Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Білім саласы

Қатынас

Білім бөлімі

Көркем әдебиет

Тақырып

Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты

  • Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру.

  • Әр мамандықтың өз қызығы мен қиындығы бар екенін ұғындыру.

  • Болашақта мамандық таңдауға оң ықпал ету.

Көрнекілігі

Слайдтар, маман иелерінің киім үлгілері.

Әдіс-тәсілдер

Слайд көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Бүгін топта ерекше күн: бізге қонақтар келді. Балалар қонақтармен сыпайы түрде амандасады.

2) «Жылулық шеңбері» — «Тілек шоғы»

Әр бала қолына бір тал гүл ұстап, бір-біріне жылы тілектерін айтады. Соңында гүлдер «үлкен тілек шоғына» бірігеді.

Әр күнің қуанышқа толы болсын.

Саған денсаулық тілеймін.

Аспанымыз ашық болсын.

Ата-анаң аман болсын.

Балабақшамыз көркейе берсін.

Деніміз сау болсын.

Өзгеге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң — ол өзіңе де қайтып оралады. Осы жақсы көңіл-күймен оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.

3) Мамандықтар әлемі

Мамандықтың түрлері өте көп: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, тәрбиеші, құрылысшы, шаштараз, жүргізуші, аспаз, әнші, биші, журналист және тағы басқа.

Мамандықтың жаманы жоқ — ең маңыздысы оны дұрыс таңдай білу. Қалаған мамандық иесі болу үшін еңбекқорлық пен білім қажет; бұл үлкен өнер мен шеберлікті талап етеді.

4) Слайд арқылы таныстыру және түсіндіру

Шаштараз

Адамдардың шашын қиып, сәнін келтіретін маман.

Дәрігер

Ақ халатты абзал жан: адамды емдеп, шипасын тигізеді.

Мұғалім

Әріп үйретіп, білім нәрімен сусындататын тұлға.

Аспаз

Дәмді тағам дайындайтын маман.

Жүргізуші

Жолаушыны діттеген жеріне қауіпсіз әрі уақытында жеткізетін жан.

Құрылысшы

Зәулім ғимараттар мен қабат-қабат үйлер салатын маман.

Әр мамандық өзіне тән міндетімен және шеберлігімен ерекшеленеді. Слайдтағы маман иелерін көрсетіп, балалармен сұрақ-жауап ұйымдастырылады.

5) Сергіту сәті

Балалар бақшаға келеді,
Тәрбиеші оларға қуанды.
Аспазшы дәмді етіп тағам пісірді.
Ал егер жөтеле қалсақ —
Дәрігер емдеп жазады.

6) Балалардың тақпақтары (мамандықтар туралы)

1-бала

Қолда темір қалағым,
Саздан сарай саламын.
Астанадан аумайтын,
Әсем қала саламын.

2-бала

Отанның ұланын
Баулаған мұғалім —
Өзіңсің ағытқан
Білімнің бұлағын.

3-бала

Тіс ауырса,
Іш ауырса —
Анам дәрі береді.
Барлық адам,
Барлық бала
Оны жақсы көреді.

4-бала

Емес оның жай ісі:
Қолда тарақ, қайшысы.
Апамның бес саусағы
Шашты қырқып тауысады.

5-бала

Бірде қырға шабады,
Бірде тауға шабады.
Ағам дамыл таппайды,
Қашан демін алады?

7) Дамытушы ойын: «Мамандық құралын тап»

Балалар суреттегі мамандық иесіне тиесілі құралды табады: қарындашпен сызып көрсетеді.

8) Сюжеттік-рөлдік ойын: «Дәрігер»

Ойын барысында балалар бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтады, сыпайылық, инабаттылық, адамгершілік сезімдері оянады.

9) Күтілетін нәтиже

Білуі керек

  • Мамандықтар туралы толық түсінік.
  • Мамандық — еңбек екенін ұғыну.
  • Еңбек арқылы халыққа пайда келтіруге болатынын білу.

Болуы керек

  • Мамандықты дұрыс таңдай білуге талпыныс.
  • Таңдаған ісіне сүйіспеншілік пен құрмет.

Қорытынды

Бүгін біз мамандықтар туралы толық мағлұмат алдық және оның еңбек екенін түсіндік. Рөлдерге бөлініп, «дәрігер» мамандығын ойын арқылы көрсете отырып, өзіміз де еңбек еттік. Қандай еңбек болса да, әр істің өз мамандығы бар екенін білдік.