Алақаны мейірімді ананың, Ұстазыңның жаққын жүзі - жайдары
Тәрбие сағатының тақырыбы
Тіл мерейі, ел мерейі
Мақсаты
Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін терең түсінуге шақыру. Халқына, тіліне деген махаббатын арттыру.
Көрнекілік
«Ана тілін білмейтін адам мәдениетті адам санатына қосылмайды». М. Әуезов
Негізгі ой
Тіл — ұлттың белгісі, халықтың мұрасы, дүниетаным құралы. Халықтың тарихта қалуы — тіліне байланысты.
Кештің ашылуы
І жүргізуші: Қайырлы күн, ұстаздар мен қонақтар! Сіздерге арнап «Ана тілім — ардағым» атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік тіл — Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл деп жарияланған. Тіл мерекесіне орай бүгінгі «Ана тілім — ардағым» атты кешімізге қош келдіңіздер.
Тіл — халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті мен болмысы. Қазақ тілі — дүние жүзіндегі ең бай, беделді тілдердің бірі.
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас…» — деп ұлы Абай осы қасиетті тілімізге таңырқап, тағзым еткен.
Оқушылардың жыр-шумақтары
Тілдің тағдыры — елдің тағдыры. Төмендегі өлең жолдары ана тілінің құдіретін, тарихтың салмағын және рухтың беріктігін айқын сездіреді.
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр — бүгін қорқақ, бұғады.
Ерлікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті, күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай — алып, ана естен кетті,
Батыр, хандар — асқан жандар ұмытылды.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін — не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұры жұлдыз, бабам тілі — сен қалдың.
Ана тілі — біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безінген ұл деп қараңыз.
Ана тілі — бар білімнің қайнары,
Аталардың өсиеті — пайдалы.
Алақаны мейірімді ананың,
Ұстазымның жарқын жүзі — жайдары.
Ана тілім — тайталмайтын әліппем,
Болғаным жоқ әріптерін танып кем.
Өз тілімді жақсы көру арқылы,
Достасамын басқа барлық халықпен.
Жүргізушілер сөзі
І жүргізуші: Халық өз тілін ең ардақтысы деп санайды, оны ерекше сүйеді. Қырғыз ақыны Сарноғайовтың айтуынша, ана тілін сүймеген адам халқын да шын сүйе алмайды.
ІІ жүргізуші: «Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емеспін, Есенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өлеңі — құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген…» — деп, бүгінгі кеште ана тіліміздің әуезін әнмен өрнектейміз.
Ән: «Ананың үні» (хормен)
Тіл туралы дерек және тағылым
Құқықтық негіз
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» алғашқы заңы 1989 жылғы 22 қыркүйекте қабылданды. Бүгінде елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдері қазақ тілін оқып-үйреніп келеді.
Тілтанымдық дерек
Қазақ тілі түркі тектес тілдерге жатады. Оның ішінде қыпшақ тобындағы тілдердің бірі.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың-мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар,
Туған тілім — жүрек үнім, наныңдар.
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын,
Сол тіліммен әдепті мен жаттадым.
Ең бірінші сол тілімнен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
Қымбат маған ана тілім — бал тілім,
Қымбат маған дана тілім — ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілі — ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Өнер бөлімдері
Тілдің көркемдігі — ән мен күйде, би мен өлеңде айқын сезіледі. Кеш бағдарламасында ұлттық өнерге ерекше орын беріледі.
Би
І жүргізуші: «Сая болып жаныңа емен, терек, жетер енді жатқаның көлеңкелеп. Өгейсінбей өзі боп қалу үшін, өнер керек ұрпаққа, өлең керек…»
Көрсетілім: «Наурыз биі»
Сен болмасаң, о туған тіл, күнім не?
Мен жетпейтін маржан жатыр түбінде.
Аспан, жұлдыз, жетім ай да телміріп,
Тіл қатады маған ана тілімде.
Жігіт бірде кедейленер, байыр да,
Ақ атымды, қанатымды қайырма.
Айырылсам да талай бір, о, тағдырым,
Тек тілімнен айырма.
Күй
І жүргізуші: «Домбырам, жүрегіммен үндес едің, сенімен сырласымдай тілдесемін. Бабамнан қалған мұра сен болмасаң, өнерің не екенін білмес едім…»
Күй: «Кеңес»
Би (қосымша)
І жүргізуші: «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы, сонда да солардың бар таңдамасы. Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын қазақтың келістірер қай баласы…»
Көрсетілім: Үнді биі
Түйін сөз
І жүргізуші: Тілім менің! Тілім үшін мың өліп, тірілді елім. Адалыммен, арыммен қатар қойып, тілді қорғау — парызым бүгін менің.
ІІ жүргізуші: Әкең — қазақ, шешең — қазақ, қарағым, сен де ұлысың мынау дархан даланың. Әр халықта ұлттық намыс деген бар — оны биік қасиет деп санағын.
І–ІІ жүргізуші (бірге): Отан, Ана, Ана тіл — үш анық. Осыларсыз болашақта күнің жоқ.
Ән: (қорытынды бөлім)
Қорытынды
Тіл — қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры. Кеш соңында «Тіл мерейі, ел мерейі» тақырыбындағы қабырға газеттері ұсынылып, ақын-жазушылардың тіл туралы айтқан ой-пікірлері ілінеді.
Мәлімет
- Өңір: Қызылорда облысы
- Елді мекен: Төретам кенті
- Мектеп: №80 мектеп-гимназия
- Сынып жетекшісі: Әбдімәлікова Ш.