Қап бәлем қасқырға айтпасам
Сабақ тақырыбы
Одағай сөздер (презентациямен).
Сабақ мақсаты
- Одағай сөздер туралы түсінік беру.
- Қазақ тіліндегі қолданылу ерекшелігін ұғындыру.
- Шығармалардан одағайларды табуға жаттықтыру.
- Одағайлардың лексика-грамматикалық ерекшеліктерін меңгерту.
- Адамның әртүрлі көңіл күйін түсіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Сабақ құрылымы
- 1.Ұйымдастыру.
- 2.Психологиялық дайындық.
- 3.Үй жұмысын тексеру және қайталау.
- 4.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- 5.Бекіту, шығармашылық тапсырмалар.
- 6.Қорытынды, бағалау, үй тапсырмасы.
Психологиялық дайындық
Сұрақ: Қазір жылдың қай мезгілі?
Жауап: Көктем.
Көктемнің шуақты күнінде құстар келді.
Өлең жолдары
Көктемде көңілді, Құстар кеп жатқанда. Құлпыртып өңірді, Гүл ектік бақтарға. Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз. Той күні бір-бірден, Сіздерге сыйлаймыз.
Үй жұмысы және қайталау
Қарғаның тапсырмасы
- Суретжұмбақты шешу.
- Шешуіндегі сөзге әңгіме құрау (табиғат аясында).
Торғайдың тапсырмасы: сұрақтарға жауап бер
- 1.Шылау дегеніміз не?
- 2.Қандай шылауларды білесің?
- 3.Шылаудың қандай ерекшелігі бар?
- 4.Шылауға ұқсас (тұлғалас) жалғауларды білесің бе?
- 5.Шылау сөздермен сөйлем құра.
Келген құстар
Жаңа тақырып: Одағай
Сөзжұмбақ
Төмендегі сұрақтардың жауабы құс атаулары. Тақырыпқа апаратын кілт сөз — «Одағай».
- 1. Орман емшісі — тоқылдақ
- 2. Әдемі құс — дуадақ
- 3. Ол қарқылдайды — қарға
- 4. Су құсы — шағала
- 5. Жүйрік құс — сұңқар
- 6. Бау-бақшаны қорғайды — торғай
Сауысқанның тапсырмасы: көркем жазу
Алақай, жыл құстары келді!
Жыл құстары
Қарлығаштың тапсырмасы: оқып көрейік
Қарамен берілген сөздердің мағынасына және тыныс белгілеріне назар аудар.
Пай-пай, мына аттың жүйрігін-ай!
Бәрекелді, келгендерің жақсы болды!
Алақай, алақай, ауылдан әжем келді!
Апырай, ата қонысым еді!
Ереже (Ләйлектің түсіндіруі)
Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл күйін білдіретін сөздерді одағай сөздер дейді. Одағайлар сөйлемдегі басқа сөздермен байланысқа түспейді және сөйлем мүшесі бола алмайды.
Мысал: Бәрекелді, өнерлі бала екен!
Мысал: Ойпырай, қауып алған жоқ па?
Одағайдың түрлері
| Көңіл-күй одағайы | Жекіру, бұйыру одағайы | Шақыру одағайы |
|---|---|---|
| Алақай | Тәйт | Шөре-шөре |
| Шіркін | Тек | Құрау-құрау |
| Әттең | Жә | Көс-көс |
Шылау мен одағайды салыстыру
Ұқсастығы
- Екеуі де сөз табына жатады.
- Сөйлем мүшесі бола алмайды.
Айырмашылығы
- Шылау сөз бен сөзді байланыстырады, бөлек жазылады, қосымша мағына үстейді.
- Одағай адамның көңіл күйін білдіреді, басқа сөздермен байланысқа түспейді, жазылу ерекшелігі болады.
Тырнаның тапсырмасы: көшіріп жаз
Шіркін, мына атқа мінер ме еді!
Бәрекелді, Сүйіндік аға, ол кісінің ақылы қандай жақсы!
Әттеген-ай, көре алмай қалдым-ау!
Е, тәйір, күзектің шөбі бітуші ме еді?
Түу, қандай тымырсық түн!
Міндет: одағайлардың мағынасын түсіндір.
Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп. Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық.
Аққудың тапсырмасы: өзіндік жұмыс
Берілген одағайларды қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Қосымша тапсырма
Ребус шеш. Шешуіндегі сөзді шылаулармен салыстырып, бір-бірінен айырмашылығын айт.
Көгершіннің тапсырмасы
Шығармашылық жұмыс: мәтіннен одағайды тауып, мағынасын түсіндір.
Мәтін: «Қотыр торғай» (ертегі)
Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырғанда, қотырының қатпарланған аузын шеңгелдің тікені сыдырып кетеді. Торғай ашуланып:
– Қап бәле, сені ешкіге айтпасам!
Торғай ешкіге келіп:
– Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің?
Ешкі:
– Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жүрмін.
Торғай: – Қап бәле, сені қасқырға айтпасам!
– Қасқыр, қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің?
Қасқыр: – Оны жемек түгіл, өзім байдың жабағысын жеп, тауыса алмай жатырмын.
Торғай: – Қап бәле, сені жылқышыға айтпасам!
– Жылқышы, жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың?
Жылқышы: – Оны ұрып алмақ түгіл, өзім ұйқым қанбай жүр.
Торғай: – Қап бәле, сені байға айтпасам!
– Бай, бай, ана жылқышыңды неге ұрмайсың?
Бай: – Оны ұрмақ түгіл, өзім қоспамды түгесе алмай жатырмын.
Торғай: – Қап бәле, сені тышқанға айтпасам!
– Тышқан, тышқан, байдың қоспасын неге жемейсің?
Тышқан: – Оны жемек түгіл, өзім інімді қаза алмай жатырмын.
Торғай: – Қап бәле, сені балаларға айтпасам!
– Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар?
Балалар: – Оны ұрмақ түгіл, өзіміз асық ойнай алмай жатырмыз.
Торғай: – Қап бәле, сендерді кемпірге айтпасам!
– Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың?
Кемпір: – Оларды ұрмақ түгіл, өзім жүнімді сабай алмай жатырмын.
Торғай: – Қап бәле, сені құйынға айтпасам!
– Құйын, құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың?
Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырады. Кемпір келіп балаларды ұрды; балалар тышқанды ұрып жіберді; тышқан байдың қоспасын тесті; бай жылқышыны ұрды; жылқышы қасқырды ұрып алды; қасқыр ешкіні жеді; ешкі шеңгелдің сылдырмағын жеді. Сөйтіп, қотыр торғай өшін алды.
Сабақты қорытындылау
«Құстарға ұя жасау» тапсырмасы: фигуралардағы сұрақтарға жауап беріп, құстың ұясын құрастырыңдар.
Шаршы
Одағай деген не?
Үшбұрыш
Қандай одағай сөздерді білесің?
Тік төртбұрыш
Одағайлардың ерекшелігі қандай?
Шеңбер
Одағай қатыстырылған сөйлем құра.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
-
1) 4-жаттығу
Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына сәйкес одағайды қойып, тыныс белгісін дұрыс қой:
- …, емтиханнан бес алдым!
- …, сенің жайбасарлығыңнан қалып қойдық!
- …, киноактер болсам!
- …, сен қашан келдің?
-
2) Қайталау
Одағай дегеніміз не?