Принтерді орнату

Сабақ тақырыбы: Принтерді алдын ала баптау

Мақсаты (білімділік)

Оқушыларды принтерді жұмысқа алдын ала баптау кезінде орындалатын іс-әрекеттердің реттілігімен таныстыру.

Мақсаты (дамытушылық)

Жаттығулар орындау арқылы жылдам басып шығару дағдыларын қалыптастыру.

Мақсаты (тәрбиелік)

Пәнге деген қызығушылықты арттыру және техниканы ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Жаңа сабақты түсіндіру

Пәнаралық байланыс

Программалау негіздері

Көрнекілігі

Оқулық, буклет, компьютер

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқу құралдарын реттеу және жұмыс тәртібін белгілеу.

II. Өткен сабақты қайталау

  1. 1 Суреттерді баспаға шығару үшін қандай команданы орындау керек?
  2. 2 Мәлімет алмасу буфері дегеніміз не?

III. Жаңа сабақты түсіндіру

1) Принтерді орнату

Windows жүйесі графиктік орта болғандықтан, кез келген бағдарламадан мәтінді баспаға шығарудан бұрын принтерді алдын ала орнатып, баптап алған дұрыс.

  1. 1 Принтерді компьютерге қосыңыз.
  2. 2 Іске қосу → Баптау → Принтерлер командасын орындаңыз.
  3. 3 Ашылған терезеде Windows жүйесінде тіркелген принтерлер белгішелері және принтер орнату белгішесі көрсетіледі.
  4. 4 Принтерді орнату белгішесін екі рет шертіп, Орнату шеберін ашыңыз.
  5. 5 Шебер ұсынған қадамдарға сәйкес әрекеттерді орындаңыз.

2) Принтерді алдын ала баптау

Баптау кезінде басып шығару нәтижесіне тікелей әсер ететін негізгі параметрлер таңдалады. Төмендегі баптауларды дұрыс орнату қағаз үнемдеуге, сапаны жақсартуға және қателерді азайтуға көмектеседі.

  • Принтердің типі
  • Қосу портының анықтауышы
  • Матрицалық және сия бүріккіш принтерлер үшін айқындылық (рұқсаттылық) параметрі
  • Қағаз мөлшері
  • Бет бағыты: көлденең немесе тік
  • Қағаз беру тәсілі: парақ күйінде немесе рулон күйінде
  • Баспаның сапасы

Бұл параметрлерді принтерге арналған арнайы бағдарлама арқылы немесе Іске қосу → Баптау → Принтерлер командасы арқылы да өзгертуге болады.

Мысалы, белгілі бір принтердің параметрлерін өзгерту қажет болса:

  1. 1 Принтерді таңдаңыз.
  2. 2 Файл → Қасиеттер командасын орындаңыз.
  3. 3 Ашылған Қасиеттер терезесінде басып шығаруға қажетті параметрлерді орнатыңыз.

IV. Жаңа сабақты пысықтау

  1. 1 Принтерді іске қосу үшін қандай команданы орындаймыз?
  2. 2 Принтерді алдын ала баптау кезінде қандай параметрлерді орнатамыз?
  3. 3 Қағаз беру тәсілдерін атаңыз.

V. Үй тапсырмасы

Оқулық: 128–129-бет.