, ғылым анасы.
Әліппеден басталған —
Даналықтың данасы.
Жанель
Жақсы кітап — Әліппе,
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастық,
Әліппемен достастық.
«А»-дан бастап әріпті
Түгел маған танытты.