Шешуін жазу
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға сан есім туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстарын орындату және талдау жасауға үйрету.
- Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
- Пәнге қызығушылығын дамыту.
Көрнекілігі
Суреттер, интерактив тақта, билеттер.
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, сатылай талдау.
Бағалау тәсілі
Белсенді жауап үшін берілетін «тақия» суреттері арқылы жинақтап бағалау.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі сабақты өзгеше форматта өткіземіз: мультфильм көреміз. Мультфильмді көру үшін «билет» аламыз, ал билетті сатып алу үшін заттың санын білдіретін сөздерді айтып, сол сөздерге сұрақ қоямыз. Тақтаға назар аударайық.
Мультфильм: «Алдар көсе — Он тақия»
Мультфильмнің мазмұнын талдаймыз: оқиға не туралы? Тақия туралы болғандықтан, жауап берген оқушыларға тақия суреті бар белгілер беріледі. Сабақ соңында жиналған тақия саны бойынша бағаланады.
Алдар көсе байға тақия тігіп беру үшін алдымен «Мені таны» тапсырмасын орындап, үй тапсырмасын талдаймыз.
«Мені таны»: сурет бойынша жұмыс
Балқарағай
Неше жыл өмір сүреді? 400–500
Тасбақа
Неше жыл өмір сүреді? 100
Көк кит
Ұзындығы неше метр, салмағы қанша? 30 м 160 т
Тапсырма: сөйлемдердегі сан есімдерді табу, сұрақ қою, түрін атау.
Мультфильмнің жалғасы және дәптермен жұмыс
Екі тақия тігуге көмектесу үшін бүгінгі күннің жадын және сабақ тақырыбын жазамыз.
Билетпен жұмыс (1-жаттығу)
Сатып алған билеттердің артындағы сөздерді оқып, талдаймыз. Егер сөз сан есім болса, тақтаға жазып, сұрақ қойып дәлелдейміз. Әр сөздің мағынасын да түсіндіреміз.
Физминутка
Тақтаға қарап, қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындаймыз.
Шығармашылық диктант (4-жаттығу)
Диктантты жазамыз: керекті сөздерді тақтадан таңдап алып, сөйлемдерді толықтырамыз.
Әлемнің 7 кереметінің бірі — Мысырдағы пирамида.
Ит 7 қазынаның бірі болып саналады.
Ғарышқа екі қазақ ғарышкері ұшты.
Бір минутта 60 секунд бар.
Он бес пен он бестің қосындысы 30 болады.
Домбыраның 2 ішегі, 19 пернесі болады.
Еліміз 9 мамырда Жеңіс күнін тойлайды.
Сатылай талдау: математикалық талдау
Оқушылар кезекпен шығып, берілген бір сөзге математикалық талдау жасайды.
Мультфильм және ребус
«Он тақия» тігуге көмектесу үшін ребус шешеміз.
Ребус жауабы
Жетісу
Жетісу туралы мәтін оқып, соның негізінде қысқа мәтін құрастырамыз және сан есімдерді табамыз.
Көркем жазу (3-жаттығу)
Жұмбақты көшіріп жазамыз, шешуін табып, жауапты жазамыз. Ең көркем жазған оқушылар марапатталады.
Қорытынды және шығармашылық жұмыс
Мультфильм аяқталғаннан кейін соңғы сөйлемдерді шапшаң оқып, талдау жасаймыз.
Үй тапсырмасы (2-жаттығу)
«Нешеу?» сұрағына жауап беретін сан есімдерді ойлап, сөйлем құрап жазу.
Бағалау
Сабақ барысында жиналған тақия белгілері бойынша қорытынды баға қойылады.