Барлығы қанша алма

Тақырыбы

Ертегілер елінде. Ертегі оқи отырып, ертегі кейіпкерлерінің суретін салу.

Мақсаты

  • Ертегі туралы түсінік қалыптастыру.
  • Ертегі түрлерін ажырата білуге баулу.
  • Ертегінің халық өмірімен байланысын ұғындыру.
  • Ертегі оқу арқылы оқушының қиялын дамыту.
  • Пәнге деген сүйіспеншілікті арттыру.
  • Жауапкершілікке және ұқыптылыққа баулу.

Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер

Мазмұнды суреттер, кеспе қағаздар, «талдар» (тірек материалдар).

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Балдырғанбыз балдаймыз,

Бақытты өмір таңдаймыз.

Алған оқу-білімді,

Болашаққа жалғаймыз.

2) Үй тапсырмасын сұрау және бекіту

Оқушылар өткен ертегі бойынша кейіпкерлерді топтастырады (мысалы, «Мақта қыз бен мысық» ертегісі).

Кейіпкерлерді топтастыру

Мақта қыз Тауық Тышқан Мысық Сиыр Жапырақ Дүкенші

3) Жаңа сабақ

Ертегі: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Ертегіні рөлге бөліп оқыту, кейіпкерлердің мінез-құлқын талдау, суреттер арқылы мазмұнын нақтылау.

Көрнекілікпен жұмыс

Кейіпкерлерді топтастыру және суреттерін қарастыру.

Дәптермен жұмыс

Негізгі ойды жазу, қысқаша жауап құрастыру.

4) Жұмбақ шешу

Жұмбақ 1

Маң-маң басқан,

Шудаларын шаң басқан.

Бұл қай жануар?

Жұмбақ 2

Айналдырып киген тоны бар,

Кішкене ғана бойы бар.

Жұмбақ 3

Қиқу салып бақырып,

Айқайлауды тауыпты.

«Қыт-қыт» деп шақырып,

Кім біледі, бұл не?

Жұмбақ 4

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар.

5) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін қайта шоғырландыру.

6) Логикалық тапсырмалар

Тапсырма 1

Көлден ұшты жеті қаз, қайтып қонды екі қаз. Қонбады оның үшеуі. Қане, кім тез шешеді?

Тапсырма 2

Бесеуі аз деп балапан, тағы қостық үш балапан. Барлығын қосқанда болады қанша балапан?

Тапсырма 3

Інімде үш алма, табақта бес алма. Барлығы қанша алма?

7) Шығармашылық жұмыс

Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу

Оқушылар өз таңдаған кейіпкерін бейнелейді және қысқаша сипаттама береді.

«Сиқырлы алма ағаш» ойыны

Әріптерді жинау арқылы ертегі кейіпкерлерінің атын шығару, сөздік қорды дамыту.

8) Сабақты қорытындылау

«Бір тілек, бір сұрақ» ойыны арқылы кері байланыс алу: әр оқушы бір ұсыныс айтады және бір сұрақ қояды.

9) Үй тапсырмасы

  • Ертегі оқу.

10) Бағалау

Сабаққа қатысу белсенділігі, рөлмен оқу, тапсырмаларды орындау және шығармашылық жұмыс нәтижесі бойынша бағалау.