Арыстан сөзінің орысша аудармасы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

Модельдер түрлері (Kinds of models)

Сынып

6-сынып

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты ұсыну

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды модельдердің түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық

Объектінің ақпараттық және графикалық модельдерін құрастыруға, олардың айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік

Топтық жұмыс ережелерін сақтау және ынтымақтастықта жұмыс істеуге баулу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушылармен амандасу, бірге хормен бір-бірімізге «Сәттілік!» тілеу.
  • Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
  • Түрлі түсті қағазды таңдату арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы: өз қалауынша кез келген объектінің моделін құрастыру.

III. Оқу-танымдық әрекетіне дайындық

Мұғалім жетекші сұрақтар қояды: бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін? Бүгінгі сабақта не істейміз? Сабақтың мақсаты қандай?

1-топ тапсырмасы

Сөздік сұрақтар
  1. Мысықтың баласы
  2. Мектеп бақшасында өсетін көкөніс түрі
  3. Баскетбол, волейбол ойнауға арналған құрал
  4. Ең төзімді үй жануары
  5. «Арыстан» сөзінің орысша аудармасы
  6. Жіңішкелік белгісі

2-топ тапсырмасы

Сөздік сұрақтар
  1. Қу жануар
  2. «Кішкентай» сөзінің антонимі
  3. Теннис ойнауға арналған құрал
  4. Ешкінің төлі
  5. Ең берік ағаш
  6. «Кемпірқосақ» сөзінің орысша аудармасы
  7. Киім ілуге арналған құрал

IV. Жаңа оқу материалын таныту

Bilimland.kz

Сайтынан бейнематериал көру.

Жұптық жұмыс

  • 1-жұп: Ақпараттық модель
  • 2-жұп: Таңбалық модель

Жедел кері байланыс

Тақырыпты оқу барысында түсінбеген сұрақтар болса, оқушылар қызыл жалаушаны көтереді. Мұғалім көмек көрсетеді.

Постер жұмысы

  • Постерге түсіру: 3 минут
  • Постерді қорғау: 2 минут

V. Білімдерін бекіту

I деңгей

Жұптық жұмыс · 3 минут

1, 2, 3-жаттығуларды орындау.

II деңгей

Топтық жұмыс · 6 минут

Интербелсенді тақтамен жұмыс: «Модельдер түрлері (Kinds of models)» материалын жүктеп, слайдтармен жұмыс жасау.