Қымбатты оқушылар

Мақсаты

Оқушылардың Әліппеден алған білімдерін тиянақтау, мұғалімдер мен ата-аналарға өз өнерлерін көрсету.

Көрнекіліктер

  • «Қош бол, Әліппе!» тақырыбы жазылған безендіру.
  • Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
  • Шарлар, гүлдер, буклеттер.
  • «Мақта қыз бен мысық» ертегісінен көрініске қажетті бетперделер.
  • Техникалық құралдар.

Мұғалімнің құттықтау сөзі

Құрметті ұстаздар! Аяулы да ардақты ата-аналар! Қымбатты оқушылар!

Бүгін біз барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі — Әліппені аяқтап отырмыз. Бүгін біз үшін қуаныш ерекше: алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан жақын досымыз — Әліппемен қоштасамыз.

Ендеше осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ән мен би, өлең мен жұмбақ арқылы өнерімізді ортаға салайық. Біліміміздің артқанын, сөз байлығымыздың молайғанын, санамыздың өскенін дәлелдейік.

Бұл той балаларыңыздың тұсаукесер тойы іспеттес: бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асқан мереке.

Тойларыңыз тойға ұлассын! Балаларыңыз атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын!

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! 1-сынып оқушыларының «Қош бол, Әліппе!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

2-жүргізуші

Балалардың тұңғыш рет қолына ұстап, бетін ашқан оқулығы — Әліппе.

1-жүргізуші

Бұл кітап — бүкіл әлемге ашылар алғашқы есік, білімге бастайтын алғашқы соқпақ.

2-жүргізуші

Сүйікті Әліппенің арқасында біз сауатты оқушы атандық. Ендеше Әліппемен қоштасу мерекесіне қатысушы балаларды ортаға шақырайық.

Ескерту

Музыка ойналады. Балалар залға кіріп, өздерін таныстырады.

Оқушылардың таныстыруы

Дінмұхамбет

Дарасы болар даланың, Дінмұхамбет деген баламын!

Аружан

Сөйлеген сөзім тым тәтті, Аружан деген қыздарың сіздерге арнап тіл қатты.

Досбол

Досболмын оқулықпен достасқан, Әліппемен қоштасқан.

Жанарыс

Жанарыс деген баламын, Есепті мен шығарамын.

Айсұлу

Ай менен күні анамның, Ақылдысы атамның — мен Айсұлу боламын.

Нұрдаулет

Бүгін үлкен салтанат, Менің атым — Нұрдаулет.

Диана

Жұмсағанда баратын, Айтқан тілді алатын — мен боламын Диана.

Данияр

Жақсылықты жақтайтын, Бәрін біліп жаттайтын — Данияр жігіт мен болам.

Аруна

Аруна қызбын кең маңдай, Әдемімін мен қандай.

Арсен

Менің атым — Арсен, Әдемімін көрсең.

Әсем

Бармағынан бал тамған, Балдай тәтті мен — Әсем.

Ерасыл

Көп оқитын, көп тоқитын, Менің атым — Ерасыл.

Ақерке

Би билеймін айнала, Менің атым — Ақерке.

Айжұлдыз

Сыныптың ең сұлуы — Айжұлдыз келді ортаңа.

Асқар

Асқар келді мінекей, Жымиып әркез жүзім, Ақылдымын сондай өзім.

Асылмұрат

Асылмұратпын дара бала, Тұрамын ылғи даралана.

Нұрсұлтан

Нұрсұлтан деген баламын, Өскенде президент боламын.

Жанат

Апайыма қолғанат, Менің атым — Жанат.

Барлығы хормен

Армысыздар, ата-ана,
Армысыздар, ұстаздар!
Болашаққа жол бастар,
Балаларың келді ортаңа.