Өлім арлы азаматқа

9 мамыр — Жеңіс күні

Бұл тәрбие сағаты «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» қағидасын басшылыққа алып, жас ұрпақты тарихымызды терең тануға баулуға арналған. Мақсат — оқушылардың Отан тарихына сүйіспеншілігін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлігіне тағзым ету, халқымыздың тарихын құрметтеуге тәрбиелеу және әлем халықтары арасындағы достықты нығайту.

Тәрбие сағатының басталуы

Шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталады.

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар! ХХ ғасырдағы ең қанды қасіреттердің бірі — соғыс. Себебі оған әлем халықтарының шамамен 80 пайызы қатысты. Майдан қақтығыстарына 61 мемлекет тартылып, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 100 миллионнан астам адам қолына қару алды. Олардың қатарында көпұлтты Кеңес Одағы атты алып мемлекет те болды.

2-жүргізуші

Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің рухына, жадымызда мәңгі сақталған жауынгерлер мен офицерлерге, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге және бүгін арамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналады.

Оқушылардың өлең жолдары

1-оқушы (Фарида)

Жүргенімде қуанышпен қамданып,
Керек-жарақ заттарымды қолға алып.
Қырық бірдің жиырма екінші маусымында
Батыстан дауыл соқты долданып.

2-оқушы (Ләззат)

Таң алдында сағат бесті соққанда,
Жынды неміс сылтау тапты жоқтан да.
Тұтқиылдан тыныш жатқан самарқау,
Шекараға келіп салды ойранды.

3-оқушы (Айзере)

Осы хабар уақытында алынды,
Соғысқа деп дабыл қағылды.
Қуанышты жас жүректі суытып,
Баса қалды лапылдаған жалынды.

4-оқушы (Айшат)

Қатық құйып ішкен күнім зереңге,
Елім, сені енді қайтып көрем бе?!
Қайғыменен, жетімдікпен өсіп ем,
Қызықты күн енді көрмей өлем бе?!

Отаныма берген бірақ антым бар,
Дедім сізге: «Ал, соғысқа тартыңдар!»
Ұлы Отанды қорғаңдар аянбай,
Арттарында сенім артқан халқың бар!

5-оқушы (Аяна)

Тоқта, достар, тез мін атқа,
Қатерлі сын келді шақта.
Батыстан зіл қара бұлт
Төнді айналып Кавказ қартқа.

Қай жан шыдар бұл мазаққа,
Өлім арлы азаматқа.

Тарихи деректер мен естелік

Қазақстанның майданға қосқан үлесі

Соғыс жылдары «Отан Ана шақырады!» ұранымен бүкіл кеңес халқы майданға көтерілді. Қазақстаннан 1 366 000 адам майданға аттанды. Соғыс қарсаңында республикада 6,2 миллион халық тұрған. Еңбек армиясына 700 000 адам жіберілді. Нәтижесінде әскери комиссариаттар арқылы шамамен 1,9 миллион адам сапқа тұрды.

316-атқыштар дивизиясы

Отан Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға шығарып салды. Қазақстанда құрылған 316-атқыштар дивизиясының қолбасшысы генерал-майор В. Панфилов болды.

Мектеп туралы дерек

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Сарман ауылы — Сарман бастауыш жалпы білім беретін мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі: Таубаева Элеонора Мирамғалиқызы.

Толық нұсқасын жүктеу.