Кернеудің формуласы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, талдау, баяндау
Сабақтың мақсаты
Кедергінің физикалық мағынасын және оның Ом өлшем бірлігін білу және түсіну; Ом заңын білу және қолдану.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Көрнекіліктер

  • Диагностикалық карталар
  • Семантикалық карталар
  • Карточкалар

Құрал-жабдық

  • Тоқ көзі
  • Амперметр
  • Вольтметр
  • Жалғағыш сымдар
  • 1,5 В электр шамы
  • Кілт

Сабақ құрылымы

  1. 1 Оқушылардың назарын сабаққа аудару
  2. 2 Сабақтың мақсатын қою
  3. 3 Оқылатын материалмен жұмыс: тоқ көздерінің жұмысын бақылау және фронтальді тәжірибе
  4. 4 Жаңа материалды тереңдету: кедергі туралы қорытынды жасау, формулаларды шығару, есептерде қолдану
  5. 5 Үй тапсырмасы: §38, 18-жаттығу (1 және 2 есеп)
  6. 6 Рефлексия және қорытынды

Ұйымдастыру және бағалау

Бағалау жүйесі

  • Оқушылар бағалау жүйесімен танысады.
  • Диагностикалық картаға фамилиясын жазады.
  • Әр бөлім тапсырмасын орындаған сайын картаға өз ұпайын белгілейді.

Сергіту сәті: жұмбақтар

1) Тоқ бар жерде біреу бар, өлшемі вольт, киловольт. Ұмытпа тағы бар: гектоват және мегават.

Жауабы: Кернеу

2) Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды, реленің күшімен бүлдірместен баптайды.

Жауабы: Аккумулятор

3) Мені жұрт отын және жарыққа пайдаланады. Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа.

Жауабы: Электр тогы

4) Жіпке ілдім мен өзім, кіп-кішкентай күн көзін.

Жауабы: Шам

5) Мұзжарғыш жүзіп келеді, бауыры қызып келеді. Абайла, ойып түсер — ондайлар бұзық келеді.

Жауабы: Үтік

6) Жоғалмайды ешқашан: түрлендірсең де, басқа күйге ауысса да, жұмыс істейді әрқашан.

Жауабы: Энергия

Білу: өткен материалды қайталау (сұрақ-жауап)

  • 1.Аттас зарядталған денелер қалай әсерлеседі? Тебіледі.
  • 2.«Янтарь» сөзі қандай мағына береді? Электрон.
  • 3.Электр өрісі ұғымын енгізген ғалым: Фарадей.
  • 4.Электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген итальян ғалым: Гальвани.
  • 5.«Электр тогы» түсінігін енгізген ғалым: Ампер.
  • 6.Электрон зарядының мәнін анықтаған америкалық ғалым: Милликен.
  • 7.Атомның ортасында не бар? Ядро.
  • 8.Денелердің электрленуін анықтайтын құрал: Электроскоп.
  • 9.Ток жұмысы деген не? Ток күші мен кернеу туралы не білесің?

Сабақтың мақсатын нақтылау (3 минут)

Негізгі сұрақтар

  • Тоқ күші дегеніміз не?
  • Тоқ күшін қандай құралмен өлшейміз?
  • Кернеу дегеніміз не?
  • Кернеудің формуласы қандай?
  • Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
  • Кернеуді немен өлшейміз?
  • Амперметр мен вольтметр тізбекке қалай қосылады?
  • Амперметр мен вольтметрдің сызбадағы шартты белгілері қандай?

Бүгінгі тақырыптың өзегі

Бұған дейін тізбектегі электр тогын сипаттайтын үш шама қарастырылды: I — тоқ күші, U — кернеу және R — кедергі. Осы шамалардың арасында белгілі бір байланыс бар. Бұл заңдылықты 1827 жылы неміс ғалымы Г. Ом анықтаған, сондықтан ол Ом заңы деп аталады.

Анықтама

Ом заңы бойынша тізбек бөлігіндегі тоқ күші сол бөліктің кернеуінің кедергіге қатынасына тең.

Математикалық түрі

I = U / R

Тоқ күші

I (ампер, A)

Кернеу

U (вольт, V)

Кедергі

R (ом, Ω)

Түсіну: тәжірибелік жұмыс арқылы тәуелділікті байқау

Мақсат

Тоқ күшінің кернеуге тәуелділігін тәжірибеде көрсету және әртүрлі «электр көзі» ретінде қолданылған заттардың қандай кернеу бере алатынын салыстыру.

Құрылғылар

  • Картоп түйнектері
  • Апельсин, лимон
  • Тұздалған қияр (банкідегі)
  • Мырыш және мыс пластинкалары
  • Амперметр, вольтметр

Қорытынды

Эксперимент нәтижесінде ең аз масса қолданылған жағдайда лимон шамамен 300 г тұздалған қиярға қарағанда көбірек кернеу және тоқ күші беретіндігі байқалды.

Ескерту: Нақты мәндер тәжірибе шарттарына (электродтардың арақашықтығы, жанасу сапасы, электролит құрамы) тәуелді.

Қолдану және талдау

Қолдану

Оқушылар Ом заңын есеп шығаруда қай жағдайда қолдануға болатынын ажыратады және I, U, R шамаларының байланысын пайдаланып нәтижені табады.

Формулалар

  • I = U / R
  • U = I · R
  • R = U / I

Назар аударатын жайт

Амперметр тізбекке тізбектей, ал вольтметр өлшенетін бөлікке параллель жалғанады.

Талдау: тақтамен жұмыс

Мұғалім ұсынған кесте бойынша есептер орындалады: берілген шамаларды талдау, өлшем бірліктерін тексеру және формуланы дұрыс түрлендіріп қолдану.

Қосымша материал: толық нұсқасын жүктеу (мұғалім ұсынған сілтеме/ресурс арқылы).

Үй тапсырмасы, рефлексия және қорытынды

Үй тапсырмасы

§38

18-жаттығу: 1 және 2 есеп

Рефлексияға сұрақтар

  • Ом заңының тұжырымын өз сөзіңмен түсіндір.
  • I, U, R шамаларының қайсысы артса, тоқ күші қалай өзгереді?
  • Амперметр мен вольтметрді неге әртүрлі тәсілмен қосамыз?
  • Тәжірибеде қандай қорытынды жасадың және оны немен дәлелдейсің?

Қорытынды ой

Ом заңы — электр тізбегіндегі тоқ, кернеу және кедергі арасындағы негізгі байланысты көрсететін заң. Осы байланысты түсіну өлшеу құралдарын дұрыс қолдануға, тәжірибе нәтижесін түсіндіруге және есептерді сауатты шығаруға мүмкіндік береді.