Қызға берілер анасынан қасиет, Қыз балаға ата - анадан өсиет

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы

Горный ЖББОМ КММ

Жағыпарова Арай Бақытқызы

Тақырыбы

«Наурызым – мерекем, Наурызым – құт-берекем»

Түрі

Сайыс

Көрнекілігі

Мерекелік безендіру, ұлттық нақыштағы атрибуттар, асық (қатысушы ретін анықтау үшін)

Мақсаты

  • Қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту.

  • Сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, сахналау өнеріне баулу.

  • Балаларды ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу.

  • Көпшілік қауымды, оқушыларды Наурыз тойының дәстүрлерімен және Ұлыстың ұлы күні жасалатын жоралғылармен таныстыру.

Сайыс жоспары

Кезеңдер

  1. I Таныстыру
  2. II Үй тапсырмасы: ұлттық тағамдар
  3. III «Білгенге маржан»: сұрақ-жауап
  4. IV «Наурыз сыйы» (тосын сый)
  5. V Өз өнерлері: Наурыз туралы шығармалар, халық әндерін орындау

Ұйымдастыру ескертпесі

Қатысушылардың ретін анықтау үшін қоржыннан асық таңдату тәсілі қолданылады. Бұл — ұлттық ойын элементі арқылы мерекелік көңіл күйді күшейтетін ықшам әрі әсерлі әдіс.

Сайыстың барысы

Мұғалімнің құттықтау сөзі

Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді, халайық! Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Құрметті қонақтар! 5-сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен ұйымдастырылып отырған «Наурызым – мерекем, Наурызым – құт-берекем» атты мерекелік сайысқа қош келдіңіздер!

Жүргізушілердің сахналық сәлемдесуі

1-жүргізуші және 2-жүргізуші

Армысың, шапағатты күніміз! (Күнге қарайды)

Армысың, мейірімді жеріміз! (Қолдарын жерге жақындатады)

Армысың, табиғат анамыз! (Бастарын иеді)

Келді сізге өзіңіздің балаңыз! (Өздерін көрсетеді)

Дәстүрлі амандасу

1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум! Мен де адаммын, адамдығымды білдіремін. Алланың нұры жаусын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

2-жүргізуші:

Уағалейкумассалам! Мен де адаммын, адамдығымды білдіремін. Сізге де Алланың нұры жаусын! Ұлыс оң болсын, пәле-жала жерге енсін!

Екі оқушы төс қағыстырып амандасады.

Жыр жолдары

Наурыз тойға жиналған халқым менің,
Бәріңнің ойға алғаның — жарқын сенім.
Бүгінгі той — ертеңгі ардақты ісің,
Ғажап болсын, таппайтын тепе-теңін.

1-жүргізуші

Наурыз қайтып оралды, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыс та, ақы да біз.
Үй — дастархан, даламыз — сахнамыз,
Ұлы мейрам Наурызды қарсы аламыз.

2-жүргізуші

Қатысушыларды шақыру

Ортаға бүгінгі мерекелік сайысымыздың қонақтарын шақырайық.

  • Қарлығаш — әкесімен

  • Жанерке — анасымен

Қатысушы ретін анықтау: қоржыннан асық таңдату арқылы.

Сайыс шартымен таныстыру

Уа, халайық! Хабарлайын бәріңе: бүгін қызық, мол қызық болғалы жатыр — дей отырып, мерекелік сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік.

  • Сәлемдесу

    Атадан қалған салтымыз — амандасуды өзгеше үлгіде көрсету.

  • Өнер мен білім

    Сұрақ-жауап, ұлттық тағам, тосын сый және сахналық өнер кезеңдері.

I кезең: Таныстыру

1-нөмірлі жұп: Жанерке — анасымен

Сәлем

Абзал елім, ардақтаған, армысың!
Туған-туыс, ауылдастар, бармысың?
Әз Наурыз мерекесімен құттықтап,
Алайықшы үлкендердің алғысын.

Өзін таныстыру

Ата-анамның ерке қызы — баламын,
Өнерге жақын, талапты жанмын.
Руым — Найман. Таныстырсам өзімді,
Алдарыңызда — Болатбекқызы Жанерке.

Әкесі туралы

Әкем бар — Болаттай адал адам,
Бұл өмірде одан асқан жан табылмас.
Ата жолын қуып, ұста болған,
Қадірлеймін әкемді, асқақтатам.

Анасының таныстыруы

Күләш деп есімімді таныстырсам,
Руымды Қараша деп танытсам.
Апа атанып, немере сүйсем-дағы,
Жарыссам, жасыңды да «жеңемін».

2-нөмірлі жұп: Мадина — анасымен

Сәлем

Келдік біз сайысқа түсіп алдыңызға,
Ризамыз мына отырған баршаңызға.
Наурызбен құттықтаймыз біз сіздерді,
Иіліп сәлем береміз жалпыңызға.

Қыз туралы

Ата-анамның саясында ержетемін,
Аяулы ақ бесікте тербетілген.
Гүлнарадай ақ ниетті асыл жанды,
Жер жүзін айналсам да таппаспын.

Ана өсиеті

Қызға берілер қасиет — анасынан,
Қыз балаға өсиет — ата-анадан.
Тұңғышым боп бағын сынап келіп тұр,
Мадинадай аяулы қызым — жарқырап.

Анасы туралы

Анашым бар — өнер-білгенін аямаған,
Дос-жаран, көрші-қолаңға сыйлы адам.
Бір әулеттің ибалы келіні боп,
Жоқтан барды жасайтын жомарт жан.

Тілек

Сайысар өнер-білім бойымызда,
Ортаға салдық ойды да, сөзді де.
Өнер-білім — бәрі де қолымызда,
Сәттілік тілейміз біз баршаңызға!

3-нөмірлі жұп: Қарлығаш — әкесімен

Сәлем

Амандасып сәлем берем бәріне,
Куә болдым мына кештің сәніне.
«Ұлыс күні оң болсын!» — деп жатады,
Салт-дәстүрді ұстанамын әрине.

Әкесі таныстыруы

Ассалаумағалейкум, алтын елім!
Атым — Қабыл, мінезім — жарқын менің.
Қызыммен бірге сайысқа шығып тұрмын,
Қолдау күтем сіздерден, асыл елім.

Қыздың таныстыруы

Жалпақ жұртқа таныстырсам өзімді,
Қайсар қызбын, небір сынға төзімді.
Есімім — Қарлығаш деп аталған,
Руым — Оңажыттан тараған.

Қорытынды тілек

Біз — қазақтың баласы, санамыз биік болсын.
Қарсы топқа тек сәттілік тілейміз,
Мына кештің бағасы да, бағы да биік болсын!

4-нөмірлі жұп: Тамилла — анасымен

Сәлем

Армысың, ардақтаған халқым менің,
Бас иіп сәлем берем, алтын елім.
Бүгінгі сын-сайысқа арқау болған
Әз Наурыз құтты болсын, жарқын елім!

Наурызға тілек

Көктемнің, Наурыздың ғажабын-ай,
Наурыз деп барлық қазақ салады ән.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,
Иіліп сәлем берем қазағыма!

Қызы туралы

Жан ботам, сенсің менің қолғанатым,
Көтеріп көңілімді сен табасың.
Алдарыңда — Тамилладай ақылды қыз,
Кіргізер осы кештің салтанатын.

Шыққан руы және ана жайлы

Руым — Төлеңгіт, Уанастан тараймын,
Әкемді асқар тауға балаймын.
Ал анашым — көп баланың анасы,
Бар мейірімін төгіп жүрген аялы жан.