Қадыр Мырза Әли өлеңіЗамана озды, Діндер тоздыАдамның ішкіЖындары қозды

Қадыр Мырза Әли өлеңі

Замана озды,
Діндер тозды
Адамның ішкі
Жындары қозды.

Албасты басқыр
Басыңды тасқа ұр,
Төгілді абырой
Сөгілді дәстүр.

Қиыннан қиын,
Түйіннен түйін,
Түйіннің бәрін
Шешеді тиын.

Білетін жөнді
Жақындар өлді
Бауырың емес
Бауырың енді.

Беделің сатта,
Әкімді жақта
Өз балаң бүгін
Айналды жатқа.

Айтасың несін,
Адамдар кесір,
Күйеуі тірі
Ал әйел - жесір.

Өкінсең өкін,
Опынсаң опын
Әкесі тірі
Ал бала - жетім.

Айнала ұрлық,
Заманға кірдік.
Сенбесең сенбе
Осындай - ТІРЛІК.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылы,
Ш. Уалиханов атындағы орта мектептің
11 сынып оқушысы Шағыманов Дарын



Ұқсас жұмыстар

Қадыр Мырза Әлі өмірі
Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
Діндер жайлы
Қазақ балалар әдебиетінің тарихы
Балалар әдебиеті және балалар жазушыларының өмірі менi шығармашылығы
Қазақ жырының Қадыры
Қадыр Мырза Әлидің поэзиясының поэтика туындылары
Қадыр Мырза Әлінің балалар поэзиясына арналған шығармаларын жинақтарынан топтастыру
Қадыр Мырза Әли поэмалары
Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
ӘЛІБЕКҰЛЫ ТӨЛЕ БИ
УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙХАН
МЫРЗАҒҰЛҰЛЫ БЕКЕТ
ӘЛІБЕКҰЛЫ СЫПАТАЙ
УӘЛИХАНОВ ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ туралы
БАЙМЫРЗАҰЛЫ БАЛУАН ШОЛАҚ жайлы жайлы жайлы
БӨКЕЙХАНОВ ӘЛИХАН НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
Шетелдік және отандық журналистикадағы ақпараттық технологиялардың қолданылу ерекшеліктер