Жаңа сабақты меңгерту кезеңі
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Ондық жүйе және амалдардың қасиеттері туралы білімге сүйену
- Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту
- Жазбаша есептеу алгоритмімен танысу
- Ұзындық және уақыт өлшемдері арасындағы қатынасты бекіту
Дамытушылық
- Логикалық ойлау мен математикалық тілді дамыту
- Есепті шығару, түрлендіру және өрнектің мәнін табу
- Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру
Тәрбиелік
- Білімділікке және адамгершілікке тәрбиелеу
- Жолдастық қарым-қатынасты нығайту
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу және оқушыларды түгендеу
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Апайларды көргенде,
Достарымды көргенде,
Қуана-қуана амандасамыз:
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Сәлеметсіз бе, апай!
Сәлем, сәлем, сәлем!
Сабаққа әзірлікті тексеру
Оқу құралдарын дайындау, жұмыс орнының тәртібін реттеу.
Күтілетін нәтиже
Оқушы сабақ мақсатын түсінеді және белсенді жұмысқа дайын болады.
II. Мақсат қою кезеңі
Оқушыларға сабақтың тақырыбы және үш дидактикалық мақсат хабарланады. Оқушылар белсенді меңгеруге бағытталады.
III. Білімді белсенді меңгеруге дайындау
Ауызша есептеу
1) Ойын: «Чипполиноға көмектес!»
Берілген екі таңбалы сандардың құрамын жазып, кейіпкерге «үйшік» құрастырады.
2) Математикалық диктант
- 8 бен 7 сандарының көбейтіндісін тап. 8×7=56
- 2 мен 8 сандарының көбейтіндісін тап. 2×8=16
- 23 санын 6-ға арттыр. 23+6=29
- 18 саны шығу үшін 9 санын неше есе арттыру керек? 18:9=2
- Қай саннан 5-ті азайтқанда 23 шығады? 28−5=23
- Қай сан 14-тен 7 есе кем? 2
3) Өлшем бірліктерін түрлендір
IV. Жаңа сабақты меңгерту
1-тапсырма: Жазбаша қосу және азайту алгоритмі
Үлгі: қосу
412 + 279 = 691
- Бірліктерді қосамын. Егер ондық шықса, оны есте сақтаймын.
- Ондықтарды қосамын және есте қалған 1 ондықты қосамын.
- Жүздіктерді қосамын.
- Жауапты оқып, жазамын.
Үлгі: азайту
691 − 279
- Бірліктерді азайтамын. Егер азайтылатын сан үлкен болса, ондықтан «қарыз аламын».
- Ондықтарды азайтамын (қарыз алған ондықты ескеремін).
- Жүздіктерді азайтамын.
- Жауапты оқып, жазамын.
Жаттығулар
2-тапсырма: Есептер шығару
Есеп 1 (бағбан)
- Барлығы
- 354
- 1-күні
- 117
- 2-күні
- 97
- Қалды
- ?
Шешуі
354 − (117 + 97) = 140
Жауабы: 140 түп қалды.
Есеп 2 (лагерь)
- Барлығы
- 264
- Ұл
- 138
- Қыз
- ?
- Айырмасы
- ?
Шешуі
264 − 138 = 126 (қыз)
138 − 126 = 12 (ұл артық)
Жауабы: 126 қыз, 12 ұл артық.
V. Түсінгендерін тексеру
3-тапсырма: Топтық жұмыс
Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топ берілген есепті шығарып, жауабын дәлелдейді.
Қызыл топ
Бір креслоның 4 аяғы бар. 5 креслоның неше аяғы бар?
4×5=20
Жасыл топ
Сәкенде 8 марка бар, ал Мағжанда 3 есе артық. Мағжанда неше марка бар?
8×3=24
Сары топ
Қарағайдың қылқаны 2 жыл, ал шыршаныкі 6 есе ұзақ өседі. Шыршаның қылқаны неше жыл өседі?
2×6=12
Көк топ
6 шақпақ қант 3 стақанға тең бөлінді. Әр стақанға неше шақпақ қанттан салынды?
6:3=2
Күлгін топ
Серік 27 ақ көгершін және 9 сұр көгершін өсірді. Ақ көгершіндер сұр көгершіндерден неше есе артық?
27:9=3
4-тапсырма: Өрнектердің мәнін тап
VI. Бекіту кезеңі
5-тапсырма: Өлшем бірліктерін түрлендір
6-тапсырма: Есепте
VII. Сабақты қорыту
Қорытынды сұрақ: «Біз бүгін не білдік?» Оқушылар жазбаша қосу мен азайтудың алгоритмін талқылап, қадамдарды ретімен атау арқылы қорытынды жасайды.
VIII. Үй тапсырмасы
7-тапсырма
Оқулықтан 7-тапсырманы орындау.
Бағалау
Оқушының білімі мен белсенділігі бағаланады.
Ескерту: Толық нұсқасын жүктеу (қажет болған жағдайда).