Қазақ тілінің шығу тегі

Сабақ тақырыбы

Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы (Қазақ тілі, 9-сынып).

Кіріспе сөз

Қазақ тілінің қалыптасуы қазақ халқының ұлт болып ұйысуымен тікелей байланысты. Қазақ халқы өз ұлттық тілін Ана тілі деп те атайды. Ұлттың өмір сүруінің кепілі — тіл. Ал тілдің пайда болып, орнығып, дамуы — өте ұзақ тарихи үдеріс. Сондықтан қазақ тілінің тарихы тереңде жатыр. Тіліміздің өткені мен бүгінін пайымдау мақсатында осы сабақ ұсынылады.

Көрнекілік

  • «Тілім — мақтанышым» бейнежазбасы
  • «Тіл туралы» қорытынды бейнежазбасы

Сабақтың мақсаты

Негізгі мақсаттар

  • Қазақтың ұлттық тілі ішкі құрылымы жағынан халық тілінің мұрагері екенін ұғындыру.
  • Оқушылардың сауаттылығын арттыру, грамматикалық талдауларды жүйелі орындауға дағдыландыру.
  • Сыни ойлауды дамыту, пікірін дәлелдеп айтуға үйрету.

Тілдік-әлеуметтік мазмұн

  • Қазақ тілінің қазақ халқының әдеби тілі ретіндегі орнын таныту.
  • Қазақ тілінің еліміздің мемлекеттік тілі екенін саналы түрде түсіндіру.
  • Мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше ізденіп табуға дағдыландыру.

Міндеттері

  • Оқушының ойын жинақтап, еркін жеткізуін дамыту.
  • Белсенділік пен ізденімпаздықты арттыру.
  • Сабақта алған білімді тиімді қолдануға үйрету.
  • Қызығушылықты ояту (тренинг, сұрақ-жауап арқылы).

Сабақ барысы

Мағынаны тану

  • Үй тапсырмасын қайталау арқылы жаңа тақырыпты ашу.
  • СТО (сын тұрғысынан ойлау) бойынша жұмыс: сұрақ-жауап, талқылау.
  • Мәтінді топтарға бөліп беру, топ ішінде талқылау, иллюстрация (сурет) жасау.
  • Жұмысты сынып алдында қорғау, топтық бағалау, кері байланыс.

Тапсырмалар

1-тапсырма: мәтінмен жұмыс

Кітаптағы мәтінді оқып, талдаңыз. Топ ішінде талқылап, мазмұнын сурет арқылы бейнелеңіз.

Тақырып 1

Қазақтың ұлттық тілінің шығу негізі мен қалыптасу жолы

Тақырып 2

Түркі халықтарының жазба ескерткіштері

Тақырып 3

Құпия жазулар

Тақырып 4

Күлтегін ескерткіші

2-тапсырма: «Қазақ тілі — еліміздің мемлекеттік тілі»

Берілген тақырып бойынша тілдік талдау жасап, шығармашылық жұмыс орындаңыз.

  • Фонетикалық талдау
  • Морфологиялық талдау
  • Өлең құрастыру
  • Ойтолғам жазу

Қорытынды

Сабақ соңында «Тіл туралы» бейнежазбасы көрсетіліп, оқушылардың ой қорытындысы тыңдалады. Кері байланыс арқылы тақырыптың өзектілігі, меңгерілу деңгейі және алдағы қадамдар нақты айқындалады.

Автор туралы мәлімет

Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Саржанова Айниса Мамановна.