Өзен өлеңінің авторы

Сабақтың мақсаты

Білімділік

5-сыныпта әдебиет пәнінен өтілген материалдарды меңгеру деңгейін тексере отырып, білім мен дағдыны қалыптастыру.

Тәрбиелік

Ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу; ізденімпаздыққа баулу.

Дамытушылық

Оқулық пен қосымша дереккөздерді тиімді пайдаланып, ғылыми-танымдық әрекеттерін жетілдіру.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың жабдықталуы

«Әдебиет көшбасшысы» ойынына арналған материалдар, шарлар, «тоғыз жұмбақ» тапсырмалары, слайдтар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

  1. Сыныптан әдебиетке бейімі бар 6 оқушы іріктеледі.
  2. Оқушылар таныстырылады және сабақтың шарттары түсіндіріледі.

1-тур: «Бәйге»

12 сұрақ • қол көтеру арқылы жауап беру

1) «Әдебиет» сөзі қай тілден енген, мағынасы қандай?

Араб тілінен; мағынасы — «асыл сөз».

2) Үш биді атаңыз.

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

3) «Бес арыс» деп кімдерді атаймыз?

Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов.

4) Өлең түрінде жазылған шығарма қалай аталады?

Поэзия.

5) «Үш бәйтеректі» атаңыз.

Ілияс, Бейімбет, Сәкен.

6) «Ғылым таппай мақтанба» — кімнің өлеңі?

Абай Құнанбайұлы.

7) «Қыс» өлеңі кімдікі, қандай тәсіл қолданылған?

Абай Құнанбайұлы; кейіптеу тәсілі қолданылған.

8) Қара сөзбен жазылған шығарма қалай аталады?

Проза.

9) «Қызғыш құс» өлеңінен екі шумақ жатқа айт.

Махамбет Өтемісұлы.

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қанатың қатты, мойның бос,

Исатайдан айрылып,

Жалғыздықпен болдым дос.

Көл қорыған сен едің,

Сен де айрылдың көліңнен.

Ел қорыған мен едім,

Мен де айрылдым елімнен.

10) Абайдың қанша қара сөзі бар?

45.

11) Адам атаның шын есімі кім?

Сапиолла.

12) Қазақ жерінде ең алғаш мектеп ашқан кім?

Ы. Алтынсарин.

2-тур: «Тіл – өнер»

Мақал-мәтел • жасырын сөз • қазақша/орысша/ағылшынша

1) «Бірлігі жоқ ел бұзылмас.»

Ел — орысша: страна, ағылшынша: country.

2) «Татулық — табылмас бақыт.»

Бақыт — орысша: счастье, ағылшынша: happy.

3) «Білімдіден шыққан сөз.»

Сөз — орысша: слово, ағылшынша: word.

4) «Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.»

Білім — орысша: знание, ағылшынша: knowledge.

5) «Хан — қарақшы, халық — сарапшы.»

Халық — орысша: народ, ағылшынша: people.

6) «Тас жармаса да, бас жарады.»

Тас — орысша: камень, ағылшынша: stone.

7) «Ашу — дұшпан, ақыл — дос.»

Ақыл — орысша: ум, ағылшынша: cleverness.

8) «Қыз өссе — елдің көркі.»

Қыз — орысша: девочка, ағылшынша: girl.

9) «Адал еңбек аздырмас, арамдық бойды жаздырмас.»

Еңбек — орысша: труд, ағылшынша: work.

3-тур: «9 жұмбақ»

Сол жақ • Орта • Оң жақ

Сол жақ

30) Тұрмыс-салт жырларына қандай жырлар жатады?

Бесік жыры, тұсаукесер, жар-жар және т.б.

40) «Ер Төстік» ертегісі қай түрге жатады?

Қиял-ғажайып ертегі.

50) Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ —

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой —

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Орта

30) Өлеңді жалғастыр:

«Қой сүйеді баласын қоңырым деп,

Ештеңені білмеген момыным деп…»

Жауабы: «Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,
Қараңғыға баспаған қорқағым деп».

40) Үзінді қай кейіпкерге қатысты?

«Көзің жасты, көкірегің қайғылы, неткен жансың?.. Олай болса, жылама, мен әке-шешеңді іздеп, тауып берейін».

Жауабы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі Кендебай бейнесі.

50) Үзіндінің авторын атаңыз.

Ақтабан аты астында,

Дулығасы басында,

Зығырданы қайнайды.

Астында мінген Ақтабан

Ақ бөкендей ойнайды.

Жауабы: Махамбет — «Соғыс».

Оң жақ

30) Ертегілер неше түрге бөлінеді?

Үшке бөлінеді: шыншыл ертегі, қиял-ғажайып ертегі, хайуанаттар туралы ертегі.

40) «Қобыланды батыр» жырында Қобыландының сүйген жары мен тұлпарының аты?

Сүйген жары — Құртқа, тұлпары — Тайбурыл.

50) «Толағай» әдеби ертегісінің авторы кім?

Ә. Тәжібаев.

Осы кезеңнен кейін ұпайы төмен 4 оқушы ойыннан шығады, ал қалған 2 оқушы келесі турларға өтеді.

4-тур: «Тапқырлық»

Шығармашылық тапсырма • ұпай беріледі

«Туған жер», «өзен-көл», «қымбатсың сен», «сүйем сені» сөз тіркестерін қатыстырып, екі шумақ өлең құрастыру.

5-тур: «Жорға»

Екі нұсқа • алдымен ұпайы жоғары оқушы таңдайды

І нұсқа

  1. «Көксерек» повесінің авторы кім? — М. Әуезов.
  2. Қорқақ неден қорқады? — Көлеңкесінен.
  3. Қар жанады ма? — «Қалауын тапса, қар жанады».
  4. Абайдың табиғат лирикасына қатысты өлеңдерін ата. — «Күз», «Қыс», «Жазғытұры» және т.б.
  5. Отқа түсіп күймеуге бола ма? — «Отан үшін отқа түс — күймейсің».
  6. Қандай кілт аспанда болады? — «Кісідегінің кілті».
  7. Үзінді қай шығармаға қатысты?

    «Шыңғыс ауылы күзекке келгенде, сары бала сондай қуанды. Ала жаздай зарыға жалғыз ойнағандағы ойынан кетпейтіндей бір досы бар. Ол — төре баласы Шоқан.»

    Жауабы: Сапарғали Бегалин — «Бала Шоқан».

  8. «Қыс» өлеңінің I шумағын жатқа айт.

    Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

    Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

    Үсті-басы — ақ қырау, түсі суық,

    Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

  9. «Өзен» өлеңінің авторы кім? — Ы. Алтынсарин.
  10. 22 қыркүйек қандай күн? — Мемлекеттік тіл мәртебесі берілген күн.

ІІ нұсқа

  1. «Ақсақ киік» шығармасының авторы кім? — С. Сейфуллин.
  2. Мифтік наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер қалай аталады? — Табу.
  3. «Тонның ішкі бауындай» тіркесінің мағынасы? — Тату.
  4. «Ақын қонақтар» шығармасы кімдікі? — М. Әуезов.
  5. «Оқу — білім азығы» мақалын жалғастыр. — «Білім — ырыс қазығы».
  6. «Шәкірт ойы» өлеңінің авторы кім? — С. Торайғыров.
  7. Үш арсыз? — Күлкі, ұйқы, тамақ.
  8. «Сыр сандық» өлеңінің авторы кім? — С. Сейфуллин.
  9. Абайдың «Күз» өлеңінен бір шумақ жатқа айт.

    Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

    Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

    Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

    Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

  10. 30 тамыз қандай күн? — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.

Қорытынды: ұпайы ең көп оқушы «Әдебиет көшбасшысы» атанады.